Сидерофильдік элементтер – d- және f- электрондық қабаттары тола бастаған элементтер. Оларға: C, P,Fe, Co, Ni, Ge, Mo, Ru, Rh, Pb, Sn, Ta, Re, Os, Ir, Pt, Auжатады. Олар мышьяк пен темірмен (PtAs2, FeAs2, NiAs2,FeS, NiS, MoS2және т.б.) және фосформен, көміртекпен, азотпен жақындасуға қабілетті. Сидерофильді элементтердің басым бөлігі табиғи түрде кездеседі.
Атмофильдік элементтер – атмосферлық элементтер. Олардың басым көпшілігінің атомдарының сыртқы электрондық қабаттары толған (инертті газдар). Атмофильдік элементтерге: H, C, N, O, Cl, Br, He, Ne, Ar,Kr, Xe, Rn жатады. Атмофильдік элементтердің иондану потенциалы жоғары болғандықтан басқа элементтермен реакцияға қиын түседі. Сутегіден басқа атмофильді элементтер табиғатта элементтік күйде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |