Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет28/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Танымдық оқылым-тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т.б. материалды оқып-түсінуі. Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат бірде болса, бірде болмауы мүмкін. Мұндай оқылым белгілі бір информацияны зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
Танымдық оқылымда шығарманың, мәтіннің барлық мазмұны тұтас есте қалмайды, соның ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады. Әдіскерлердің айтуы бойынша, мұндай жағдайда мәтін мазмұнының 70  есте сақталып, негізгі айтылар дәйекті ой соның құрамына енуі тиіс. Танымдық оқылым кезінде оқушы бір минутта 90-105 сөз оқып шығуы керек.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту.- Алматы 2006.

  1. Бейсенбекова Г. Оқылым процесі. Теориясы мен әдістемесі.- Алматы 2003.-105.

Интернет көздері:

  1. Kollegi.kz

  2. http://collegy.ucoz.ru

  3. www.kitaphana.kz

  4. www.kaznpu.kz

  5. www.nachalka.Seminfo.ru

  6. http://nachalka.semonfo.ru



11- тақырып. Жазылым әрекетін қалыптастырудың әдістемесі
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні (қысқаша):
Жазылым – тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.
"Жазылым" термині "жазу" (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі) деген мағынаны емес "жаза білу", "ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатга жеткізе білу" дегенді білдіреді.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалык, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалык, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстіңде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді. Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен құралуы тиіс. Олар: Себеп-салдарлық. Аналитико-синтетикалық. Орындалымдық. Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады. Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалык таңбалар арқылы жазбаша мәтін /текст/ пайда болып, жазу орындалады. Біздің пікірімізше, тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көпсалалы болады:
1. Қажеттіліктен пайда болатын себеп.

  1. Себептің ойда, санада бейнеленуі.

  2. Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.

  3. Сөздің графикалык әріптермен таңбалануы.

  4. Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген

хабарды білдіруі.
Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі – жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті ұштау.
Жазылымның әдістемелік ерекшелігі – графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу, оқыту. Жазылымды тез әрі сауатты үйретудің ұтымды тәсілдерін пайдалану.
Жазылымның физиологиялық ерекшелігі – жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрыс игеруді үйрету.
Жазуды үйретудің алғышарттары:
Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға үйрету, яғни каллиграфияны жете меңгеру, әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында алатын орны және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет