Дәріс 9. Білім саласындағы психологиялық-педагогикалық сараптама
Жоспар
1. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық сараптама қызметі
2. Психологиялық сараптама қызметінің міндеттері
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы http://almaobledu-gov.kz/npa/cat-1/13/
2.Белова С.В. Гуманитарная экспертиза как форма профессиональной рефлексии педагога //Вестник Калмыцкого университета 2012 г. №1(13)
1. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық сараптама қызметі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағида шеңберінде жүзеге асырылады.
Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
3) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрі - психодиагностикалау), психологиялық тренингтерді, аталған білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен дамыту және түзету жұмыстарын;
4) білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
5) психодиагностикалық әдістемелердің дерекқоры мен тізбесін;
6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын; топтық психологиялық портреттерін;
7) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын;
8) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
9) Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды.
Психологиялық қызметтің жұмыс қорытындысы жергілікті білім органдары бекіткен білім беру ұйымдарының есептік құжаттамаларында қамтылады.
2. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
7) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
3 Психодиагностикалық бағыттар:
1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
15. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |