Дәріс Сарашылық қызметтің мәні, іс-әрекет бағыттары


Дәріс 3. Педагогикалық мораль оның сарапшы қызметінде көрініс табуы



бет3/21
Дата24.04.2020
өлшемі93,94 Kb.
#64588
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ДӘРІС тезистері Сарапшы мәдениеті

Дәріс 3. Педагогикалық мораль оның сарапшы қызметінде көрініс табуы.

Жоспар


1 Сарапшының мәдениет кодексі

2 Кәсіби-педагогикалық мәдениет

3. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненті

Ұсынылатын әдебиеттер

Источник: https://edu.mcfr.kz/article/2056-qqq-11-m6-07-06-2011-malmn-etikaly-kodeks Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" № 6–2011 журналы


1.Сарапшының мәдениет кодексі .Білім беру жұмыстары мазмұнының жаңаруы, оқытып-үйрету ісіне деген көзқарастың өзгеруі және білім беру жүйесінде жаңа үлгіге көшу Мұғалімнің этикалық кодексін жасауды және қабылдауды талап етіп отыр. Бұл уақыт алға қойған көкейкесті мәселе. Ол педагог қызметкер статусын көтерер жаңа бір кезең басталғанын да білдіреді. Заманауи білім беру жүйесі енді мұғалімнен өз пәнімен ғана шектелмей, педагогика процесінде кімнің қандай рөл атқаруға тиісті екенін жақсы білуді, балалардың қызметін, яғни оқып-үйрену бағытындағы тіршілік-әрекетін ұйымдастыра алуды, оның нәтижелерін алдынала аңғарып, ықтимал қателіктерден сақтандыруды, шәкірттердің тұлғалық дамуына қатысты проблемаларды шешуін талап етеді. Мұғалімнің этикалық кодексі ол қандай болуы керек және оның қоғамда орыны қандай деген сұраққа нақты жауап беруі тиіс. Бұл маңызды құжатты әзірлеуде басты нормативтік актілер ескерілуі шарт. Атап айтқанда: ҚР Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңы; Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы; Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы. Кодекске қойылатын талаптар қандай? Бұл күнделікті қолданыста жүретін құжат болуы тиіс. Ол кәсіпке жат мінез-құлық проблемаларымен күресте, олардың алдын алуда басшылыққа алынып отыруы шарт. Оны әзірлеу – ұжымдық міндет. Бұл құжатқа енетін маңызды принциптер мен кәсіби міндеттерді белгілеу мақсатында әуелі әріптестер пікірін білу, қоғамдық сауалнамалар жүргізу үшін жұмысшы тобын ұйымдастыру қажет. Кодекс педагог қызметінің ішкі реттегіші қызметін атқарады. Ол адамның мұғалімдік қызметі мен қабілет мүмкіндігі арасындағы сәйкестікті анықтап береді.

Педагогикалық қызмет принциптері: адалдық; кәсіби біліктілік; оқыту мен тәрбие беру ісіндегі табыс; тәрбиеленушілер тағдырына жауап беру; балаларға, әріптестерге және ата-аналарға қамқорлықпен және құрметпен қарау; жеке-тұлғалық көзқарас; жоғары рухани-адамгершілік мәдениет; мейірімділік; шынайылық; сабырлылық; ізгілік. Мұғалімнің басты парыздары: Сенімге біліктілік, шынайылық, адалдық, әр оқушыны бар болмысымен қабылдай алу, түсіне білу арқылы қол жеткізіледі. Мұғалім білім беру кеңістігінің барлық деңгейінде өзін кәсіби маман ретінде көрсете білуі керек. Мұғалім оқушылар үшін қызмет етеді, керісінше емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет