Дәріс Сарашылық қызметтің мәні, іс-әрекет бағыттары


Білім беру жүйесіндегі сарапшылардың орны мен рөлі



бет7/21
Дата24.04.2020
өлшемі93,94 Kb.
#64588
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
ДӘРІС тезистері Сарапшы мәдениеті

Білім беру жүйесіндегі сарапшылардың орны мен рөлі

Білім беру жүйесіндегі сарапшының орны мен рөлі зор, əрі келешекте аталмыш саланың дамуына сараптамалық зерттеулер өзіндік әсерін  тигізуі  мүмкін. Сарапшының белгілі бір ұйым жəне жобадағы алатын орны мен рөліне тоқталатын болсақ, сырттан айтылған көзқарасты білдіреді. Олар ақиқаттан қашпай, нақты тенденцияларды, қорытындыны ескеруге тырысады.

Сарапшы арнайы ұстанымын жəне оның қоғамдағы білімнің миссиясын, аймақтың əлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, білім берудің дамуының ішкі жəне сыртқы əлеуметтік-мəдени жағдайларының өзгерісіне ықпалын нақтылайды

Білім беру жүйесіндегі сараптама субъекті мəселесінде субъектілік қатынастардың сызбасы, тапсырыс беруші мен орындаушының өзара іс-əрекетімен шектелмейді. Онда міндетті түрде үшінші жақ – сарапталатын тарап болады. Əдетте, сарапталатын тарап, сараптамалық қызметтің нысаны ретінде қарастырылады. Алайда білім саласында көбіне гуманитарлық сараптама туралы айтылатындықтан, талдаудың нысаны белгілі бір жағдайда оның субъектісіне айналады. Шын мəнісінде, сараптамалық қызметтің субъектілік ұстанымдары физикалық немесе заңды бір тұлғада сəйкестенуі ықтимал. Жоғарыда айтылып кеткендей, көп жағдайда сараптамаға тапсырыс беруші сарапталатын субъектіге айналады жəне сараптаманың атқарушысы болуы мүмкін.

Білім беру саласында сараптамалық қызметтің жүзеге асырылуының басты факторына əкімшіліктің, оқытушылар, оқушылар мен ата-аналардың сараптамалық топ мамандарымен конструктивті ынтымақтастыққа дайын болуы жатады. Бір жағынан, қажетті ақпаратты жинауға жан-жақты ықпал етуге дайын болу. Екінші жағынан, сараптамалық топтың шешімдері  мен нұсқаулықтарына көңіл салып, сеніммен қарауға деген əзірлік.

Сараптамалық қызметтің субъектілерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар сарапшының кəсіби жəне жеке сипаттамасына арналған. Аталмыш қызығушылық, сарапшымамандарға сұраныстың артуымен жəне осындай мамандандырылған кəсібилерді дайындайтыннститутционалды құрылымның олмауымен түсіндіріледі.

Сарапшыға қойылатын талаптардың бірі – олар зерттеу жəне тəжірибелік жұмысты жүргізуде зор тəжірибеге ие болуы қажет. Сараптаманың нысандарын бағалауда қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді, соның ішінде инновациялық жобаларды пайдалану-сарапшылар жұмысының тиімділігін айтарлықтай көтереді. Кəсіби тəсіл, тəуелсіздік, қатаң халықаралық стандарттарға сəйкес келу сараптамалық бағалардың жоғары сапасының кепілі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет