Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары: Бұлшық ет жұмысының энергиякөздері.
Макроэргілі қосылыстар.
АҮФ ресинтезінің жылдамдығын анықтайтынфакторлар.
Креатинкиназдыреакция.
Миокиназдыреакция.
Гликолиз.
Энергия пайда болуының аэробтыжолдары.
Бұлшық ет жұмысы кезіндегі АҮФ ресинтезінің әртүрлі жолдарының қатынасы.
2
11
Тақырыбы:Бұлшық еттер жұмысы кезіндегі организмдегі биохимиялық өзгерістер динамикасы. Шаршаудың биохимиялық негіздері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Бұлшық ет әрекеті кезіндегі ақуыздар мен азот құрамды заттардың алмасуы.
2. Бұлшық еттер жұмысы ішкі мүшелер мен бас миындағы биохимиялықөзгерістер.
3.Шаршау кезіндегі биохимиялықөзгерістер.
4.Дем алу кезіндегі биохимиялықүрдістер.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Бұлшық ет жұмысы кезіндегі ақуыздар мен азот құрамды заттардың алмасуы. Бұлшық ет әрекеті кезінде ақуыздардың жаңаруы азаяды, АҮФ құрамы бұлшық еттерде азайған сайын көбірек азаяды, яғни, максималды және субмаксималды қарқынды жаттығулар кезінде, АҮФ ресинтезі көбінесе анаэробты жолмен және толықтай жүрмегенде, орташа және қалыпты қарқынды жұмыс кезіндегіге қарағанда ақуыздардың жаңаруы неғұрлым көп баялайды. Ақуыздар жаңаруының баяулауы – олардың синтезделу үрдісіне қажетті АҮФ жетіспеушілігінің салдары. Сондықтан қарқынды бұлшық ет әрекеті кезінде ақуыздардың ыдыруы мен синтезінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Ақуыздардың бұлшық еттегі құрамы бірнеше есеге азаяды, ал полипептидтердің және ақуыз табиғатынан жаралмаған азот құрамды заттардың құрамы көбейеді. Осы заттардың бір бөлігі және кейбір төмен молекулалы ақуыздар бұлшық еттен қанға түседі. Бұл кезде ақуыздар зәрде де пайда болуы мүмкін. Бұл өзгерістер үлкен қарқынды күш жаттығулары кезінде ерекше маңызды. Қарқынды бұлшық ет әрекеті кезінде аммияктың пайда болуы да күшейеді – оның бұлшық ет пен қандағы құрамы өседі. Пайда болған аммиякты жою үшін АҮФ-тің қатысын қажет етеді, сондықтан (оның құрамының азаюының салдарынан) қарқынды бұлшық ет әрекеті кезінде қиындықтар туады. Орташа және қалыпты қарқынды бұлшық ет әрекеті кезінде, АҮФ ресинтезі тыныс алу фосфорлану арқылы жүретін кезде, аммияктың жойылуы айтарлықтай күшейеді. Оның қандағы және ткандегі құрамы төмендейді. Максималды және субмаксималды қарқынды бұлшық ет әрекеті кезінде АҮФ жетіспеушілігі салдарынан басқа бірқатар биологиялық синтездер де қиындыққа шалдығады. Нәтижесінде тыныс алу мен фосфорланудың бірқатар жалпылануы байқалады, жүйке қозуының бұлшық етке берілуі бұзылады.
Бұлшық ет әрекеті жүрекжұмысының күшеюіне және миокардтағы зат алмасу қарқындылығының ұлғаюына әкеледі. АҮФ ресинтезі көбінесе тыныс алу фосфорлану жолымен іске асырылады. Жүректегі гликоген бұлшық ет әрекеті кезінде пайдаланылмайды. Оның мөлшері өте ұзақ, көп сағатты, қарқынды жұмыс кезінде ғана азая бастайды.
Бұлшық ет әрекеті кезінде бауырда гликогеннің ыдырауы күшейе түседі, ол қанға түсетін қанттың пайда болуына (көмірсулардың мобилизациясы) әкеп соғады. Қысқа мерзімді максималды қарқынды жұмыс кезінде бұл үрдіс онша байқалмайды, бірақ ұзақ жұмыс кезінде бауырдағы гликогеннің құрамы өте қатты түсуі мүмкін. Осының нәтижесінде фосфорлану реакциясы мен қанттың қанға түсуі азаяды, ал оның қандағы құрамы төмендейді. Жұмыс атқарушы бұлшық ет, жүрек және бас миының қантпен қамтамасыз етілуі сәтте нашарлайды.
Бұл жағдайлар спортшыны үлкен қашықтықтарда ұзақ жүктемелер (марафондық жүгіру, шаңғы тебу жарыстары, шосседегі веложарыстар және т.б.) кезінде қант пен глюкозаны қабылдауға тартатын себептердің бірі болады. Бауырда бұлшық ет кезінде қанмен тасымалданатын майлардың ыдырауы, фосфолипидтердің синтезі мен майлы қышқылдардың кетондық денелерге дейін қышқылдануы күшейеді. Фосфатидтер, майлы қышқылдардың бір бөлігі мен кетондық денелер қанға түседі және ол жерден қаңқа бұлшық еті мен жүрек бұлшық етіне түседі.
Ұзақ бұлшық ет жұмысы кезінде (марафондық жүгіру, шосседегі веложарыстар) бауырда мочевинаның пайда болуы ұлғаяды, ол сосын ағзадан зәрмен және термен шығарылады. Ағзаның азоттық шығыны (басты түрде мочевина түрінде) тыныштық кезіндегі шығындармен салыстырғанда екі есе көп болады.
Жүйке жүйесінде де айтарлықтай биохимиялық өзгерістер байқалады. Қозғалу белсенділігіне байланысты жүйке жасушаларының қозуы биохимиялық үрдістердің бір қатарымен, сондай-ақ ең алдымен АҮФ ыдырауымен және аммияк пайда болуының күшеюімен қатар жүреді. Жүйке клеткаларындағыАҮФ ресинтезі көбінесе тыныс алу фосфорлануымен іске асады. Осыған байланысты бұлшық ет әрекеті кезінде бас миының қаннан оттек пен глюкозаны қабылдауы тез өседі.
Шаршау – спортшы организмінде ұзақ және қарқынды әрекетінің салдарынан пайда болатын және уақытша жұмыс қабілеттілігінің әлсіреуімен сипатталатын ағзаның жағдайы. Субъективті ол жергілікті шаршау (қандай да бір бұлшық ет тобы «шаршады») немесе жалпы шаршау сезімі ретінде қабылданады. Алайда шаршаудың тікелей себептері бұлшық еттердің жағдайына қарағанда, орталық жүйке жүйесіне көбірек байланысты. Қозғалу импульстерін жеткізумен және жұмыс атқарушы бұлшық еттерден түсетін афферентті сигналдарды қайта өңдеумен байланысты болатын айтарлықтай және ұзақ қозудың салдарынан жүйке жасушаларында АҮФ ыдырауы оның ресинтезіне қарағанда көбірек болады және энергияға бай фосфорлы қосылыстардың тепе-теңдігібұзылады.
Шаршау ағзаның қорғаушы реакциясы болып табылады, ол жұмысы тоқтамағанда өмірге қауіпті салдарға алып келетін жағымсыз биохимиялық ығысулардан сақтайды. Шаршауға алып келетін биохимиялық және физиологиялық өзгерулердің тереңдігі мен сипаты көптеген факторларға байланысты, оның ішінде атқарылатын жұмыстың қуаты мен ұзақтылығы және сипаты маңызды рөл атқарады. Шаршаудың бірнеше түрлері болады: 1)анализаторлардың әрекетімен байланысты сенсорлышаршау; 2)ақыл-ой шаршауы; 3)бұлшық ет жұмысын атқарумен байланысты физикалық шаршау.
Кейбір бұлшық еттер тобы қатысатын жұмыс кезінде және бұлшық ет топтарының бәрі қатысатын (глобальді) жұмыс кезінде физикалық шаршау әртүрлі болады. Бірінші жағдайда шаршау жергілікті сипатты болады, ал екіншісінде ол тұтас барлық ағзада болады. Әртүрлі қуатты және ұзақтылықты жаттығуларда да қажу механизмдерін айырады.
Спорттық әрекет түрі – глобальді сипатты қарқынды бұлшық ет әрекеті кезінде қажу ағзадағы биохимиялық өзгерістермен анықталады. Жоғары қарқынды қысқа мерзімді жаттығуларда қажудың пайда болуы қозғалу импульстерін қалыптастыру бойынша және перифериядан (проприо- және хеморецепторлардан) түсетін импульстерді қайтаөндеу бойынша қарқынды әрекет етуші ОЖЖ-де болатын өзгерістермен байланысты. ОЖЖ-гі өзгерістер ең алдымен АТФ ыдырауы мен ресинтезі үрдістерінің келіспегендімен байланысты.
Демалу кезеңіндегі биохимиялық үрдістер. Жұмыстан кейін ағзада болатын қайта қалыптасу үрдістері жұмыс кезінде жиналған ыдырау өнімдерін жою мен шығындалған заттарлы толтырумен сипатталады. Ең алдымен КрФ қорлары қалыптастырылады, содан кейін тіршілікке маңызды мүшелердегі гликоген құрамы: бас миында, жүректе, сосын қаңқа бұлшық еттерінде және бауырда. Липидтер мен ақуыздардың қорлары ұзағырақ қалыптастырылады. Жұмыс кезінде шығындалған заттардың қорын қалыптастыру жұмыс алды бастапқы деңгейді көтерумен іске асырылады (суперкомпенсацияның әмбебап заңы – жоғары қалыптастыру). Бұл феноменнің биологиялық мәні өте зор. Суперкомпенсацияға әкелетін қайта жүктемелер ағзаның жұмыс мүмкіншіліктерінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Жүйелі жаттығулардың басты эффектісі осында. Жаттығу әрекетінің әсерімен спортшы қайта қалыптасу кезінде күштірек, жылдамырақ және шыдамдырақ болады, яғни, ең соңында оның биохимиялық және физиологиялық резервтері жетіледі. Суперкомпенсация – уақытша құбылыс, жұмыстан кейін толық қалыптасқаннан кейін ол жоғалады. Суперкомпенсацияның пайда болу себебі жұмыс кезінде пайда болатын және ферменттердің, әсіресе, аэробты алмасудың ферменттерінің белсенділігін стимулдаушы гормондардың күшейтілген бөлінуінен болады.