Дәріс 2.
Тақырыбы: Конфликт себептері және конфликт типтері. Конфликт динамикасы. Конфликт функциялары.
Жоспары:
1.Конфликт себептері және конфликт типтері.
2.Конфликт динамикасы.
3.Конфликт функциялары.
Қазіргі психологияда конфликтіні талдай отырып оның 4 категориясын көрсетеді. Конфликтінің құрылымының әр қилы ұғымдары бар. Ол келесілері: конфликтіге немесе дау дамайға қатысушылар, оның өту жағдайы, жағдайдың бейнесі, қатысушылардың мүмкін болар әрекеттері, шиеленістік әрекеттін нәтижесі.
Конфликтініңің әрбір жақтарын қарастыра отырып оның келесі түрлерін анықтаймыз:
• тұлға қайшылығы (шиеленісі), бұл дегеніміз тұлғаның түрткілерінің, тілектерінің, мүдделерінің бір деңгейдегі күресі.
• тұлғааралық қайшылықтар ол, екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы болатын тайталас.
• тұлға-топтық қайшылықтар-тұлғаның мінез-құлқы топтық ережеге сыймағандықтан пайда болады.
• топаралық қайшылықтар- әртүрлі топтардың арасындағы соқтығыстар.
Қандай да болмасын келісімге келмеушілік, кикілжін туғызатын сыртқы ортамен анықталады.
Конфликтінің негізгі өту жағдайы:
• кеңістік-уақыттық. қарама-қайшылықтардың жүзеге асу орны мен мерзім уақыты;
• әлеуметтік-психологиялық: конфликтегі топтағы ахуал және қарым-қатынас деңгейі мен түрі;
• әлеуметтік: әртүрлі топтардың (жыныстық, отбасылық, мамандық, этникалық және ұлттық) мүдделердің қарама-қайшылыққа түсуі.
Дау-дамай (конфликт) – әрқилы мүддеге бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы. Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді. Мұндай байланыстардың субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді:
Тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топтар байланысындағы, топ ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты қатынастар.
Тек өкілдері арасындағы дау-дамайлар мен кіші топтар арасындағы жанжалдар тайталасқа түскен тараптардың әрекет-қылықтарымен көрінетін мүдделер сәйкессіздігінен болады. Ал ірі топтар арасында болатын дау-дамайлар негізі көпшілік көңіл-күйі мен қоғамдық пікірлердің қарама-қарсылығынан туындайды.
Дау-дамайлар әлеуметтік біртекті құрылымдар ішінде – горизонталды және басқарушы мен басқарылушы құрылымдар ара қатынасында – вертикалды – пайда болуы мүмкін. Дегенмен, қай жағдайда да ол өз ара алшақтауға, тайталасқа алып келеді, көбіне – жауласу мен жеккөрушілікке тоғыстырады. Жанжалдар қатынастардың бір саласында пайда болуымен шектелмей, екінші аймақтарына өтіп, жаңа келіспеушіліктер жүйесінің туындауына себепші болады. Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа деген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайы және жалған сипат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолдарына мән берілмейді. Айырым кезеңдерде негізсіз ойдан жасалған қайшылықтардың себебінен жалған, әдейі ұйымдастырылған дау-дамайлар кезігіп жатады. Мұндай тайталас екінші тарап ниетін орынды бағаламай, оның әрекетін шындық тезінен өткізбей түсінуден келіп шығады. Кейде адамдар өздеріне қаратылған ақпарат қателігінің көп мәнділігін ұқпай, оның арасынан өз пайымына сай мәліметті орынсыз бөліп алып, жанжалды қатынастарына арқау етеді.
Дау дамайға қатысушылардың сипат мен оның өтілу жағдайы бір жағынан болса, екінші жағы болып дау дамайлы қылықтардың арасындағы ерекше орта буынға ие болатын қайшылықты жағдайдың бейнесі жатады. соған кіретін элементтер:
• қарама-қайшылықтарға қатысушылардың өздері туралы түсініктері;
• дау дамайға қатысушылардың қарсы жақ туралы түсініктері;
• дау дамай жақтардың конфликт өтетін жағдай және орта туралы түсініктері;
Дау дамай жағдайдың бейнесін не үшін талдау керек десек ? ол екі жағдайға байланысты келеді:
1. Дау дамайлы қылықтарды тікелей анықтайтың шындық емес, бейне болып саналады.
2. Дауға қатысушыларға сырттай әсер ете отырып сол бейнені өзгерту арқасында қайшылықтарды шешетін шың және тиімді құрал болып табылады.
Дау әрекеттерінің жіктеулерінің негізінде келесі көріністер бар:
• әрекет сипаттамасы (шабуыл, қорғаныс, бейтараптық)
• оның орындалуының белсенділік деңгейі (қажырсыз, белсенді, жауапты)
• сол әрекеттердің бағыты (өз-өзіне, үшінші адамға, оппонентке)
Қандай да болмасын дауласу әрекетінің төрт негізгі нәтижесі бар:
1. Танымдық компоненті: Қайшы жақтын әр қайсысының қасиеттерін өзара қабылдау; мағлуматтарды қорытудың интеллектуалдық қабілетін және шешім қабылдауы, әртүрлі даму сатысындағы қайшылықты жағдайға тұлғаның қатысу деңгейі; Қатысушылардың өзін-өзі бақылау деңгейі; адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі және кәсіби дайындығы; өз мүмкіншіліктерін бағалауда объективтілік, өзін-өзі түсінушілік және өзіндік сана жатады.
2. Эмоциялық компоненттер: бұнда қатысушылардың күйзеліс жиынтығы көрсетіледі.
3. Еріктік компоненттер: дауға қатысушылардың мақсаттарына жетуге деген ұмтылыстарында, қарсыласқан жақтардың күрестері нәтижесінде пайда болады және қарама-қайшылықтарды, кедергілерді жеңуге бағытталған жігер-күш жиынтығының көрінісі.
4. Мотивациялық (түрткі) компоненттері: бұл қайшылықтардың негізгі ұяшығын құрайды және дау дамайға қатысушылардың позицияларының келіспеушіліктерінің мәнің сипаттайды.
Бұдан басқа конфликтінің құрылымдарында қандай себептен соқтығыс пайда болуын түсіндіретін шиеленіс пәні кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |