Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет30/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
Білім берудің жаңа парадигмасы– жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған, инттеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми-әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі деген анықтама берілді.
Инновациялық креативті білім беру– қазіргі мектептерде оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық процесс.
Креативтілік– рухани құндылықтарды жасаушы және жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, рефлексия мен субъективтік өзін-өзі бағалау негізінде жаңа нәтижелерге жетуде шығармашылыққа қабілеттілігінен көрінетін сапалық қасиеті.
Шығармашылық іс-әрекет - мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
Білім берудің парадигмалары және нормативтік құжаттары
"Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылады. Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты болғанымен, негізінен оны американың физигі және философы Т.Кунн зерттеген. Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі бесеуі болып табылады. Олар мыналар:
Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма).
Феноменологиялық (гуманистік парадигма).
Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-құлықтық).
Технократиялық.
Эзотериялық парадигма.
Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі мақсат не т.с.с. Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В.А.Пилиповский салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет