Стандарт (ағ. standard – норма, үлгі, өлшем) – кең мағынада өзіне ұқсас
басқа обьектілермен салыстыру үшін қолданылатын бастапқы үлгі, эталон.
Стандарт орындалуға тиісті шартттардан тұратын құжаттың, не шаралардың
(мысалы, ампер, кельвин) бірлігі мен физикалық константалар, не онымен
басқа обьектілер салыстырылатын нәрсе түрінде болады. Стандарт білім беру
саласында өзінің азаматтары алдындағы мемлекеттің міндетін және азаматтың
мемлекет алдындағы міндеттерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: