Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет33/39
Дата07.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156875
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
дәріс тезисі

ХХ ғ. 50-70 жж. Қазақстан.
Дәріс тақырыбы: ХХ ғ. 50-70 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы .
Жоспар:
1.Соғыстан кейінгі жылдардағы Республиканың әлеуметтік экономикалық дамуы.
2. СОКП ХХ сьезі. Қоғамдық-саяси жаңаруы.
3. 50-70 жж. Реформалар олардың аяқталмай қалуының себептері.
4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: оның зардаптары мен қорытындысы.
Мақсаты:
ХХ ғ. 50-70 жж. Республиканың әлеуметтік экономикалық және
қоғамдық саяси дамуын оқып үйрену.
Міндеті:
Республиканың саяси-экономикалық жағдайында жүргізілген реформалардың қарама-қайшылығымен екі жүзділігін ашып көрсету. Солтүстік Қазақстан аймағындағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экономикалық мақсатының мәнін анықтау.
Әдістемелік ұсыныс:
Аталған кезеңде Қазақстанның идеологиялық дамуы сол бұрынғы қалпында қалғанын ерекше атап өту керек. Негізгі қаражат бұл кезде негізінен ауыр өнеркәсіпті дамытуға және қорғаныс қабілетімізді дамытуда әскери өнеркәсіпті жоғарғы қарқынмен дамытуға бөлінгендігін және экономикалық мақсатта көтерілген тың және тыңайған жерлерді игерудің қорытындылаған дұрыс.


Дәріс тезисі:
Ұлы Отан соғысының жеңісінен кейін еліміздің экономикасын бейбітшілік жолда қайта құру қажет болды. Сондай-ақ халық шаруашылығын да қалпына келтіру еді. Елімізде тікелей соғыс болмағанымен де, соғыс халық шаруашылығына үлкен шығын әкелді. Сондықтанда ең негізгі күш өнеркәсіпті нығайту болды: Көмір өндіру, кен өңдеу, түсті маталарды шығару, цемент т.б. өндіру қажет болды. Негізгі күш Теміртау, Ақтөбе фосфор заводына, Өскемен қорғасын комбинаты, Балхаш мыс балқыту заводтарына түсті.
Қазақстан жерінде әскери өнеркәсіпті дамыту ең негізгі мақсат болды. Семей қаласы атом сынақ алаңына, Балхаш ракета сынақ алаңына айналды. Тек 1954-1958 жж. 730 өнеркәсіп іске қосылды. Пайда қазбаларын өндіру үшін барлық күш өнеркәсіптерге түсті. Темір жолдар салынды. Мысалы: Мойынты-шу, Жамбыл-Шолақтау т.б. Р-н Қоғамдық саяси өмірінде жөнсіз саяси қуғын жалғаса берді. Осы кездегі құғын сүргінге түскен «Бекмаханов» ісін айтуға болады. Қазақстанның тұңғыш тарихшысы. ҚазССР Ғылым Академиясының тарих бөлімі бақылауға алынды, сондай ақ, Жазушылар Одағы мен Тіл білімі институтыда асындай жағдайға ұшырады.
Сөйтіп 50 ж. басында Сталиндік (деспот) қуғын сүргін тоқтатылмады соның нәтижесінде экономикада көптеген қиыншылықтар туындады. Білікті мамандар мен білімді мамандар жетіспеді. Тек Е.В.Сталин қаза болған соң ғана елде бірнеше хатшеки болып бірнеше айдан соң Н.С.Хрущев келді.
Жаңа басшылық елдегі экономика мен саяси жағдайларды түзеу үшін бір неше реформалар жүргізуге мәжбүр болды. Олардың бірі 1953 ж. (қыркүйекте) қабылдалған пленум болды. Онда жер мәселесіндегі реформа еді. (Налогтарды қысқарту, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны көтеру, ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайларын көтеру т.б.).
Ал 50 ж. ортасында колхоздарды қайтадан құрып, МТС-дер жойа бастады. Тек 1953-58 жж. Колхоздардың саны 2 еседей ғана қалды, яғни 2966-дан 1566 ғана қысқарды.
Астық дайындауда колхоз шаруашылығы 82,3% тен 35,5% азайды. Сөйтіп 1958 ж. ақпанда МТС-рды тарату жөнінде заң шығарылды. Оларды тарқату жоғарыдан басқраылды. 60 ж. басында совхоздарды дамыту және нығайту экстенсивті түрде дамыды. Сөйтіп кеңестік ауыл шаруашылығы кезекті зағдарыс алдында болды. Сондықтан да 1961-63 жж. көптеген қалалы жерлер мен ауылды жерлерде қайтадан азық-түлік карточкалық жүйе қайтадан енгізілді.
Экономиканы Реформа арқылы басқару кішігірім өнеркәсіпті ауқымды өнеркәсіппен басқару негізіне көшірілді. Республика бойынша 9 – әкімшілік-экономикалық кеңестік шаруашылық құрылды. Бірақта бұл реформа нақтылы нәтиже бермеді. Сол себептенде 1965 ж. кеңестік халық шаруашылығын тарқатылып, оның орнына Республикалық кеңестік министірлік құрылды. Ал қоғамдық-саяси жағдайда үлкен өзгерістер болды, әсіресе партияның ХХ съездінен кейін. Съезд көптеген өзгерістер әкелді. Әсіресе саяси жағдай бойынша, Елдегі жағдай біршама өзгерді. Съезде ең алғаш рет «жеке адамның жеке басына табынушылығы» сыналды. Қоғамды демократияландыру идеясы тұңғыш рет қабылданып қоғамды өзгертуге жол ашты.
КПСС Орталық Комитетінің 1954 ж. ақпан және наурыз пленумы елімізде «тың және тыңайған жерлерді игеру» – арқылы бүкіл елді астықпен қамтамасыз ету үшін шешім қабылдады. Бұл мақсат елде астықтың жетіспеушілігінен туған еді. Іс жүзінде екі бағыт болды. Біріншісі – интенсивті. Бұл бағыт экономиканы рыныктік қатынас арқылы дамыту бірақ бұл әдіс социалистік идеологияға қайшы келді. Екіншіден социалистік идеологияға қайта келді. Жалпы Тың игеру науқаны шаруашылық мәселесін шешуде (валиютаринистік) асығыстық болды. Себебі өте үлкен шығын шығарылды ал оның құны қайтарылмады.
1954 ж. еліміз бойынша (СССР) 134 га жер жыртылса оның ішінде Қазақстан бойынша 6,5 млн. га жер жыртылды.
Еліміздегі мұндай ірі экономикалық Реформаның да әлеуметтік зардаптары болды. Біріншіден елімізде демографиялық өзгерістер байқала бастады.
Тың тыңайған жерлердегі халық саны 60% өзгерді. Мұндай өзгеріс басқа жерлерден халықтарды қоныстандыру арқылы жүргізілген еді (әсіресе РСФСР, Украина, Беларуссия, Кавказия, Прибалтика т.с.с.). Тек 1954-1962 жж. Қазақстанға 2 млн. адам қоныстандырылды. Мұндай қысымшылық ұлттық тілдің өмір сүруіне үлкен қасырет әкелді. Жерге ғылыми зерттеулер жүргізбестен артық жыртудың және оның құнарлығын білместен жыртудың нәтижесінде жер қыртысы эрозияға ұшырады.
Дегеніменде тың тыңайған жерді игеру кезіндегі дұрыс жақтарын да естен шығармау қажет. Себебі тарихымыздағы алатын орны бөлек. Астық өндіру рақылы Республикалар ішінде ерекше орын алдық. 50 ж. ортасында еліміз бойынша экспортқа жоғарғы сортты астық шығарудан дүние жүзілік дәрежеге көтерілдік. Тың игеру нәтижесінде Қазақстанның көптеген қалалары өсіп өндіріс орындары дамыды. Көп ұлтты одаққа айналды. Тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде халыққа жұмыс табылып әлеуметтік жағдайлары көтерілді.
Қазіргі кезде ҚР-сы 93-тен астам мемлекетке астық сатады. Ондай елдер Азербайжан, Турция, Иордания, Франция, Италия т.б. Қазақстан астығына сұраныс күннен-күнге өсуде. Астық өндіру ТМД елдері үшін ең тиімді негізгі факторлардың бірі болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет