Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет3/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Бақылау сұрақтары:

  1. Химиялық кинетика нені оқытады?

  2. Формальды кинетика деген не?

  3. Химиялық реакцияның жылдамдығы, оған әсер етуші факторлар.


1

№ 3 дәріс

Тақырып 3. Коллоидты жүйелердің молекулалы-кинетикалық және реологиялық қасиеттері
Жоспар:

  1. Коллоидты жүйелердің молекулалы-кинетикалық қасиеттері

  2. Дисперсті жүйелердің реологиялық қасиеттері

  3. Үйкеліс күші

Молекулалық–кинетикалық теория молекулалардың өз бетінше қозғалыстарының заңдарын зерттейді. Алғашқы кезде бұл теория газдар үшін жасалынып, кейіннен келе молекулалық иондық ертіндіге де қолданылды. Молекулалық–кинетикалық теорияны коллоидтық жүйелер үшін қолдануға бола ма? – деген сұрақ тууы мүмкін.


Ертінділердің өзбетінше құрамымен емес, кинетикалық бірлік санымен басқаша айтқанда, бірлік көлемдегі молекулалардың санымен байланысты болатын қасиеттерін коллигативтік қасиеттері деп атайды. Осындай қасиеттерге осмостық қысым, диффузия, бу қысымының және температураларының өзгеруі сияқтылар жатады. Молекулалар мен коллоидтық бөлшектердің қозғалысының жалпы бір заңы шықты. Ол заңды  ғасырдың аяғы мен  –ғасырдың басында жасалған тәжірибелік мәліметтер бойынша дәлелденді. Сонымен қысқаша айтқанда коллоидтық жүйенің молекулалық–кинетикалық қасиеттерін зерттеу екі түрлі себеппен қамтылады екен. Біріншісі–молекулалық кинетикалық теорияны эксперименттік тексеру. Бұл тұрғыдан қарағанда коллоидтық жүйе –ең жақсы объекті. Екіншісі–алынған мәліметтерді практикалық мақсатқа қолдану: бөлшектер мен макромолекулалардың массасымен шамасын/ мөлшерін/ анықтау, жүйені фракцияға бөлу т.б.
Коллоидты және микрогетерогенді системадағы бөлшектердің жылулық қозғалысы броундық қозғалыс деп аталады. Оны алғаш рет байқаған ағылшын ботанигі гүл тозаңының сулы суспензиясын микроскоппен қарап байқаған Р.Броун құрметіне аталған. Гун (1888 ж.) және Экснер (1900 ж.) броундық қозғалыстың табиғаты молекулярлы-кинетикалық екенін байқаған.
Ауырлық күшінің әсерінен коллоидты бөлшектердің ерітінді түбіне шөгуі седиментация деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет