Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау



Pdf көрінісі
бет50/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

2. Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау 
әдістері 
Демонстрация әдісі
 
тәжірибелерді, приборларды, препараттарды табиғи 
объектілерді, кинофильмдерді т.б. демонстрациялауға байланысты. Мысалы, 
сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын-ала қарап, қандай мәселелерді 
фрагменттерге бӛліп, оқушыларға түсіндіруді анықтау қажет. Сабақ соңында 
фильм бойынша қорытынды әңгіме жасалады. Демонстрация әдісі әсіресе 
физика, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілерді 
демонстрациялау үшін қолданылады. 
Иллюстрация 
демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз 
байданысты; заттарды кӛрсетіп және қабылдау, плакаттардың кӛмегімен 
символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, 
фотографиялар, суреттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және 
т.б. кеңінен қолданады. Кӛрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа 


құралдарды ӛмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған 
тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б. 
Бақылау 
оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып 
табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың 
сызба-нұсқасын ӛңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін ӛңдей білуге және 
оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың ӛзіндік жұмыс істей 
білу дағдыларына кӛмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні 
зор. 
3.
Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, 
графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар. 
Жаттығу. 
Жаттығу- ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше 
рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын 
кӛтеру мақсатында орындалады.

Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркін болып бӛлінеді. 
Арнайы жаттығулар- бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек 
біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы 
жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға ендірсе, онда олар еркін жаттығулар деп 
аталады. 
Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен 
бекітуде қолданылады. Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген 
жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға 
бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың 
орындалатын іс-әрекеті негізінде материалдар жақсы қабылданады. 
Ауызша жаттығулар тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, 
оқушылардың танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша 
жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде, ауызша санауда, әңгімелеуде, 
білімді логикалық түрде мазмұндауда, тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен 
роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас 
ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар 
(стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, 
конспекті, есеп шығару, іс-тәжірибені жазу т.б.) білік пен дағдыны дамытуда 
қолданылады. Жазба жаттығулар графикалық жаттығулар мен математика
физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар ӛнеркәсіптік білім беруде қатар 
жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет