Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017


Даму - ескі қалыптан жаңа сапалы қалыпқа өту және қозғалыстар мен өзгерістер процесі. Даму саласы



бет29/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
open-file

Даму - ескі қалыптан жаңа сапалы қалыпқа өту және қозғалыстар мен өзгерістер процесі.
Даму саласы - баланың өзара байланысты және бір-біріне тәуелді даму аймақтары (тіл және танымның дамуы, әлеуметтік, эмоциялық, т.б. дамулар).
Дарындылық - 1) жалпы дарындылық - әртүрлі жеке және жалпы қабілеттердің дамуының жалпы психогенетикалық (тектік) шарты.
Жеке дарындылық - белгілі бір жеке қабілеттің дамуының психогенетикалық (тектік) шарты.
Дене кемістігі - ағзасы дамуының және жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы.
Денсаулық нормасы – Т.И.Черняеваның пікірінше табиғатпен, әлеуметтік ортамен тиімді қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін биологиялық, психологиялық, әлеуметтік деңгейдегі адамның жағдайы. Басқаша айтсақ, норма – бұл жалпыға ортақ, қалыпты талаптар.
Дезадаптация - организмнің тіршілік ету жағдайына, ең бірінші әлеуметтік ортаның жағдайына бейімделуін бұзу.
Депривация (латын тілінен алынған deprivatio – тыс қалу деген мағынаны береді) – негізгі психикалық қажеттіліктерді қанағаттандырудағы адам мүмкіндігінің шектелуі. Эмоциялық және интеллектуалдық дамудың бұзылуымен, әлеуметтік қарым-қатынастардың бұзылуымен сипатталады.
Дефектология - аномальді балалардың психо-физиологиялық дамуындағы ерекшеліктерді зерттеумен және оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарымен айналысатын педагогика ғылымының бір саласы.
Демократия - тікелей немесе өздері сайлаған өкілдері арқылы іске асырылатын халықтық басқару. Басқарудың демократиялық түрінде, барлық азаматтар биліктің бастапқы негізі болып табылады.
Диагноз (гректің diagnosis – тану, қайта тану) – зерттелетін процестің, құбылыстың, жағдайдың констатациясы. Медицинада аурудың қорытындысының, оның себептерінің, өту формасының, организмнің сақталған күшінің қорытындысын береді.
Е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет