Аффектілі бұзылымдар - эмоционалды ерікті ортаның бұзылуы (тітіркендіргіш, ашулы) сонымен қатар қоздыру (апатия, бейтараптық, салғырттық); оның өзі орталық жүйкенің функционалды және органикалық ауруларына байланысты болуы мүмкін, дұрыс тәрбиеленбеген балаларда жиі кездеседі.
Аффективті қалшылдау - (СУДОРОГІ) қалшылдау, күлкі, айқай, жылау.
Ә Әлеуметтік бейімделу - мүмкіндігі шектеулі балалардың қоршаған орта жағдайын құндылықты қабылдай және игере отырып, мінез - құлықтың нормасы мен тәртібі, қоғамда қабылданған және еңбек дайындығына мақсатты түрде бағытталған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау бағытына арналған бейімделуі болып табылады. Адамның интеграция процессі қоғамдағы нәтижесінде өзіндік біліктілігі және меңгеру барысына қол жеткізіледі, өзіне - өзі бақылау жасау және өз-өзіне қызмет, пара - пар байланыстарды қоршаған ортаға көрсетуді көздейді.
Әлеуметтік топ - нақты тарихи адамдардың көп немесе азғана тұрақты ортасы, онда жеке тұлға өзінің пәндік қызметтік мәнін жүзеге асырып отырады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық педагогикалық коррекциялық қолдау - бұл білім беру мекемесінің қызметі яғни тұрғындарды әлеуметтік қорғау, медициналық-педагогикалық қызметтер, мүмкіндігі шектеулі балаларға қиындықтарды жеңу үшін мүмкіндіктер жасап отыру, өмір сүруінің өтемақысы және қоғамда өмір сүруде онымен бірге басқа азаматтардың мүмкіншіліктерімен тең болуы.
Әлеуметтік педагогика- педагогиканың саласы барлық жас топтарының әлеуметтік тәрбиелеуін қарайтын және осыған байланысты арнайы құрылған мекемелердегі адамдардың әлеуметтік категориясы.
Әлеуметтік рөл - комуникативті рөлді, әлеуметтік статуспен белгіленген және айтушылардың мақсатымен: әріптес- әріптес, жеткізуші -тұтынушы, басшы - бағынышты қызметкер деген мағынаны білдіреді.
Әлеуметтік өзіндік көмек- әлеуметтік жиынтық және әлеуметтік психологиялық құралдар оның өзі, өз алдына ағзаның бір мүшесі ретінде пайдаланылатын немесе белгілі бір өзінің бар уақытындағы өмірлік қызметі кезіндегі оптимизациясы мен ұйымдастырылуы және өзіндік әлеуметтік белсенділігін білдіреді.