Бақылау сұрақтары:
Өнім сапасын органолептикалық бағалау қалай жүргізіледі?
Органолептика түсінігі.
Сапаны өдшемдік тәсілдермен анықтау?
Дәріс 7
Сүтті өңдеу өндірісіндегі технохимиялық бақылау
Жоспары:
Сүт сапасын бақылау әдістері
Сүт өндірісіндегі технологиялық процессті бақылау
Мақсаты: Сүт сапасын бақылау тәсілдерімен танысу, сүт өндірісіндегі технологиялық процесті бақылауды қарастыру.
Сапалы сүтті өнімдерді стандарт талаптарына сай толыққанды таза шикізат-сүттен алуға болады. МЕСТ Р 52054-2003 «Табиғи сиыр сүті – шикізат. Техникалық шарт».
Сүт саласындағы өндірісіке түсетін сүт ауырмайтын жануардан алынуы қажет, және ол ветеринарлық санитарлық инспекцияның анықтамасымен дәлелденуі қажет.
Сүт сапасы көптеген факторларға байланысты, олардың көбісі күнделікті бақылауды талап етеді. Ең бірінші жағдайда органолептикалық және санитарлы-гигиеналық көрсеткіштерге байланысты: сүт сұрыпын анықтайды, яғни механикалық ластану, бактериялық тұқымдану, титрлену қышқылдығы. Бұл көрсеткіштер сүтті алу, тасымалдау, температура шарттарымен байланысты. Сондай-ақ сүт сапасын анықтауда тығыздық, ондағы май мен белок мөлшері де маңызды орын алады. Сүтте тағы да ауыр металдар, пестицидтер, афлотоксиндер, радионуклидтер мөлшері де нормаланады. Тағам өндірісінде және азық-түлік шикізатында негізгі химиялық ластағыштар, микотоксиндер антибиотиктер, пестицидтердің, радионуклидтердің мөлшерінің гигеналық нормативтері бақыланады.
Сүтті органолептикалық бағалау орта үлгіні алудан бұрын жүргізіледі. Сүт МЕСТ 28283-89 бойынша бағаланады.
Сыртқы түрі және консистенциясы: МЕСТ 13264-85, талаптарына сай, яғни ақ, әлсіз сарғылт түсті болуы қажет. Бұл талаптарға сай болмаса органолептикалық бағалауға жатпайды.
Иіс, дәм, аромат. Сүттің иісін және дәмін үлгі алғаннан кейін де, сақтау және тасымалдаудан кейін де 40±20С температурада 4 сағаттан артық емес уақытта анықтайды.
Сүттің температурасы МЕСТ 26754-85 талаптарына сәйкес анықталады.
Механикалық ластануы: МЕСТ 8218-89 талаптарына сай анықталады.
Тығызыдығы: МЕСТ 3625-84 бойынша анықталады. Ареометрлік және пикнометрлік әдістер арқылы.
Титрлену қышқылыдығы МЕСТ 36424-92 екі әдіспен тексеріледі.
Сүтті бақылау тәртібі
Көрсеткіш
|
Бақылау кезеңдері
|
Үлгі алу
|
Бақылау орындарындағы нормативті құжат
|
Органолептикалық көрсеткіштер
|
Әр партия
|
Әрбір ыдыстан
|
МЕМСТ 28283-89 «Сиыр сүті. Иісін, дәмін органолептикалық бағалау әдісі»
|
Температура, С
|
//
|
Цистернаның әр секциясынан
|
МЕМСТ 26754-85 «Сүт. Температураны өлшеу әдісі»
|
Титрлік қышқылдық, Т
|
//
|
Цистернаның әр секциясынан, әр фляг партиясынан-біріктірілген үлгіде
|
МЕМСТ 3624-92 «Сүт және сүтті өнімдер. Қышқылдықты анықтаудың титриметриялық әдісі»
|
Майдың массалық үлесі
|
//
|
//
|
МЕМСТ 5867-90 «Сүт және сүтті өнімдер. Майды анықтау әдісі»
|
Ақуыздың массалық үлесі
|
//
|
//
|
МЕМСТ 25179-90 «Сүт. Белокты анықтау әдісі»
|
Тығыздық, кг/м3
|
//
|
//
|
МЕМСТ 3625-84 «Сүт және сүтті өнімдер. Тығыздығын анықтау әдісі»
|
Тазалық тобы
|
|
|
МЕМСТ 8218-89 «Сүт. Тазалығын анықтау әдісі»
|
Бактериялық тұқымдану, мың/см3
|
10 күнде 1 рет
|
Әр партиядан біріктірілген үлгі түрінде
|
МЕМСТ 9225-84 «Сүт және сүтті өнімдер. Микробиологиялық талдау әдісі.»
|
Соматикалық жасушалар, мың/см3
|
10 күнде 1 рет
|
//
|
МЕМСТ 23453-90 «Сүт. Соматикалық жасушалар мөлшерін анықтау әдістері.»
|
Термотұрақтылық
|
Балалар тағамының өнімдерін жасауда әр партиядан
|
|
МЕМСТ 25228-82 «Сүт. Алкогольдік үлгі бойынша термотұрақтылығын анықтау әдісі»
|
Ингибирленетін заттардың бар болуы
|
10 күнде 1 рет
|
|
МЕМСТ 23454-79 «Сүт. Ингибирленетін заттардың мөлшерін анықтау әдістері.», МЕМСТ 30697-73 «Сүт»
|
Термиялық өңдеудің тиімділігі
|
|
|
МЕМСТ 3623-73 «Сүт және сүтті өнімдер. Пастеризацияны анықтау әдісі.»
|
Сүт өнімдерінің өндірісіндегі технологиялық процестің бақылауы шикізатты органолептикалық және физикохимиялық бақылаудан басталады. Сосын технологиялық процес бақыланады. Бақылау метрологиялық қамтамасыз ету картасына сәйкес жасалады. Дайын өнімнің технологиялық процес нәтижелерін техникалық немесе технологиялық журналға форма бойынша толтырып, өнімнің технологиялық нұсқаулығына сай жазады. Шығаруға және таратуға арналған дайын өнімнің органолептикалық, физико-химиялық, санитарлы-гигиеналық көрсеткіштері бойынша сол өнім түрлерінің техникалық шарттары мен стандарт талаптарына сай келуі қажет.
Дайын өнімді таңдап алу МЕМСТ 26809-86 «Сүт және сүтті өнімдер. Қабылдау, үлгіні таңдау және талдауға дайындау ережелері» стандарты бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |