Дәрістер кешені



бет7/38
Дата23.02.2023
өлшемі0,69 Mb.
#169953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. Өнім сапасын бағалау қалай жүргізіледі?

  2. Сапаны бақылау түсінігі.

  3. ХАССП жүйесінің сыни бақылау нүктелері


Дәріс 5
Азық-түлік өнімдерінің сапасын басқару жүйесі (HACCP).




Жоспары:

  1. Азық-түлік өнімдерінің сапасын басқару жүйесі (HACCP).

  2. Сапаны анықтау тәсілдері.



Мақсаты: Сапаны анықтау тәсілдерімен танысу, әдістемелерін қарастыру.

ХАССП (ағылшын транскрипциясы бойынша HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points, тәуекелді қолдау және бақылаудың аумалы нүктелері) қауіпті ахуалдың пайда болу ықтималы бар тамақ тізбегінің барлық кезеңдерінде, өндірістік процестің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі. Ең бастысы ХАССП жүйесін әлемнің барлық өркенниетті елдерінің азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялары қолданады, ал АҚШ-та, Канадада, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, тағы бірқатар мемлекеттерде ХАССП жүйесін заңнамалық деңгейде енгізу талап етілген.


ХАССП тұжырымдамасы 60 жылдары Америка ғарыш бағдарламасын жасау кезінде «Pillsbury» компаниясының, АҚШ-ң қарулы күштері зертханасының және аэронавтика мен космонавтикалық ұлттық басқармасының (NASA) біріккен күштерімен әзірленді. NASA алдына азық-түлік өнімдерінде токсиндердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын жүйені әзірлеу және соның салдары ретінде тамақтан улануды болдырмау міндеті койылды. Аяққы өнімді немесе жартылай фабрикаттарды іріктеп, тіпті жаппай сынақтан өткізу өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік бермеді, бірақ технологиялық үдерісті күрделендіріп, өндірісті қымбаттатты. Осы мәселені шешу үшін 1971 жылы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Бірінші Америка Ұлттық конференциясында «Pillsbury» компаниясы ұсынған ХАССП тұжырымдамасын әзірлеу бастамасы болды.
Қазіргі таңда ХАССП (HACCP) жүйесі азық-түлік өнімдерінің сапасын басқарудың және реттеудің негізгі моделі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бас құралы болып табылады. Мақсатты бақылау шараларының нәтижесінде азық-түлік өнімдерін тұтынуға байланыстыболатын барлық тәуекел түрлерін алдын-ала ескеріп, болдырмайтын, жоятын және қисынды деңгейіне дейін азайтатын аумалы бакылау нүктелері деп аталатын мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. ХАССП жүйесі тәуекел факторларын болдырмау жүйесі емес. Оның негізгі бағыты –азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты болатын проблемалардан туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту.
ХАССП жүйесінің негізіне алынған жеті қағида бар және олар белгілі азық-түлік өнімдерін шығарушы кәсіпорын үшін жүйені құру кезінде міндетті түрде қолданылады:
1.Тәуекелдерге (қауіпті факторларға) мұқият талдау жүргізу;
2.Сыни бақылау нүктелерін (СБН) анықтау;
3.Әр бақылау нүктесі үшін сыни шектеулерді белгілеу;
4. Сыни бақылау нүктелерінің мониторингісі рәсімдерін белгілеу (қалай?, кім?, қашан?) ;
5.Түзету іс-қимылдарын әзірлеу;
6.Есепке алу және құжаттамаларды жүргізу, рәсімдерін белгілеу;
7.Құжаттама жиынтығын тексеру рәсімдерін белгілеу.
Азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялар өздерінің кәсіпорындарына ХАССП жүйесін енгізе отырып, тауарлардың рыноктағы қозғалысы кезінде өздерінің өнімдерінің немесе сауда белгісінің қорғалуын қамтамасыз етеді. ХАССП жүйесінің маңызды да шартсыз құндылығы оның қасиеттерін айқындау емес, атап айтқанда азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық тізбегінде кезең-кезеңімен бақылау арқылы қателіктердің алдын-алу, болжау және ескерту болып табылады. Бұл тамақ өнеркәсібі саласының жұмысындағы бірінші кезектегі басты міндет болып табылады және тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін қолдануда қауіпсіздікті кепілді түрде қамтамасыз етеді. ХАССП қағидаларына сүйенген жүйені өндірісте қолдану азық-түлік өнімдерін өндіруші компанияларға жоғары еуропалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдерді ғана емес, Еуропаның тағам рыногындағы қатаң бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға да мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет