Дәрістер тезистері


Дәріс 12 (дәріс тақырыбы) Әдебиеттік оқуды оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау



бет20/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)

Дәріс 12 (дәріс тақырыбы)
Әдебиеттік оқуды оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау.


Негізгі мәселелер:

  1. Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалау.

  2. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).




«Әдебиеттік оқу» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді.


Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).


Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.


Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.


Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Жиынтық бағалау тәсілдері пәндер мен сыныптар бойынша жиынтық бағалауға арналған нұсқаулықтарда толығырақ қарастырылады.


Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беру үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.


Бағалаудың барлық түрлері пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді.


Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.

Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін көрсететін портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Портфолиода көптеген деректер қамтылуы мүмкін, соның ішінде:





  • жазбаша жұмыстар (мысалы, жұмыс дәптерлері, бағалау журналы, үй тапсырмалары, оқушылар жазбалары);




  • фотосуреттер немесе бейне дәлелдемелер (мысалы, көркемсурет жұмыстары, сыныптағы көрме, модельдер, таныстырылым, оқушылар қатысқан музыкалық көрсетілім және оқушылар қатысқан іс-шаралар);










  • ата-аналардың пікірлері.

Жиналған дәлелдемелердің сипаты дәстүрлі тест көмегімен анықтау қиынға түсетін дағдыларды бағалауға мүмкіндік беретінін байқатады. Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Әдістемелік берілген жеке, жұпта, топта орындауға арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінен оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де оқушы үшін жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді.


Жиынтық бағалау бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен жинаған дағдыларының нәтижесін бағалай отырып, қалыптастырушы бағалау нәтижелерін толықтырады.

Әр тестінің құрылымы мен ұзақтығы туралы және оларды басқару әдістері туралы ақпаратты пән бойынша тест спецификациясынан табуға болады. Жиынтық бағалауға арналған спецификацияда сұрақтардың үлгілері мен бағалау сызбалары ұсынылған, одан мұғалімдер әртүрлі дағдылар қалай бағаланатынын көре алады.








13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет