Дәрістер тезистері


Қазіргі әдебиеттік оқу сабақтарының типтері, түрлері және құрылымы. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы ғылыми еңбегін ұйымдастыру



бет21/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)

Дәріс 13 (дәріс тақырыбы)
Қазіргі әдебиеттік оқу сабақтарының типтері, түрлері және құрылымы. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы ғылыми еңбегін ұйымдастыру.

Негізгі мәселелер:



  1. Сабақ және оның типтері.

  2. Мұғалімнің сабақ барысындағы ғылыми еңбегін ұйымдастыру.

Еліміздегі қазіргі орта оқу орындарының көпшілігіндегі оқытудың негізгі түрі - сабақ. Өйткені сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты күнтізбе бойынша білім берудің негізі болып табылады. Сабақтың типі жөнінде ғылыми тәжірибелік зерттеулер де, жүйелеулер де жетерлік. Дидактикалық мақсаттағы әр түрлі ойларды сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды:
1. Жаңа білім меңгеру сабағы.
2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы.
3. Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.
4. Кайталау, пысықтау сабағы.
5. Тексеріп алған білім сапасын айқындау.
6. Аралас сабақ.
7. Жинақтап қорыту сабағы.
Сабақтың құрылымын, түрін жіктеп топтастыру шартты мәнде, өйткені бұлардың мазмұны мен әдісі бір-біріне ұқсастығымен қатар, іштей араласып бір арнада соғысып жатады. Сол себепті мектеп тәжірибесінде бір типті сабак болмайды. Сабақтың қойылған дидактикалық мүддеге жетуі оның құрылысына, оқылатын тақырыптың мақсатына, мазмұнына, оның әдіс-тәсіліне және оқушының дайындық деңгейіне байланысты. Оның айқын мысал үшін аралас сабақтың құрылымдық жүйесіне назар аударып қараңыз, ол бірден байқалады. Мұнда сабақты ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау, жаңа сабақ, оны қайталау, үйге тапсырма беру. Оқытудағы дәстүрлі бұл жол сабақтың тиімділігін арттыруда қазіргі өскелең талапты толық қамтамасыз етуде әлсіздік көрсете бастады. Сондықтан оның құрылымын, мәнін жетілдіру жөнінде түрлі ізденулер етек алуда. Педагогика саласын зерттеуші ғалымдар оны қалай топтастырса да сабақтың ең негізгі көрсеткіші тұрғысынан мына салаларды айқындап, соған жауап беру керек деген тоқтамды ұсынады, ол мыналар: дидактикалық, әдістемелік, психологиялық және гигиеналық. Сабаққа қойылатын талаптың түйінін шешетін бұл ұстанымдарын таратып айтсақ былай болып шығады - дидактикада қамтылатын логикалық бағдар:
а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;
ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;
б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру.
Әдістемелік бағдарда шешілетін міндет пен орындалатын жаттығу және оқушының кайталайтын жауабы жобаланып, сабақта атқарылатын іс-әрекет нақты жоспарлануы керек. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс, тәсілдері керсетіліп, қойылып отырған міндетті шешудегі мұғалімнің басшылығымен атқарылатын, оқушының орындайтын және өздігінен атқаратын жұмыстары белгіленуге тиіс. Әдістемелік жобаның мән-мазмұндық құрылымынан қол жетуге тиісті мақсаттың тиімділік принциптері талап етіледі. Сабақтың психологиялық бағдарында қойылған мақсатқа орай психологиялық мотив мәселесі барлық жағынан қарастырылып, оқушының жас ерекшелігі мен дара ерекшелігімен санаса отырып, білімді меңгерудің психологиялы сипаттағы заңдылықтарына мән берілуі керек. Бұл ұстанымдағы сапалардың бірі гигиеналық бағдар болса, мұның да өзіне тән қоятын талаптары бар. Өйткені гигиена ғылымы сабақ ақыл-ой еңбегі болғандықтан оның өзіне тән талаптарын ғылыми-танымдық тұрғыдағы жөн-жосықты сақтауды міндеттейді.
Сабақ өткізу алдымен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Мұның құрылымдық түрі – сыныптағы оқушылардың барлық құрамын және жеке тұлғаны жұпқа, топқа болу арқылы әрекетке келтіру негізінде жүргізіледі. Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен (формамен) іске асырылады.
1. Жұптық.
2. Топтық.
3. Ұжымдық.
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі адамның арасында жүреді. Ондағы негізгі мақсат екі оқушының өзара тілдесу ерекшелігіне, олардың қабілетіне, тілді білу дәрежесіне сүйене отырып іске асырылады. Мұнда оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді, олардаң сыңарлары бір-бірімен ауысып отырады.
Жұптық қалып бойынша барлық жұмыс екі адамның арасында сұхбат арқылы жүргізіледі. Мұндай қарым-қатынаста сөйлеуші бір адам болса, тыңдаушы да бір адам болады. Яғни тілдік байланысқа тек екі адам түседі, пікірлесу, сөйлесу екі адамның арасында жүреді.
Сол сияқты тіл үйретуші мен үйренуші екеуара бір мәтінді талдаса, бірі сұрап, екіншісі жауап беріп, жазбаша- ауызша жұмыс атқарса, бұл оқытудың жұптық қалпына жатады. Жұптық қалыптың ерекшелігі: ол диалог арқылы жүзеге асады.
Топтық оқыту. Оқыту кезінде топтар сабақ өтуге қолайлы шағын адамдар санынан (3 – 5 адам) тұрады және мұғалімнің алдына қойылған мақсатына қарай құрылады.
Топтық қалып бойынша, бір адам кем дегенде екі не одан да көп (үш, төрт, он, жиырма бес ) адамдармен бірден қарым-қатынасқа түседі. Тілдік қарым-қатынас бір адам мен бірнеше адамның немесе бір топтың арасында жүреді. Мұғалімнің орнына бір оқушы бастаушы немесе командир болады.
Топтық тіл үйрену процесінде бір адамды бірнеше адам тыңдайды, тіл үйретуші не үйренуші жұмысты арнайы топтық бағытта жүргізеді, сөйлейді, тапсырманы орындайды, жауап береді, оқытады, оқиды.
Топтық қалып бойынша жүргізілетін жұмыс диалогтік (сұхбаттық) түрде де, монологтік түрде де іске асуы мүмкін.
Оқушыларды топ-топқа бөліп сабақ өткізу қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлеп үйренуге жағдай жасайды, білімдерін жетілдіреді, бір-бірімен білімдерімен бөліседі, әр түрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында оқушы өзін жеке-дара қасиетіне қарай көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Оқытудың ұжымдық қалпы жұптық және топтық қалыптарды өзара біріктіреді. Тіл үйренушінің ұжымдық формасы – үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеуара бірін-бірі үйретуі, оқытуы, пікір алмасуы. Мысалы, бір топ жеті адамнан кұралса, олар кезек-кезек сөйлесіп шығады.
Ұжымдық оқытудың басты ерекшелігі – оның өзгерімпаздығы, әр оқушыға қалай қолайлы болса, солай икемділігі, оралымдылығы. Ұжымдық оқытудың екінші бір ерекшелігі – арнайы кеспе қағаздармен жұмыс істей білуі. Ұжымдық оқытудың жұптық жолмен екеуара диктанттар, сұхбаттар, ауызша және жазбаша тілдесімдер, мәтіндер, сұрақ-жауаптар және т.б. барлық жұмыстың түрлерін өткізуге болады.
Ұжымдық оқыту әдісінің авторларының бірі – А.Г. Ривин. Ал ұжымдық оқытудың әдісін соңғы жылдары жаңаша қолданған В. Ф. Шаталов. Ол бұл әдісті оқушыларды емтиханға дайындау үшін пайдаланған. Солармен қатар ұжымдық оқу үлгісін мәтіндерді меңгерту үшін пайдаланған А.С. Границкая.
Ұжымдық оқытуда оқушының беделі өседі, ол өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін танытуға мүмкіндік алады, оқушы тіл табысуға үйренеді, оқушылар арасындағы тілдік қатынас биік сатыға көтеріледі.
Сараптай айтқанда сыныптағы барлық оқушының іс-әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады. Сондай-ақ жеке тұлғаның әрқайсысы өз алдына дара да дербес түрде әрекеттенеді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөлгенде 4-5 шәкірт бір топ немесе екі-екіден бірлескен топ болып, берілген тапсырманы мұндай жағдайда орындаудын натижелік көрсеткіші жоғарырақ болады. Өйткені топтастыруда үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса олар бір-бірінен жәрдем алады. Өзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар оқитын шәкірт білімді тиісті деңгейде меңгерудің жол-жосығын құрбыларынан үйреніп, іс-әрекетке ықыластана кіріседі. Топтағы оқушылар бір-бірінен тәлім алып, белсенділігінің артуына ықпал етеді.
Сабақтың теориясы мен тәжірибесінің жүзеге асып, табысқа жетіп нәтижелі болуы мұғалімнің сабақка дайындала білуіне тәуелді. Өйткені өтілетін сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде оқушының білім, білік, дағды меңгеруі психологиялық, жағынан шешуші сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.
Саяхат сабағының мақсаты – ғылым саласындағы пәннен теориялық білімді нақты тәжірибеге жалғастырып көрсету. Бұл оқушының түрлі деректер мен құбылыстар жөніндегі таным түсінік арнасын кеңейтуге мүмкіндік туғызу.
Факультативтік сабақтар – оқушылардың сұранысы бойынша ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрінің негізгі мақсаты – оқушылардың талап-тілегін ескере отырып, олардың ғылыми-теориялық білімін, таным түсінігін дамытып шығармашылық жолдағы бағдарын ашуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар оқушының бейімділігіне қарай кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді.
Бүгінгі сабаққа қойылатын талап өте жоғары. Оқушыны өзіндік ізденіске жетелеу, ойлау белсенділігі мен мотивациясын арттыру, дәстүрлі сабақтағыдай оқушы орындаушы дәрежесінде қалмай проблеманы шешу, кез-келген проблемалық жағдаяттан шығу өз білімін жаңа жағдайға сай өзгерте алу әрекетін іске асыру көзделеді. Бүгінгі сабақтағы барлық тапсырмаларды негізінен проблемалық және дамытушылық тапсырмалар құрайды. Олар проблеманы түсініп, өздігінен шешуге әрекеттер жасайды, әр түрлі жаңа технологиялар сабақта тоғысады, интерактивті әдістер т. б. іске қосылады.
Қазіргі кезде әр пән иесінің шеберлігіне, өмір талабына сай, әрбір сабақ бүгінде алуан түрлі болып өткізілуде. Олар: зерттеу сабақ, панорамалық сабақ, пікір сайыс-пікірталас сабақ, есеп-сынақ сабақ, дуэт сабақ, ізденіс сабақ, жобаны қорғау сабағы, саяхат сабақ, конференция сабақ, кітапханалық сабақ, сыныптан тыс оқу сабағы т. б. Тақырыпқа сай сабақтың түрлері, оқу формалары түрленіп отырады. Сабақты өткізуде әдіс-амалдар, тәсілдер де көп түрлі болып келеді. Оқушының есту, көру, ойлау, сезу, есте сақтау қабілеттерінің барлығы бірдей тоғыса, оқу барысында іске қосылып, ұйымдастырылған жағдайда, сабақтың мазмұндылығы, тартымдылығы, түсініктілігі арта түседі. Оқушы бойына білім негізін меңгертетін, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға - мұғалім. Заман талабына сай сабақ беру барысында мұғалімдерімізде жаңа педагогикалық технологияны сабақта пайдалану қажеттігі туындауда. Олар өз пәні бойынша оқушыларды шығармашылыққа шыңдайды. - Көркем туындыға деген қызығушылықты арттыратын жұмыстарды үнемі түрлендіріп көбейту; қолдану; Сабақта дара, жұптық, топтық, жұмыс түрін Компьютер және компьютерге қатысты құрал жабдықтарды сабақта кеңінен пайдалану; Оқушылардың өзара белсенді таным әрекеттерін интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастыру;






14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет