Зерттеудің проблемасы және тақырыбы
Зерттеу жұмысы зерттеудің объектісінің аясын таңдаудан басталады., яғни шешуді қажет ететін маңызды проблемалар жинақталған ақиқат шындықтың саласы. Білім беру саласындағы объектілер саласы: мектепке дейінгі тәрбие, орта және жоғары мектептегі оқу үрдісі, азаматтық және адамгершілік тәрбие беру, ақпараттандыру, тұлғалық бағдарлы білім беру, үздіксіз білім беру және т.б.
Объектіні таңдауға әсер ететін объективті факторлар: зерттеудің мәнділігі, шешілмеген проблемалардың болуы, жаңалығы және перспективалығы; субъективті факторлар: зерттеушінің білімі, тәжірибесі, бейімділіктері, қызығушылықтары, ғылыми ұжым, ғылыми жетекші.
Зерттеудің өзекті салалары: тәрбиенің жаңа мазмұнын анықтау және сынақтан өткізу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді технологиялары мен әдістемелерін жасау, қарым-қатынастарды қалыптастыру, жаңа типті мектептерге көшу, мектеп пен әлеуметтік сала арасындағы байланыс, денсаулықты сақтау технологияларына көшу және т.б.
Келесі қадам – зерттеудің проблемасы мен тақырыбын белгілеу. Проблема – ғылымда белгісіз, анықталмаған нәрсе, яғни белгіліден белгісізге өтетін көпір, нақты «белгісіздік жайындағы білім». Проблеманың мәні – белгіленген фактілер және олардың теориялық ұғынылуы арасындағы, фактілерді түрліше түсіндіру, интерпретациялау арасындағы қарама-қайшылық. Ғылыми проблема – практика мен ғылыми әдебиетті терең зерттеудің нәтижесі болып табылады. Мысалы, бүгінгі таңда мынадай қарама-қайшылықтар белгіленген: барлық оқушылар үшін білім беру мазмұнының нормативі және әрбір оқушының жеке мүмкіншіліктері, бейімділіктері, қызығушылықтары арасындағы; дені сау адамды қалыптастыру мақсаты және мектептегі сабақтардың бір қалыптылығы, оқу тапсырмаларымен баланы жүктеу арасындағы; басқару, бағдарламалау ретіндегі тәрбие және тұлғаның еркіндігі, жеке дербестігі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Бұл анықталған қарама-қайшылықтардан шығатын проблема өзекті болуы тиіс. Бүгінгі күні мынадай проблемалар анықталған: білім беруді ізгілендіру және демократияландыру, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін есепке алу және мүмкіндіктерін жүзеге асыру, мектепте жәнешағынауданда тәрбиелеуші ортаны қалыптастыру және т.б.
Ғалымдардың есептеуінше, дұрыс қойылған проблема – ғылыми зерттеудің нәтижелілігінің негізі болып табылады. У.Р.Эшбидің есептеуінше, «егер біз проблеманы дәл анықтайтын болсақ, біз оның шешімін тез таба аламыз».
Проблемада белгіленген қарама-қайшылық тікелей немесе жанама түрде тақырыпта көрінуі тиіс, тақырыптың айтылуы проблеманы нақтылауды және шектеуді жүзеге асыратындай болуы керек. Мысалы,
Әт түрлі жастағы ұжымда тұлғаның өзін-өзі бекітуі.
Тәрбиелеу жүйесіндегі басқару және өзін-өзі басқарудың байланысы.
Тұлға еркіндігі және педагогикалық талап.
Жасөспірім тәрбиенің лбъектісі және субъектісі ретінде.
Проблеманы дамыту үрдісі зерттеудің объектісі мен пәнін белгілеумен жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |