Дәріс 6. Зерттеудің қисындық (логиикалық) құрылымы.
Зерттеу қисыны туралы түсінік.
Зерттеудің проблемасы және тақырыбы
Ғылыми ізденістің нәтижелілігі зерттеу қадамдарының бірізділігіне байланысты, яғни зерттеу қисыны шынайы нәтижеге әкелуі тиіс. Педагогикалық-психологиялық зерттеудің ерекшелігі оның зерттеу пәнімен анықталады. Зерттеу пәні – дамушы адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің күрделі жүйесі.
Қисынды жасау – күрделі үрдіс. Оның үш кезеңін белгілеуге болады: мақсат қою, зерттеу және енгізу-рәсімдеу.
Бірінші кезеңде – тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау, болжам жасау (мәселе – тақырып – объект - пән - ғылыми фактілер - бастапқы тұжырымдама - жетекші идея және пікір - болжам - зерттеу міндеттері сызбасы бойынша жүреді).
Екінші кезеңде - әдістерді таңдау - болжамды тексеру – алдын-ала қорытындыларды белгілеу – оларды сынақтан өткізу және нақтылау – қорытынды жасау сызбасы бойынша жүзеге асады.
Үшінші кезеңде – сынақтан өткізу (қорытындыларды талқылау, оларды қоғамға ұсыну), жұмысты рәсімдеу (есеп беру, баяндамалар, кітаптар, диссертациялар, ұсыныстар, жобалар жіне т.б.) және нәтижелерін практикаға ендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |