басты пәндер және бағыттар бойынша дайындық деңгейі; бұл көрсеткіш медалисттер, олимпиада, конкурс жүлдегерлері, мемлекеттік бюджет есебінен оқуға түсушілер санымен, үлгеріммен анықталады;
білімнің тереңдігі, жүйелілігі және қолданылуы, іс-әрекетті (тану, қайта өндіру, алгоритмдік әрекет, шығармашылық ізденіс және қайта өзгерту) меңгеру деңгейі; шешілетін міндеттердің күрделілік деңгейі.
Әлеуметтік көрсеткіші (критерийі):
мектеп аясында оқушының еркін таңдау жасаудағы (мұғалімдер, оқытудың деңгейі мен бейіні, қызығушылықтары бойынша сыныптан тыс сабақтарды және т.б. таңдау) шынайы мүмкіндігі;
оқушының шағын ортасына (мектеп, тұрғылықты жер, жанұя) бейімделуі, оның ұжымда қарым-қатынас жасау іскерлігі;
мектеп бітірушілердің бейімделуі: жоғары оқу орны және орта арнайы оқу орнында білім алуы; әлеуметтік орта жағдайларына үйренуі (бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік тұрақтылық, мамандықты меңгеру және кәсіптік іс-әрекет нәтижелілігі және т.б.);