Спецификалық әңгімелесу әдісінің ерекшеліктері Әңгімелесу әдісінің өткізілуі Әңгімелесу әдісіне қойылатын талаптар
1.Зерттеу әдісі жүйесінде сұрақ жауап әдісі маңызды орын алады. Бұған әңгімелесу, интервью, анкета жатады. Әңгімелесу және интервью – ауызша түрде, зерттеушіге керекті тақырып төңірегінде сұрақ қою арқылы жүргізіледі, ал анкета жазбаша түрдегі сұрақ-жауап. Зерттеу әдістемесінде сұрақ-жауап 20 ғасырдың аяғынан кең түрде қолданылып келеді. Қазіргі уақытта кеңінен қолданылады және зерттелушіні жан-жақты зерттеп, сапалы мінездеме беруге көп септігін тигізеді. Әңгімелесу зерттеу әдісі ретінде берілген сұрақтың жауабы бойынша қорытынды жасау жолымен адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін, мінезін және оның білім деңгейін, қызығушылықтарын, іс әрекет түрткілерін және терең тануға мүмкіндік береді. Әңгімелесу әдісі еркін жоспар құрумен, қарама-қарсы ой алмастырумен, еркін сөз айтумен және ой пікірлерін алмастырумен ерекшеленеді. Әңгімелесу әдісі арқылы зерттелуші тұлғаның немесе сыныптың, топтың, ұжымның ұмтылысы, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға көзқарасы, өмірлік әрекет жағдайы туралы көптеген деректер жинақтауға болады. Әңгімелесу алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша жүргізіледі.
2.Әңгімелесу педагогикалық құбылысының динамикалық, спецификалық, оңтайлы әдістерінің бірі. Әңгімелесу жеке, топтық және ұжымдық түрінде өткізуге болады. Әңгімелесу үйрету әдісі сияқты, бұған үлкен әзірлікті талап етіледі. Әңгімелесу әдісі жақсы өту үшін оның мақсатын, бағдарламасын, әңгімелесу қалай өту керек екендігіне, бөлек сұрақтар қай жерде қай уақытта қойылатынын алдын ала жоспарлау қажет. Әңгімелесу нәтижелі өту үшін әңгімеге қатысушыны қызықты әңгімеге тарту керек, сол кезде әңгімелесуші ашылып, жасырмай бәрін айтады. Оқушылармен, оның достарымен, ата-аналармен, мұғалімдермен әңгіме жүргізу арқасында әртүрлі материал, оқушыға мінездеме даярлап алуға болады .
Зерттеу тәжірибесі көрсекендей мынадай қарапайым сұрақтар қоюға болады, мысалы: Сіздің күн тәртібіңіз қандай? Немесе мынадай қарапайым сұрақтар қоюға болады: Қай уақытта ұйықтайсыз, сабаққа қай уақытта даярланасыз, қай уақытта ұйқыдан тұрасыз?
Логикалық сұрақтар - олардың қойылу формалары оқушыларға нақты әрі түсінікті боуы қажет. Сонымен қатар қойылатын сұрақ мазмұны әдепті әрі сенімді болуы шарт. Әйтпесе оқушылар ашылып сөйлей алмайды, яғни сұрақтарға толық әрі нақты жауап бере алмайды. Соның әсерінен әңгімелесу әдісі оқушылармен өткізген кезде сәтсіз болады .
Алайда, кейде әңгімелесуді экспромт түрінде қажет болады. Бұл кезде педагог алдын ала бәрін ойластырмай, бірден «осында және қазір» принципі бойынша өткізуі керек, сонда ғана педагог қателік жібермейді. Кей жағдайларда дайындалып өткізілген әңгімелесу әдісі өз нәтижесіне жетпейді. Оның себебі педагог-зерттеуші сұрақ нақты дайындалып келгенімен ол өзінің әңгімелесуші адамның ұстанымын ойламауы мүмкін.
Әңгімелесу өткізген кезде көптеген жоғары сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін танып білуге, нақтылауға болады. Әртүрлі бақылау және басқа да зерттеулер арқасында оқушылармен әңгімелесу кезінде алған мәліметтерімізді, сонымен қатар эксперименталды және басқа да әдістермен толық тексеріп алуға болады.
Әңгіме бұл ұзаққа созылған және қысқа түрінде болуы мүмкін. Бірақ та, мына бір жайтты естен шығармау керек, кейбір оқушылардан іске қажетті дұрыс жауап ала алмаймыз. Сондықтан әңгімелесу әдісі қажет тақырыпқа байланысты өткізілуі үшін басқа да зерттеу әдістерін пайдаланған жөн. Сонда ғана ол нәтижелі болады.
Жоғарғы сынып оқушыларына мынадай өнеркәсіп, еңбек, еңбек озаттары жайында әңгіме жүргізуге болады, оларға мынадай сұрақтар қойылады: өнеркәсіпте қандай озат еңбеккерлерді білесіздер? Олар үлкен нәтижелерге жету үшін не істеген? Олардың жұмыстарында сіздерге не ұнайды? Осы сұрақтарға ойланып жауап берген жоғарғы сынып оқушыларының жауабы өте маңызды. Олардың жауаптарының мазмұнынан мынаны байқауға болады, ертеңгі күні еңбекке араласқан кезде бәрін де еңбек арқылы көптеген нәтижеге жетуге болатындығын, өздері де есейген кезде алған тәлім тәрбиесі болатындығы, сол еңбек озаттарынан үлгі алатын болады. Олай болса, бұл бейнені байқай отырып, мынадай шешімге келуге болады: әңгімелесу әдісі өзінің танымдық мағынасын және тәрбиелік мағынасын аңғарта білді, өйткені осы сұрақ-жауап арқылы оқушылардың еңбек озаттарына деген қызығушылығы, олармен бірге жұмыс істегісі келетіндігі байқалды. Бұл танымдық әңгімелесу кезіндегі психологиялық жағынан анықталған және педагогикалық мақсаттылығы болашағы бар ұмтылыс. Жеке қарым-қатынаста өнеркәсіптік еңбек озаттарымен болуы, олармен араласуы, іскерлік қатынаста болуы, жоғары сынып оқушылары осы адамдардан үлкен тәрбие алып, болашақ өмірде осы адамдар секілді еңбек етеміз деп ұмтылады.
3. Зерттеуші әңгімелесу барысында еркін қарым-қатынасты көтермелеуге және туындаған психологиялық кедергілерді ескеруге ұмтылуы керек. Мысалы, арнайы жабдықталған орында әңгіме (дайындалған орын басты рөлді алып тұрған жағдайда) жүргізу барысында кедергілер туындауы мүмкін. Сондықтан, әңгімелесіп отырған адамыңыз өзін еркін, жайлы әрі зерттеуші адаммен тең ұстайтын жерді таңдаған жөн. Әңгімелесу барысын зерттелушіге қызықты әңгімеден бастап, содан кейін тақырыпқа, яғни зерттеу әрекетіне көшкен жөн. Бұл зерттеушінің әңгіменің алдағы барысына дайындығының маңыздылығын дәлелдейді. Зерттеуші зерттеу әрекетіне байланысты зерттелушіні анықтау үшін тікелей сұрақтар қоймай, әңгімені жанама жолмен: әдебиеттермен, басылымдарда берілген оқиғалармен байланыстыра жүргізген жөн.
Әңгіме барысында хаттама жүргізілмейді, хаттама әңгімеден соң құралады. Немесе диктофон, магнитофон, видеокамера құралдарын пайдалануға болады. Бұл жағдайда әңгімелесушіден рұқсат сұраған жөн. Әңгімелесуден алынған мағлұмат қорытындылағанда басқа әдістер бойынша алынған мағлұматтар ескеріледі. Әңгімелесу әдісі басқа әдістер көмегімен алынған мағлұматты нақтылай түсу үшін немесе теріске шығару мақсатында жоспарлануы мүмкін.
Дәріс 18. Озат педагогикалык тәжірибе мен инновация.
Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым.
Озат педагогикалық тәжірибенің маңызды белгілері.
1. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе дегеніміз оқыту, білім беру және тәрбие практикасы, дәлірек айтсақ нәтижесі - оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты түрде педагогикалық нәтиже беріп отыратын оқыту және тәрбие практикасы. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, өдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болады. Шебер мұғалімнің озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар практика, басқаша айтқанда жаңашылдардың практикасы. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектептің практикасына жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте нағыз жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің практикасына енгізуге болады, бірақ жаңашыл-мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
2. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - оның қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір қойып отырған талаптарға сай жұмыс істейді, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі — педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарының бәрін жақсы өтеді деп айту қателік болады. Қателеспеу үшін ең алдымен оқушылардың білім сапасын тексеріп, мына сұрақтарға жауап беру керек:
Оқушылар бағдарламада қарастырылған оқу материалын меңгерген бе?
Бағдарламаны қаншалықты деңгейде сапалы және берік меңгерген, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін шығармашылықпен практикада қолдана ала ма?
Оқушылардың жалпы дамуы қандай?
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалдарын мұқият талдап, онымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нетижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беретін, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіретін, сол арқылы білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе емес.
Озат тәжірибенің төртінші белгісі - оның жаңалығы. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Дәріс 19. Озат педагогикалык тәжірибе мен инновация.
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Инновация туралы ұғым.
1. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған проблемаларды тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір проблеманы шешу үшін әдіс- тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ және тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып отырады. Мұғалім оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиісті қорытындылар жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра береді. Олар: сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамалары жатады.
2. "Инновация" ұғымы нені білдіреді? Инновация дегеніміз педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, формаларын, әдістерін, құралдарын енгізу.
"Жаңалық", "инновация" деген ұғымдардың мағыналары бірдей: нақты жағдайда жаңа болып есептелінетін; мақсатқа жетуге ықпал ететін идеялар, құралдар.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі формалары, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20-жылдары мектеп практикасында жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды. 70-80 жылдары Ш.А. Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан- жақты дамыту.
Инноваииялық іс-әрекет. Бұл қазіргі мектеп жұмысын дамытатын іс -әрекет. Ол арқылы мектеп өмірінде оң өзгерістер болады. Инновациялық іс-әрекет қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес келеді. Басқа салалардан алынған ережелер педагогикалық процеске енгізіледі. Әрбір мұғалім өзінің оқу-тәрбие жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
Инновацияға себепші болатын жағдайлар
Жаңалықты жобалау
Жаңалықты жүзеге асыру
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Әрбір мектеп жаңалықты не себепті енгізетінін және жобасының дұрыстығын дәлелдеу керек, сонымен қатар жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білген жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор бар.
1) Мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа
технологияларын жасауға қабілеттілік. Педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы.
Инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы.
Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың консультация беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу қажет.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
Инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер,
көмектесушілер, қарсы тұрушылар, ештеңе істемейтіндер. Тек қана
мектептің оқу-тәрбие жұмысына елеулі түрде әсер ететін жаңалықтарды енгізген жөн.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
Білім мазмұнындағы инновация.
Оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, формасы, әдістері және құралдарындағы инновация.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдасатырудағы инновация.
Мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалық арқылы болған өзгерістердің сипатына қарай инновация бірнеше түрге белінеді:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты). Оның мысалы: бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін жұмыстарға енгізілген жаңалықтар.
- жүйелі (барлық мектептерде болатын өзгерістер). Әдебиеттер инновацияны модификациялық, комбинаторлық, түбірлі деп бөледі.
Модификациялық инновацияны қолданған мұғалім педагогикада бар тәсілдерді жетілдіреді. Мысалы А.С. Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А. Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
Комбинаторлық инновацияны енгізгісі келетін мұғалім бұрын белгілі әдістердің элементтерін бір-біріне қосады. Ол әдістерді бұрын бірде-бір мұғалім бір-бірімен байланыстырып қолданбаған болып шығады. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі өзгерістерге мысал: мектепке білімнің мемлекеттік жаңа стандарттарының (12 жылдық) енгізілуі.
Дәріс 20. Математикалық әдістер
Тіркеу
Шкалалау
Салыстыру
Математикалық әдістер. Педагогикада математикалық әдістер сауалнама және эксперимент әдістерімен алынған мәліметтерді өңдеу үшін сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшер тәуелділігін орнату үшін қолданылады.
Олар эксперимент нәтиежесін бағалауға көмектеседі, шешімдердің сенімділігін жоғарылатады, теориялық жалпылау үшін негіз болады. Педагогикадағы қолданылатын өте кең тараған математикалық әдістер тіркеу, ранжирлеу, шкалалау.
Тіркеу – берілген сапа бар ма әлде жоқ па солардың жалпы есептеу санына және топтық әр мүшесінің белгілі сапасын анықтау, шығару әдісі. Тізу – немесе дәрежелі бағалау әдісі белгілі жүйелікте жиналған деректер орналасуын әдетте шығу немесе қандай болмасын көрсеткіштердің жету тәртібі және соған сәйкес осы қатардан әр зерттелушінің орын анықтауы (мысалы, артық бағаланатын сыныптастар тізімін жасау) талап етеді.
Шкалалау – педагогикалық құбылыстардың жеке жақтарын бағалауға сандық көрсеткіштерді енгізу. Бұл мақсаттар үшін сыналатындарға сауалдар қойылады, сауалдарға жауап бере отырып, олар көрсетімен бағалардың біреуін таңдауы міндетті. Мысалы: Бос уақытта қандай бір қызметпен айналысу туралы сұрақты бағалайтын жауапкершіліктерінің біреуін таңдау керек. Жүйелі түрде шұғылданамын, жүйесіз шұғылданбаймын.
Салыстыру – алынған нәтижелелерді қалыпты мөлшердегімен (берілген көрсеткіштермен) салыстыру, одан ауытқу және жіберілетін аралықтармен қорытындылар қатынасын шамалайды.
Мысалы: тұлғаның қалыпты өзін-өзі бағалауы 0,3 тен 0,5 ке дейінгі коэффициент болып табылады.
Егер ол 0,3-тен кем болса өзін-өзі бағалауы төмен, егер 0,5-тен артық болса өзін-өзі бағалауы жоғары.
Дәріс 21. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Жазба жұмыстары.
Реферат.
Баяндама және бақылау жұмысы.
1. Жазба жұмыстары – студенттердің алғашқы жұмыстары. Олар студенттің кәсібилігінің қалыптасуында маңызды орын алады. Олардың әрқайсысы - өзіндік ғылыми-қолданбалы зерттеу және студенттердің білімін бақылаудың, есеп берудің бір формасы, таңдалған мәселе бойынша жинақталған дәлелдемесі болып табылады. Баяндамалар, рефераттар, бақылау және курстық жұмыстар студенттердің кәсіби білімінің теориялық және әдістемелік деңгейін көтерудің, пәндерді оқытудың маңызды құралы.
Жазбаша тапсырманы орындау сізге әуелі оқу-зерттеу жұмысымен айналысуға, кейінірек ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде шығармашылық қасиетті және кәсібіңізге шығармашылық қатынасты қалыптастырады.
Курстық жұмыс тереңірек және көлемдірек. Зерттеу жұмыс – бұл зерттеу жұмысының әдісін игерудегі алғашқы саты. Курстық жұмыс психологиялық-педагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша білімді жүйелеуге, қорытындылауға, кеңейтуге көмектеседі. Оның барысында іздену, ақпаратты пайдалану және өңдеудің жаңа әдістері игеріледі, педагогикалық бағдары айқындалады, педагогикалық пікірін қорғауға үйренеді. Курстық жұмыс кәсіби тәжірибемен тығыз байланысты.
2.Реферат.
Реферат (лат. тіл.- refero – хабарлаймын) – ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде немесе жазбаша түрде беру. Бұл студенттердің өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Мұнда студенттердің қарастырған мәселелерінің мән-мағынасы ашылады, материал проблемалық сипатта баяндалады, әртүрлі көзқарастар келтіріледі, сондықтан ол мәселеге өзінің жеке көзқарасын білдіреді. Реферат көлемі 1,5 интервал арқылы жазылған 5-15 бетті қамтиды.
Реферат тақырыбын таңдамас бұрын өзіңізді қандай мәселе қызықтыратынын анықтап алу керек. Реферат жұмысын бастамас бұрын жоспар құрып, әдебиеттерді таңдап алған жөн. әуелі оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, сонан соң ақпараттың қайнар көзін кеңейтуге болады, жаңа ғылыми ақпараттар беретін арнайы журналдар пайдаланылады.
Реферат құрылымы және безендірілуі:
титулдық бет;
жоспар;
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
әдебиеттер тізімі.
Рефератты өңдеуде 8-10-нан кем емес әр түрлі әдебиеттер пайдаланылады. Кесте, график, сызба енгізуге болады.
Рефератты бағалау:
тақырыпқа мазмұнның сай келуі;
материалдың өзектілігі;
әдебиеттерді дұрыс және толық пайдалану;
рефераттың безендірілуі.
Оқытушының шешіміне байланысты реферат семинарда қарастырылуы мүмкін немесе оқытушы мен студенттердің арасында жеке талданады.
3. Баяндама және бақылау жұмысы.
Баяндама - өзіндік жұмыстың бір түрі, сабақта және сабақтан тыс пайдаланылады, зерттеу жұмысын жүргізу тәсілдерінің қалыптасуына ықпал етеді, танымдық қызығушылықты қалыптастырады, практикалық ойлауға үйретеді. Баяндама жазарда тақырып бойынша жоспар құрып, негізгі әдебиеттер таңдалады. әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, алынған мәліметтерді жүйелеп, қорытындылау қажет. Тақырып үлкен болса, баяндама сұрақтарын бірнеше студентке бөліп беруге болады. Қазіргі кезде оқу орындарында баяндама мен рефераттың еш айырмашылығы жоқ және олар сынақ жұмысы болып табылады.
Бақылау жұмысы – меңгерілген білімді бағалау мен тексерудің, танымдық әрекеттің сипаты жайында, оқу үрдісінде студенттердің дербестігі мен белсенділігі, оқу әрекетінің әдістері, формалары мен тәсілдерінің тиімділігі жайында ақпарат алудың формасы. Бақылау түрлері: сыныптық және үйде орындалатын бақылау; ағымдық және емтихандық; жазбаша, графикалық және практикалық; фронталды және жеке. Жазбаша бақылаудың ерекшелігі ауызшаға қарағанда кең түрде объективті болып келеді. Жазбаша бақылаудың түрлері оның мазмұны мен спецификасына, студенттердің жалпы жаму деңгейіне байланысты. Жазбаша бақылау жұмыстары үшін маңызды нәрсе: тапсырмалар жүйесі белгілі бір тақырып бойынша білім деңгейін анықтау; зерттелетін заттар мен құбылыстардың мәнін түсіну; өз бетімен қорытындылар жасау, білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану іскерлігі.
Осылайша, бақылау жұмысы – бұл өзіндік ерекше жазбаша емтихан, ол күрделі дайындықты қажет етеді. Педагогикалық колледждер, жоғары оқу орындарында бақылау жұмыстары көбінесе сырттай оқу бөлімдерінде таралған және олардың сағат саны оқу жоспарында бекітіледі. Бақылау жұмысын даярлауда ұсынылған негізгі әдебиеттер тізімімен қатар қосымша ақпарат көздерін қатыстырған жөн, себебі оны тексеру барысында ерекше көңіл бөлінеді.
Бақылау жұмысы титульдық беттен, жоспардан, сұрақтар тізімі мен тапсырмалардан құралады. Жұмыс өте ұқыпты, қатесіз-боямасыз, әдемі жазумен жазылады. Сұрақтар берілген жауаптар өте нақты, қисынды, тақырыпқа сәйкес, қорытындылармен, жалпылаумен, өзіндік бағамен берілуі тиіс. Бақылау жұмысының соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Дәріс 22. Курстық жұмыс және оған қойылатын талаптар.
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар.
Курстық жұмысты орындау қисыны.
1. Педагогикалық институтта студенттер ғылыми зерттеу негізінде курстық жұмысты орындайды. «Курстық» деп атауы нақты бір курсқа байланысты білім алу дегенді білдіреді. Курстық жұмыстар әртүрлі дисциплинада жазылады, бірақ жұмыс барысында студенттің білімі және дағдылары қорытындыланады. 1 жыл ішінде әлде 1 семестр ішінде орындалады. Оқу жоспары бойынша кейбір факультеттерде курстық жұмысты педагогикадан жазу қарастырылған. Курстық жұмысты орындау зерттеу әдістері мен әдістемелерін меңгеруге педагогикалық әрекетке қызығушылығын ояту педагогикалық процесті көру және талдау қабілеттерін қалыптастырады.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:
студенттердің психологиялық және педагогикалық мәселелері бойынша білімінің кеңеюі;
студенттің педагогикалық тапсырмаларды шешуге шығармашылық дағдының қалыптасуы, мектеп сараманындағы және өзінің жұмыс қорытындыларын бағалау қабілеттігі;
студенттің теориялық білімдерін практикада қолдана алуы, алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдау, педагогикалық практикадағы жеке тәжірибесі педагогикалық процестегі заңдылықтары мен негіздері орын алып отырады.
Курстық жұмыс психологиялық-педагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша білімді жүйелеуге, қорытындылауға, кеңейтуге көмектеседі.
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:
Тақырыптың өзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.
Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.
Зерттеу мәселесінің тарихын, мұғалімдердің озат тәжірибесін және өзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.
Өз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.
Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.
Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).
Курстық жұмыстың көлемі: компьютерде терілген 40-50 бет.
2. Курстық жұмысты орындау қисыны.
1 кезең – зерттеуге дайындық.
1.1. Зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін анқытау:
зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу негізінде тақырыпты алдын-ала таңдау;
зерттеудің объектісін анықтау;
зерттеудің пәнін анықтау.
1.2. Зерттеуді ұйымдастыру және өткізуге дайындық:
зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық тәжірибені талдау және «Әдістемелік әдебиеттерге және педагогикалық тәжірибеге шолу» атты мәтін даярлау;
тақырыпты нақтылау;
зерттеудің гипотезасын, мақсат-міндеттерін белгілеу;
зерттеу әдістерін таңдау және зерттеу өткізетін базаны (мектеп, сынып, балабақша, топ және т.б.) анықтау.
2 кезең – тәжірибе жұмысын даярлау және өткізу
2.1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау:
экспериментальдық және бақылау топтарын анықтау;
зерттелетін объектілерді бақылау әдістері мен диагностикалық әдістерді және оларды жазып алудың формасын белгілеу;
зерттеу тақырыбы бойынша балалармен жұмыс жасау жүйесін (сабақтардың, тәрбиелік шаралардың және т.б. конспектілері) даярлау;
зерттеу нәтижелерін талдау әдістемесін жасау;
тәжірибе жұмысын өткізу үшін таңдалған әдістер мен тәсілдерід қолдану мүмкіндігі мен диагностикалық әдістемелерді нақтылау мақсатында тәрбиеші, мұғалім, оқушылардан кеңес алу.
2.2. Тәжірибе жұмысын өткізу:
анықтаушы экспериментті өткізу;
анықтаушы эксперименттің нәтижесін талдау негізінде гипотезаны тексеруге және тәжірибе жұмысының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған балалармен жұмыс жүйесін (сабақтар, тәрбиелік шаралар, жеке жұмыс және т.б.) өткізу;
қалыптастырушы эксперименттің өтуін талдау, гипотезаны және тәжірибе жұмысын нақтылау, мүмкін болатын жағымды және жағымсыз нәтижелерін анықтау арқылы тәжірибе жұмысын бейнелеу, оның тиімділігінің психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау және жағымсыз құбылыстарды жою;
жасалған қорытындылар негізінде ғылыми гипотезаны негіздеу, зерттеу міндеттерінің орындалуын тексеру, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау мақсатында қалыптастырушы экспериментті қайта өткізу;
қорытынды бақылау эксперименті, талдау, қорытындылар, ұсыныстар.
3 кезең – курстық жұмысты безендіру
3.1. Курстық жұмысты жазуды аяқтау:
дайындалған мәтіндерді тарауларға біріктіру, орналастыру;
нәтижелерді, қорытынды жазу;
қорытынды құрастыру;
кіріспе жазу.
3.2. Әдебиеттер тізімін жазу.
3.3. Иллюстрациялар тізімін жасау.
3.4. Қосымшаларды орналастыру.
3.5. Мазмұнын құру.
3.6. Титулдық бетін безендіру.
Дәріс 23. Курстық жұмысты орындау әдістемесі.
Зерттеуге дайындық кезеңін өткізу.
Библиографиялық ізденіс
1. 1 кезең – зерттеуге дайындық.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттеудің «объектілі саласын», «объектісін», «пәнін» анықтау қажет, себебі әрбір тақырып белгілі бір жүйе аймағында орналасады.
Педагогикалық зерттеудің объектілі саласы – зерттеу объектісі орналасқан ғылым мен практиканың аймағы, саласы. «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын студенттердің объектілі саласы – «бастауыш мектеп педагогикасы», «кіщі мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері», «математиканы бастауышта оқыту әдістемесі» және т.б. болып табылса, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша объектілі сала – бұл «жалпы білім беретін мектеп педагогикасы», «пәндерді оқыту әдістемесі», «мектеп оқушыларының психологиясы» болып табылады.
Зерттеу объектісі – объектілі саланың ірі, дербес бөлігі. Онда зерттеудің пәні орналасқан. Мысалы, егер объектілі сала – кіші мектеп жасындағы балаларды экологиялық тәрбиелеу әдістемесі болса, объект бұнда экологиялық тәрбие берудің әдістері, формалары, басқа тәрбие түрлерімен байланысы, тәрбиелеу ерекшеліктері болып табылады.
Зерттеу пәні – объектінің бақылау бөлігі. Егер объект «Балаларға экологиялық тәрбие беру әдістері» болса, онда зерттеу ретінде кез-келген әдісті алуға болады. Мысалы, зерттеу пәні ретінде «Экскурсия экологиялық тәрбие берудің әдісі ретінде» деп анықталады.
Зерттеу пәні аясында алдын-ала тақырып белгіленеді. Тақырып – «Бастауыш мектепте экологиялық тәрбие берудің негізгі әдісі - экскурсия».
Осылайша, объектілі саласы, объекті, пән арасындағы қатынас – жоғарыдан төменге қарай бағыныңқылықты белгілейді. Басқаша айтқанда, объект объектілі саладан тарлау, пән объектіден тарлау.
2. Библиографиялық ізденіс
Кез-келген студентте кітапханада жұмыстану қажеттілігіне пайда болады. Ең алдымен өзіңіздің үйдегі шағын кітапханаңызға шолу жасаңыз. Журналдар мен газеттерден зерттеу тақырыбы бойынша өзіңізге қажетті мақаланы кезіктіруіңізде мүмкін. Содан кейін өзіңіздің оқитын оқу орындағы кітапхана қорына жүгініп, кейін оқырмандар кітапханасына баруыңызға болады. Қажетті әдебиеттерді іздеу – ұзаққа созылатын еңбек. Оның мәні ерекше, себебі жарияланған материалдардың толықтығына сіздің курстық жұмысыңыздың сапасы тәуелді.
Негізінде анқытамалық-библиографиялық бөлімде жұмыстанудың арнайы уақытын белгілеп, белгілі бір сағаттарда барған жөн. Ең алдымен, педагогикалық және психологиялық сөздіктерге, педагогикалық және психологиялық энциклопедияларға назар аудару керектігін ұмытпаңыз. Себебі педагогикалық энциклопедияларда мәселе бойынша қысқаша мәліметпен бірге сол мәселе жайында жарияланған негізгі еңбектердің тізімі де қосымша беріледі. Содан кейін зерттеу әдістемесі бойынша кітапхана каталогында жұмыстануға болады.
Каталогтар – бұл брошюра немесе карточка түрінде жазылған, кітапхана қорында жинақталған кітаптар тізімі. Каталогтардың 4 түрі белгілі: алфавиттік, пәндік, жүйелі және жаңа басылымдар.
Егер сіз кітаптың атауын және авторын білсеңіз, онда алфавиттік каталогқа барасыз. Пәндәк каталогта кітаптар белгілі бір пәнге арналған бөлімшелерге жинақталады. Бұл бөлімшелердің өздері алфавит бойынша орналасқан, ал бөлімше ішіндегі кітаптар да алфавиттік реттелген. Жйелі каталогта кітаптар бөлімшелерге ажыратылған, бұнда тек алфавиттік ретпен емес, пәндік жүйе бойынша орналасады. Жаңа түскен кітаптар каталогы – соңғы жарты жылда келіп түскен жаңа басылымдардың жүйелі каталогы. Каталогтан алынған әдебиеттер мәліметі жеке карточкаларға анық және дұрыс толтырылып (кітапханадан алу үшін шифрмен бірге жазылып алынады) жазылады. Мысалы, Бахишева С.М. Гимназияны басқару,-Алматы, 2004.-200 б.
Одан әрі карточкалар алфавит бойынша жүйелеп, әдебиеттер тізімі жазылады. Таңдалған тақырыпқа еніп, оны таңдалған әдебиеттер көмегімен ашу үшін берілген әдебиеттерді оқу мен жазудың жалпы ережелерін сақтай отырып, оларға шолу жасау қажет.
Курстық жұмыс сипаттаушы-жалпылаушы сптақа ие болғандықтан, әдебиеттерді талдауда тек қажеттілері мен маңыздыларын алған жөн. Сондықтан курстық жұмысқа тапқан материалдың барлығы енгізу қажет емес. Әдебиеттерді шолудың өзі саралау тұрғысын қажет етеді. Олардың бір бөлігінде өте маңызды материал болуы мүмкін, сондықтан оны мұқият өңдеп, конспектілеп алған дұрыс. Басқа әдебиетте тақырыптың тек кейбір жақтары ашылған болса, онда оны конспектілеудің қажеті жоқ, үшіншісі таңдалған тақырыпқа байланысты болмауы мүмкін, сондықтан өңдеуді талап етпейді. Ф.Бэконның айтуынша, тек дәмін қарайтын кітаптар болады, ал кейбір кітаптарды тұтастай жұтып қоюға болады, тек аз ғана кітаптарды шайнап, қорыту керек.
Әдебиеттерді зерттеудің міндеті – түрлі авторлардың белгілі бір мәселені қоб және шешу сипатын, олардың қорытындылары мен жалпылауларының аргументтігін бақылау, оларды талдай отырып, алынған материал негізінде өзіндік ұғына отырып, сол мәселенің қазіргі күйін анықтау мақсатында алынған материалды жүйелеу. Алынған материалды өңдеу міндетті түрде оқылған материал мен өзіңнің ескертулеріңді жазыр отыру керек. Жазу формасы – конспект, суырма, негізгі қағидалар, тезистер, идеялар, әдістемелер картотекасы. Бұл кейінірек алынған ақпаратты жіктеуді, жүйелеуді жеңілдетеді.
Әдебиет атауы
|
Негізгі тезистер, мәселелер
|
Комментарийлер
|
|
|
|
Жазбаларды жеке қағаздарға немесе дәптер бетінің бір жағына жазған дұрыс. Жазба формалары автордың идеяларын еркін баяндау немесе цитата түрінде жазылады. Цитата тырнақша алынып, цитата алынған кітаптың беті көрсетіледі. Материалды еркін баяндау жағдайында да жүйелі түрде конспектіленетін кітап немесе мақалалардың бетін көрсетіп отыру қажет. Жазбалар – бұл материалды жинақтаудың, алғашқы өңдеудің ең тиімді тәсілі, ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың міндетті формасы. Тақырыпты нақытлаған соң гипотезаны (блолжамды) өңдеуге кірісіңіз.
Гипотеза дегеніміз не? Гипотеза (грек сөзі «гипотезис» - негіз, болжам) – құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жайында болжамдық ой. Гипотеза түрлері: жұмыс және ғылыми (немесе шынайы). Жұмыс гипотезасы – қолда бар материалды жүйелеу үшіе жасалатын уақытша болжам. Ғылыми (шынайы) гипотеза – көп материал жинақталған шақта, шешім «жобасын» ұсыну мүмкіндігі болағн шақта, ғылыми теорияға айналдыру,а болатын қағидаларды ұсынатындай шақта жасалатын болжам. Осылайша, жұмыс гипотезасы зерттеудің басында жасалса, ғылыми гипотеза жұмыс барысында жұмыс гипотезасын өзгертуден туындайды. Гипотезадан зерттеудің мақсат-міндеттері шығады.
Дәріс 24. Курстық жұмысты орындау әдістемесі.
Зерттелген материалды баяндау.
Зерттеу әдістері және оларды таңдап алу.
1. Зерттелген материалды баяндау.
Курстық жұмыстың мақсаты – таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау, мәселенің қазіргі күйін, қысқаша тарихын баяндау, қорытындылар жасау және оларды дәлелдеу. Шолуда тақырып бойынша түрлі авторлардың тұрғылары талданып, салыстырмалы баға беріледі.
Жинақталған материалды жалпылау оны жүйелеуді және жіктеуді қажет етеді. Бұл жұмысты орындауда уақытты үнемдеуге парақтың бір жағына жазылған жазба көмектеседі. Бұл жазба формасы материалмен жеңіл жұмыстануға мүмкіндік береді, яғни оны қиюға, жапсыруға, орнын ауыстыруға болады.
Шолу кезінде бірінен соң бірін кітаптар мен мақалалардан алынған барлық материалды баяндаудың қажеті жоқ. Сұрақтың мәнін ашатындай, курстық жұмысының жоспарына, мақсат-міндеттеріне сәйкес негізгі қағидалар мен басты идеяларды анықтайтындай болу керек. Осылайша, шолудың сипаты хронологиялық емес, түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, проблемдік сипатқа иеленуі тиіс. Курстық жұмыстың тілі қарапайым әдеби тілмен, жалпыға түсінікті терминдерді қолданумен терең және анық баяндалуы тиіс. Бір сөздің қайталану жиілігі 50-100 сөз интервалында болғаны жөн. Курстық жұмыстың мазмұны - әдебиеттерді зерттеу негізінде өзіндік түсіну және мәселені ұғыну болып табылады. Авторға және оның жұмысына сілтеме жасау өте маңызды. Қажет кезінде бұндай сілтеме оқырманға сол әдебиетке тікелей жүгініп, нақтылауға мүмкіндік береді.
Мәтінде авторлық пікірлергі сілтеме жасауда мына етістіктерді қолдануға болады:
Автор:
талдайды;
қарсы пікір білдіреді;
көзқарасын айтады;
толықтырады;
дәлелдейді;
мүмкін деп жібереді;
сұрақ қояды;
баяндайды;
сенім білдіреді;
табады;
бастайды;
көзқараспен келіспейді;
келіспейді;
айқындайды;
талқылайды;
түсіндіреді;
қолдайды;
жауап береді;
белгілейді;
қорғайды;
анықтайды;
мазмұндайды;
жазады;
қайталайды;
мүмкіндік береді;
болжайды;
ойлайды;
түсінеді;
ұсынады;
көрсетеді;
таниды;
көзқарасты қабылдайды;
қорытынды жасайды;
сұрақты талқылайды;
сұрақты қарастырады;
қосылады;
шешеді;
түсіндіреді;
ұсынады;
мәселені шешеді;
келіседі;
күмәнданады;
айтады;
сұрайды;
сілтеме жасайды;
есептейді;
көрсетеді;
еске салады;
сендіреді;
нақтылайды;
дәлелдейді.
Цитата алынғаннан кейін оның көзін көрсетуді ұмытпаңыз.
2. Зерттеу әдістері және оларды таңдап алу.
Зерттеу әдістерін таңдау зерттеу тақырыбына, проблемасына, гипотезасына, мақсатына тәуелді.
Зерттеу объектісіне, пәніне, міндеттеріне, жинақталған материалға сәйкес әдістер таңдаған жөн. Олар қазіргі ғылыми зерттеудің талартарын орындауы тиіс: перспективті болуы, яғни сенімді нәтиже беруі; зерттеудің логикасына сәйкес болуы; оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамытуға бағытталуы; әдістердің өзара байланысы.
Дәріс 25. Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлімін өткізу әдістемесі.
Зерттеудің 2-ші кезеңі (немесе тәжірибелік бөлім).
Курстық жұмыстың безендірілуі
1. Зерттеудің 2-ші кезеңі (немесе тәжірибелік бөлім).
Бұл кезеңде анықтаушы эксперимент (тексеру), қалыптастырушы эксперимент (құрылымдық, өзгерту) және бақылау эксперименттерін біріктіретін тәжірибе жұмысының құрылымы анықталады.
Анықтаушы эксперимент - зерттеудің басында өткізіледі және оның міндеті зерттелетін құбылыстың практикадағы жағдайын анықтау. Қолданылатын әдістер: бақылау, әңгіме, анкета, оқушылар жұмысын, сабақ конгспектілерін зерттеу және т.б.
Қалыптастырушы эксперимент – эксперименттің келесі кезеңі. Міндеті – жаңа шарттарды орындай отырып, осы шарттардың тәрбие мен оқытудың тиімділігіне қаншалықты әсер ететіндігін зерттей отырып, ұсынылған гипотезаны тексеру. Бұл кезеңдегі өте маңызды нәрсе – тәжірибе жұмысының барысы мен нәтижесін жазып алу әдістемесі, алныған мәліметтерді талдау әдістемесі, мәліметтерді статистикалық өңдеу, кесте құру және т.б.
Бақылау эксперименті өткізілген жұмыстың нәтижесін (гипотезаның дұрыстығы немесе қателігі) нақтылауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың практикалық бөліміне енеді:
әдіс-тәсілдерді жасау: анкета, сұрақтар тізімі және т.б.;
сабақтар мен тәрбие шараларын даярлау;
жаттығулар, тренингтерді іріктеу және т.б.
Эксперимент жұмысы аяқталғаннан кейін оны өңдеу керек: сабақ, тәрбие шарасын, жаттығулардың өткізілуін баяндау, қателіктерді көрсету, қорытындылар жасау.
2. 3 кезең – курстық жұмыстың безендірілуі
Курстық жұмыстың безендірілуі жұмыстың жоспарына сәйкес тарауларды топтастырудан басталады (2 қосымшаны қараңыз). Әрбір тарауларды мұқият оқып шығып, оларға қорытынды жазу керек. Содан кейін жапы жұмыстың теориялық және практикалық зерттеулер бойынша қорытынды жазылады. Сонан соң жұмысқа кіріспе жазылады.
Кіріспе - ғылыми-зерттеу жұмысының алғышарт бөлімі. Автор оқырманды қызықтыратындай сөзі бастап, зерттеудің практикалық мәнділігін көрсетіп, эксперименттің базасын, зерттеудің әдістерін, қорғауға ұсынылатын қағидаларды, объектісін, пәнін, гипотезасын, зерттеудің мақсат-міндеттерін тартымды баяндайды.
Курстық жұмыстың құрылымдық бөлімі – библиография, немесе әдебиеттер тізімі. Бұл алфавиттік рет бойынша орналастырылған кітаптар мен мақалалар тізімі (3 қосымшаны қараңыз).
Курстық жұмыс иллюстрацияларға, қосымшаларға ие болуы мүмкін. Олардың әрбіреуі араб сандарымен нөмірленеді және тақырыбы болады. Қосымшалар араб сандарымен нөмірленеді, олар жұмыста келтірілу реті бой»ынша орналастырылады.
Мазмұны жұмысты топтастырғаннан кейін құрылады ( қосымшаны қараңыз). Содан кейін титулдық бет жазылады ( қосымшаны қараңыз). Талаптары:
авторлық мәтін компьютерде 14 кеглімен, Times New Roman шрифтімен, 1,5 интервалмен А4 форматты бетті терілуі тиіс;
терілген мәтіннің көлемі: жоғарғы – 20 мм, оң – 10 мм, сол – 20 мм кем емес, төменгі – 20 мм болуы тиіс;
мәтін беттері 3 –ші «Кіріспе» бетінен бастап араб сандарымен нөмірленеді. Титулдық бет және мазмұны жалпы беттер саны енеді, бірақ нөмірленбейді;
бас әріптермен жазылады: МАЗМҰНЫ-ЖОСПАРЫ, ТАРАУЛАР АТАУЫ;
әдебиеттер тізімі алфавит бойынша жазылады;
курстық жұмыс тігілген болуы тиіс.
Дәріс 26. Курстық жұмысты қорғау тәртібі.
Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысқа жетекшілік ету.
Курстық жұмыстың құрылымы
1. Курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмыс кафедра отырыстарында, базалық оқу орындарында (балабақша, мектеп, УПК), кіші курстағы студенттер алдында қорғалуы мүмкін.
Қорғауда студент 7-10 минутөа созылатын қысқаша баяндама жасайды, онда курстық жұмыстың тақырыбын таңдау мотиві, оның өзектілігі, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеудің мақсат-міндеттері, курстық жұмыстың ақпарат көздері айтылып, практикалық бөлімге, зерттеу әдістеріне және алынған нәтижелерге кеңірек тоқталып, көрнекіліктерді демонстрациялайды.
2. Курстық жұмысқа жетекшілік ету.
Курстық жұмыстарға жетекшілікке тек қана ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген мұғалімдерге тапсыруға болады. Ғылыми жетекшісінің негізгі ерекшелігі:
1. Студенттерге тақырыпты және жұмыс көлемін анықтауға көмек беру, зерттеу нормасын нақты белгіліп алу.
2. Курстық жұмысты бастамас бұрын студенттерге лекция оқылып, әдістемелік сұрақтар туралы консультациялар өткізіліп, курстық жұмысты орындаудағы жалпы талаптар және нақты шарттар айтылады. Теориялық және практикадағы жоспардағы зерттеу мәселелерін ашу үшін ұзақ және жүйелі жұмыс қажет. Бұдан жоспар-график негіз болады, курстық жұмыстың этаптарын кірістіреді, зерттеу түрлерінің әрбір этапта нұсқау мазмұнымен байланысып жатады.
3. Кейіннен ғылыми жетекшісі студенттерді әдебиеттермен жұмыс істеуге негіздейді, материалды жинау әдістері педагогикалық тәжірибе және эксперименталды бағдарламалардың құрылуына негіз болады.
4. Жетекші студентке олардың жұмыстарында көмек көрсетіп, курстық жұмысты орындауды систематикалық бақылап, консультация белгіленіп, тақырып бойынша жинақталған материалды талдайды.
5. Ғылыми жетекші курстық жұмысты зерттеп және рецензиялайды, кафедраға курстық жұмыстың дайындығы туралы хабарлап, қорғау күнін белгілейді.
Курстық жұмыстарға жалпы жетекшілікті кафедралар, оқу ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады. 2-3-ші курстарда студенттер курстық жұмыс тақырыбын және ғылыми жетекшісін таңдайды. 1-ші кездесу барысында курстық жұмыстың тақырыбы анықталып, оны даярлау кестесі құрылады. Айына екі рет оқытушы студентке кеңес беріп отыруы тиіс, дер кезінде көмек береді. Жетекшінің міндеті – аяқталған курстық жұмысты тексеру, жазбаша пікір беру ( қосымшаны қараңыз) және студенттерді курстық жұмысты қорғауға даярлау. Ең жақсы курстық жұмыс ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылады. Курстық жұмыстар арнайы журналға тіркеліп, тиісті бағасы қойылады.
3. Курстық жұмыстың құрылымы
Титулдық бет.
Мазмұны.
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі, әдебиеттерге, зерттеу әдістеріне, тәжірибе өткізілген базаға сипаттама, тараулардың мазмұны бойынша қысқаша түйіндеме, зерттеудің жаңалығын баяндау.
I тарау. Тақырыптың теориялық негізделуі.
1.1. Зерттелетін проблеманы ғылыми негіздеу және оның тарихы.
1.2. Проблеманың қазіргі жай-күйі, зерттелген әдебиеттер және мектеп практикасы негізінде оның өзектілігі көрсету.
1.3.Практика қажеттіліктеріне сүйене отырып, зерттелетін проблеманың мазмұнын, формаларын және әдістерін өзектілеу.
II тарау. Зерттелетін проблема бойынша жұмыс жүйесін апробациялау (сынақтан өткізу), яғни гипотезаны тексеру және ұсыныстар беру.
2.1. Тәжірибе жұмысын даярлауды баяндау.
2.2. Тәжірибе жұмысын өткізуді баяндау.
2.3. Тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдауды баяндау.
2.4. Қолданылған әдіс-тәсілдерді (оқыту және тәрбиелеу құралдарын) пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар.
Қорытынды
тараулар бойынша қорытындылар саны;
жалпы жұмыс бойынша өзіндік баяндама;
зерттеудің теориялық және практикалық мәніне, ғылыми жаңалығына кең түрде сипаттама.
Әдебиеттер тізімі.
Иллюстрациялар.
Қосымшалар.
Дәріс 27. Педагогика пәні бойынша курстық жұмыстың жалпы құрылымы.
Курстық жұмыстың сыртқы бейнесі.
Курстық жұмыстың ғылыми аппараты
Титулдық бетті толтыру реті.
Педагогика пәні бойынша курстық жұмыс
Курстық жұмыстың құрылымы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I тарау. Қазіргі жағдайда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1.1. Адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
1.2. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау.
II тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен формалары.
2.1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері
2.2. Оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны және ұйымдастырылуы.
2.3. Адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің шарты ретінде оқу және тәрбие жұмыстарының бірлігі.
2.4. Тәжірибе жұмысын ұйымдастыру, оның нәтижелері және тиімділік көрсеткіштері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қосымшалар.
Зерттеу объектісі: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің формалары, әдістері және құралдары.
Проблема: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу формалары, әдістері және құралдарының қайсысы тиімдірек.
Зерттеу гипотезасы: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігіне мына жағдайларда қол жеткізуге болады: қоршаған адамдардың адамгершілік бейнесі және олардың беделге иеленуі, баламен қарым-қатынас жасаудың ізгіліктік сипаты; қазіргі талаптарға сәйкес адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің даярлығы; мектепте адамгершілік-хұқықтық орта және қарым-қатынас стилін орнату.
Зерттеу міндеттері:
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі мазмұнын және қазіргі заман талаптарына сәйкес адамгершілік тәрбиелеудің әдістерін анықтау.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін талдау.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімді даярлау жолдарын анықтау.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің таңдалған формалары, әдістері және құралдарының тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді жүзеге асыруда ұсыныстар даярлау.
Қосымша 1
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика және психология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты
Мамандығы
Курс Топ
Жетекшісі (Ф.А.Ә.)
Орал, ... ж.
Қосымша 2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика және психология кафедрасы
(пәннің атауы) бойынша
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты
Мамандығы
Курс Топ
Орал, ...ж.
Қосымша 3
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты
Мамандығы
Курс Топ
Ғылыми жетекшісі (Ф.А.Ә.)
Орал, ...ж.
Дәріс 28. Курстық жұмысты бағалау.
Курстық жұмыстың сапасын бағалау критерийлері
Курстық жұмысқа пікір жазу.
Әдебиеттердің және ақпарат көздерінің библиографиялық аппаратын жазу
1. Курстық жұмыстың сапасын бағалау критерийлері
Курстық жұмыс тапсырылғаннан кейін жетекшісі пікір жазады. Курстық жұмысьың сапасын талдау объектісі – жұмыс барысында алынған теориялық және практикалық жаңалықтардығ жиынтығы.
Курстық жұмысқа баға беруде оның теориялық, практикалық мәнін және өзектілігін атап өткен дұрыс.
Теориялық мәні:
зерттеудің нәтижелері оқыту мен тәрбиелеудің ғылымда бар тұжырымдамаларын, идеяларын, тұрғыларын толықтырады, дамытады;
зерттеудің нәтижелері дидактика, тәрбие теориясындағы кейбір қағидаларды нақтылайды;
зерттеудің нәтижелері осы саладағы бар теориялық қағидаларды қайталайды.
Практикалық мәні:
алынған нәтижелерді практикаға, оқу-тәрбие процесіне, оқыту әдістемесіне ендіру;
зерттеу нәтижелері жеке-әдістемелік сұрақтарды, тәрбие тәсілдері мен әдістерін шешуде маңызды болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі оқыту мен тәрбие теориясы және практикасын дамытуда зерттеліп отырған проблеманы қарастыру және шешу қажеттілігін және дер кезінде шешім табу керектігін көрсетеді.
Қосымша 4
Пікір жазу үлгісі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Мамандығы __________________________________________________________
Курс ___________________________Топ __________________________________
Студент (Ф.А.Ә.)_______________________________________________________
Тақырып _____________________________________________________________
______________________________________________________________________
Пікір _________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Күні________ Бағасы _____________ Оқытушы қолы_____________________
3. Әдебиеттердің және ақпарат көздерінің библиографиялық аппаратын жазу
Егер ақпарат көзінің авторы белгілі болса, онда алдымен оның фамилиясы, кейін инициалдары жазылады:
Бахишева С.М. Гиназияны басқару. – Алматы, 2004.
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М., 1995.
Егер авторлар екеу немесе үшеу болса, онда авторлардың барлығы инициалдарымен кітапта орналасуы бойынша көрсетіледі:
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы, 2004.
Егер авторлар үшеуден көп болса, онда тек бірінші автордың фамилиясы және т.б. деген сөзбен тіркеле көрсетіледі:
Маркова А.К. және т.б. Ақыл-ойды диагностикалау және коррекциялау. – Петрозаводск, 1992.
Егер ақпарат көзінде қосымша мәліметтер (оқу құралы, оқулық, еңбектер жинағы, шолу, ғалым жазбалары) болса, онда негізгі атауынан кейін қос нүкте қойылып, бас әріппен қосымша мәліметтер беріледі:
Поляков С.Д. Психопедагогика воспиатния: Опыт популярной монографии с элементами учебного пособия и научной фантастики. – М., 1996.
Егер ақпарат көзі жалпы редакциядан (редакциясын басқарған) шыққан болса, онда ақпарат көзінің атауынан кейін бір қиғаш сызық (/) қойылады және әріптен кейін жазылады: /Жалпы ред.басқарған немесе Ред.басқарған. Содан соң – редактордың фамилиясы және инициалдары беріледі. Егер редакторы немесе құрастырушысы көрсетілсе, онда бұнда да бір қиғаш сызық (/) қойылады және бас әріппен жазылады: /Ред. немесе Құраст. Содан соң – редактордың немесе өқрастырушының фамилиясы және инициалдары беріледі.
Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны /Редакциясын басқарған А.С.Макаренко. Аударған З.Бейсенбаев/. - А., 1978.
Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу /Құрастырған В.П.Қырқалов,П.Э. Шпитальник. – А., 1975.
Ұстаздың шеберлікке жету жолдары /Құрастырған Ж.Нұржанова. – А., 1991.
Егер сілтеме белгілі бір мақалаға (әңгіме) берілсе, ал ол мақала сол автордың басқа шығармаларының ішінде болып, олардың бәрі бір кітапта орналасса, онда автор фамилиясы және инициалдарынан кейін мақала (әңгіме) атауы беріледі де екі қиғаш сызық (//) қойылып, ақпарат көзінің барлық библиографиялық мәліметтері беріледі:
Коменский Я.А. Великая дидактика //Коменский Я.А. Соч.: В 2 т. – М., 1982. – Т 1. – С.242-446.
Көптомдық басылымдарды жазуда автордың фамилиясы және инициалдарынан кейін былай жазылады: Шығ..жинағы немесе Шығ., қос нүкте қойылып, томның саны көрсетіледі: 3 т., 10 т.
Басылымның реттік нөмірі былай жазылады: 5-ші басылым; 2-ші басылым, толықтырылған; 3-ші басылым, түзетулер енгізілген.
Баспадан шыққан жері – міндетті библиографиялық элемент – атау септігі формасында беріледі: Алматы – А.; Астана –Ас.; Москва – М.; Ленинград – Л.; Санкт-Петербург – Спб.; Лондон - L.; Нью-Йорк –N.Y .
Баспадан шыққан жылы «ж.» әріпінсіз толық көрсетіледі: 2004.
Газет, журналдардан алынған ақпараттар былай көрсетіледі: автордың фамилиясы және инициалдары, мақала атауы, содан соң екі қиғаш сызық (//) қойылып, газет, журналдың атауы, нүкте, тире, жылы, нүкте, тире, журнал нөмірі (егер газеттен алынған болса, газеттің шыққан күні), нүкте, тире, беті, нүкте.
Шешенханова М. Мектеп басқарудың демократиялық алғышарттары //Қазақстан мектебі. – 1993. - № 2. – Б.3-6.
Әдебиет:
Виноградова Н.А. Методические рекомендации по выполнению письменных работ (для учащихся школ, студентов колледжей, ВУЗов). – М., 1999, с. 62.
Скаткин М.Н. Методология и методы педагогических исследований. – М., 1986.
Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. – М., 1992.
Загвязинский В.И. Методология и методика дидактических исследований. – М., 1981.
Загвязинский В.И. Учитель как исследователь. – М., 1980.
Дәріс 29. Дипломдық жұмыстарды орындау әдістемесі.
1. Дипломдық жұмысқа жалпы сипатама
2. Дипломдық жұмысты орындау әдісі.
1. Диплом жұмыстарының ғылыми жетекшілері әдістерді жоғары жүйелеу мақсатында өз жұмыстарын міндетті түрде белгілі жылдамдыққа жеткізіп отыру керек. Бірінші кезеңде жетекші нақты тақырыптың мақсатын, гипотезасын, негізгі кезеңдерін, зерттеу әдістері мен көздерін таңдауда студентке көмектеседі. Дипломдық жұмысты орындауда жетекші шектелген уақыттың өзгергенін ескере отырып, студентке тиімді жолдарды таңдауға көмектеседі.
Дипломдық жұмысты жазған жағдайда студент жұмысында жеке үйлесімдер болуы керек, әсіресе оқуға дайындық, қабілет, оның дербестік деңгейі, инициативалары. Ғылыми жетекшіден кеңес алуға кездесуге кесте құру керек. Студент өзіне жүктелген үлкен жұмыстарды белгілеуі қажет, ғылыми жетекшілер белгілеген жоспар қорытындыларынан ақпарат беріп отыруы керек.
Студенттің дипломды орындау барысында жетекші әрбір кезең қорытындыларын, оның дербестік зерттеу жұмыстарын тексереді, дипломанттың алдағы іс-әрекеттерінің мазмұны туралы нақты жарғы береді, кейін бөлім бойынша жай жазған қағазды оқиды, олардың қайта жұмыстауына кеңес береді, әрбір кезеңнің қорытындысы бойынша студенттің жұмысын талқылайды. Кезеңнің соңында ғылыми жетекші қолмен жазып аяқтаған мәліметтерді тексереді, жұмысқа шақыру қағаздарын құрады, кафедра мен оқу кеңесінің факультетіне дипломды қорғауға дайындығын жариялайды.
Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты қорғау кезеңі келесі талаптар бойынша:
аяқталған дипломдық жұмысқа студент қолын қояды және жетекшіге ұсынылады. Ол қарап болғаннан кейін ғылыми жетекші өзінің жазу бөлімімен бірге дипломды кафедра меңгерушісіне ұсынады;
жұмысты қорғау үшін жасалған мінездеме болу керек. Жетекшілері осы мәліметтің негізіне сүйене отырып, жұмысты қорғауға болатындығы туралы шешеді, осы бойынша дипломдық жобаға сәйкес келетін жазуларды жасайды;
қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыс декандарға рецензиялауға жіберіледі. Рецензиялаушы құрамы кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша оқытушылармен анықталады. Рецензияға өндіріс мамандары және ғылыми мекемелердің, жоғары оқу орындарының немесе басқа мекемелердің профессорлары ұсынылады, егер олар осы кафедрада жұмыс жасамайтын болса;
декан рецензияға сәйкес келетін кафедра меңгерушісімен таныстырады, диплом қорғаушы студентті және дипломдық жұмысты қорғау үшін МЕК рецензиясына бағыттайды.
Дипломдық жұмыс қорғалғаннан кейін оқу мекемесінің архивіне сақтауға тапсырылады.
Дипломдық жұмысты қорғағанда тақырыптың өзектілігі, мазмұны ескеріліп қана қоймайды, сонымен қатар зерттеу жұмысының нәтижесі, студенттердің ғылыми конференцияға қатысуы ескеріледі. Ғылыми жетекші диплом қорғаушыға зерттеудің нәтижесін іс-жүзінде асыруға көмектеседі.
Жетекші дипломды қорғау кезінде қатысып, оның сапалы да қазіргі заман талабына сай орындалуына жауап береді. Бірақта қандай жағдай болмаса да дипломант студенттің жауапкершілігі алынбайды. Дипломдық жұмысты басшылыққа алғанда педагогика және әдістемелі үйрету кезінде белгілі бір қиындықтар кездеседі.
Студенттің жұмысын 2 ғылыми жетекші басқарады - педагогика және әдістеме кафедрасының мұғалімдері. Кейбір жағдайда кеңестер мен психология маманы қажет болады, іс жүзінде кей жағдайда ғылыми жетекшілердің арасында келіспеушіліктер болады.
Бұл қиындықтардан құтылу үшін келесі ұстанымдарды ескеру қажет: диплом қорғайтын студентке кеңес бермес бұрын, ғылыми жетекшілер мәселенің бағытын, зерттеу пәнін, сол мәселені шешу кезінде қандай жоспар шешілуі мүмкіндігін, әдістемелік негіз барысында психологиялық, педагогикалық қандай теориялар болуы мүмкіндігін алдын-ала келісіп алуы қажет.
Біздің университеттің практикасында педагогика-психология бойынша ғылыми зерттеу жұмысы барысында студенттер қандайда болмасын бір проблеманың негізін зерттейді. Әдістемені оқыту бойынша курстық жұмыс, кейін дипломдық жұмыс жүргізілген зерттеуді жалғастыру және аяқтау болып табылады. Егер студент дипломдық жұмыстың тақырыбын бітірер алдында қарастыратын болса, ғылыми жетекшілер дипломдық жұмыстың жалпы жоспарын құруға көмектеседі. Дипломдық жұмысшы аяқтар кезінде ғылыми жетекшілер дипломдық шығарманы тексереді және біріккен шақыруларды құрайды.
2. Дипломдық жұмысты орындау әдісі.
Дипломдық жұмыс өзіндік ғылыми зерттеу; нәтижесі әдістерді комплексті түрде қолданғанда ғана белгілі болуы мүмкін. Сондықтанда дипломдық жұмыстың ғылыми деңгейі курстық жұмыстан жоғары тұрады. Басқа жағдайда олар кондидаттық дисертацияның бір бөлігі болып қалыптасады. Соған сәйкес әзірлік дипломантқа өздігінен келмейді, оған методологиялық негізі қалыптасуы және процедура, ғылыми педагогикалық зерттеудің әдістемесін үйрену қажет. Психологиялық педагогикалық тәртіпті төменгі курстарда студенттер әдебиет көздерінен, педагогикалық бақылау әдістерінен, әңгімелесулерді өткізумен, анкета, тест өткізу кезінде үйренеді. Олар өз әрекеттеріндегі объекті білім жүйесін педагогикалық процесте үйренеді. Тәжіриже көрсеткендей, дипломант үшін қиыншылық оның таңдап алған проблемасын зерттеудегі әдіснамалық негіздер болып табылады. Сондықтанда ғылыми жетекші дипломанттармен кеңесуді, олардың тақырыбына байлалыста әдіснамадағы белгілі сұрақтар бойынша жүргізіледі. Ғылыми жетекшінің басшылығы бойынша студенттер зерттеу әдестемесі мен процедураны игереді. Студенттің аяқталған жұмысының нәтижесі саналы болуы, оның жазу кезіндегі әзірлігінің кезең бойынша жүруінде екеніне көзін жеткізу қажет.
Сондықтанда студентпен біріге отырып, оның дипломандық жұмысының жүйелі ғылыми болуын қадағалау керек.
Дипломдық жұмыста студенттердің жан-жақты ғылыми әрекеті комплексті түрде әдеби көздерге теориялық анализ жасау, педагогикалық тәжірибені беру мектеп практикасына ғылыми әдістемелік нұсқауды енгізу, зерттеу нәтижесін өңдеу.
Дипломның ғылыми деңгейі көбіне дипломанттық қиын болмаса да бір ғылыми педагогикалық зерттеудің басқа әдістерімен эксперимент жасауына тәуелді. Бұдан шығатыны педагогика курсының педагогикалық эксперименттер нәтижесіне студент тереңірек үңіледі. Мысалға келтірілген кезеңдері және ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жан-жақты әдістері төмендегі кестеде көрсетілген.
Дипломдық жұмысты орындау әдісі және сызба-бағдарламасы
Кезең
|
Жұмыс мазмұны
|
Түрі, жұмыс әдісі
|
Уақыт мерзімі
|
1 - әзірлік кезеңі
|
1. Әдіснама бойынша білімді, процедураны, ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін тереңдету
2. Дипломдық жұмыстағы талаптар
3. Тақырып таңдау; Дипломдық жұмыстың көлемі мен аспектісін анықтау
4. Дипломдық жұмысқа жоспар құру
|
1. Семинар-әдіснамалық кеңес бойынша процедура мен зерттеу әдісі
2. Түсіндіру-әңгімелесу
3. Ақыл-ой еңбегін ұйымдастыруда ғылыми негіздердің әдебиеттеріне сүйену, оқу, талдау, тізім түрлері. Педагогика бойынша бір арнайы семинарды іс жүзінде қолдану
4. Ғылыми жетекшілермен кеңесу
|
3-ші курстың екінші жарты жылдығындағы дипломдық жұмысты алдын-ала анықтау. Дипломдық жұмыспен оларды орындаушыларды кафедрамен таныстыру, кеңес беру, факультеттерін, қазанда бітіретін курстарды бекіту 1-ші қазанға дейін.
|
2кезең
ДЖ-тың мазмұнын жоспарлау және бағыттау. Зерттеу әдістерімен процедураларын өңдеу
|
1. Жұмыс бағытын анықтау мәселесін, тақырып, мақсат, ғылыми зерттеу гипотезасының тапсырмаларын диплом құрылымымен жұмыстану
2. Әдіснамалық тұжырымдардың қалыптасуы. Зерттеу әдістемелерімен процедураларын өңдеу
3. Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық негізгі жинақтарын анықтау
а) библиография құру
б) педагогикалық тәжірибені және эксперимент жұмыстарын өткізу материалын жинақтау аймағын анықтау
4. Тақырып бойынша тәжірибелерді үйрену бағдарламаларын құру
5. Зерттеу тақырыптары бойынша педагогикалық немесе экспериментальдық тәжірибелерінің бағдарламаларын құру
|
1. Әдіснама, процедура және зерттеу әдістері бойынша алынған білім негізінде дипломдық жұмыстың жобасын құру
2. Дипломдық жобаның ғылыми жетекшілерін қарастыру
3. Кітапханада жұмыстану, әдебиет көздеріне картотека құру
4. Ғылыми жетекшімен индивидуальды кеңес.
5. Зерттеу бағдарламаларының өзіндік өңдеуі. Ғылыми жетекшілермен кеңес.
|
15-ші қазанға дейін.
|
3кезең
жеке зерттеу жұмыстары
|
1. Дипломант мәселелерін теориялық және тарихи түрде үйрету
2. Мектептермен, бөлек мұғалімдер, ұйымдастырушылар, мектептен тыс және мектепішілік тәтбие жұмыстарын педагогикалық тәжірибеде үйрету
3. Тәжірибелі педагогикалық немесе экспериментальды жұмыстар өткізу
4. Педагогикалық тәжірибелерді үйрету барысында алынған тұжырымдамаларды тексеру және анықтау
|
1. Қарастыру, оқу әдебиеттерінің жинақталған материалдарының диплом жұмыстарымен сәйкес келу жүйесі. Оқыған әдебиет бойынша ғылыми-теориялық талдау (әдіснамалық негізді анықтау, мәселе бойынша тарихта дамыған маңызды көзқарастарды жүйелеу, зерттеу тақырыптарына өзіндік қарым-қатынастардың әсер етуі)
2. Педагогикалық тәжірибелерді үйрену әдістері: бақылау, әңгімелесу, сұхбаттасу, анкета, мектеп құжаттарын жаттау, алынған мәліметтерді жалпылау және талдау. Ғылыми-әдістемелік докладқа дайындық және сонымен практиканттың алдында педпрактикада шығып оқу
3. Педагогикалық эксперимент, педагогикалық-тәжірибелі жұмыс. Талдау және жалпылау. Алынған материалдар бойынша талдау және жалпылау, оларды ғылыми-әдістемелік баяндамада курстық жұмысының салдары бойынша оқыту әдістемелерінде безендіру
4. Қосымша бақылау, тәжірибелер, ізденіс жұмыстары
|
Қыркүйек-қазан, ақпан-наурыз (соңғы курстағы педпрактиканы ұйымдастыру)
|
4кезең
Тақырып бойынша жұмыс қорытындыларын тарату және енгізу
|
1. Ауызша және тасбаша шығаруға дайындық
|
1. Педагогикалық кеңес мектептерінде, әдістемелік біріккен отырыстарда, педпрактика бойынша жалпы факультеттік конференцияда баяндамалар оқу
2. Басылымдармен шығуға дайындық
3. Плакаттар, әдістемелік өңдеулер, мұғалімдерге, класс жетекшілерге дайындату
|
Практикалық педагогикалық негізінде
|
5кезең
Дипломдық шығармамен жұмыс
|
1. Дипломдық жұмыстың композициясын анықтауды аяқтау
2. Жазбаша мазмұны мен жұмыс қорытындылары бойынша зерттеу тапсырмаларын шешу
3. Қолжазбаларды толықтай өңдеу
4. Дипломдық жұмысты қорғау. Мемлекеттік комиссияның алдында ауызша баяндау. Тақырыпты архив комиччияларының талаптары бойынша ұсыну (картотекалар, аннотациялар, конспкпектілер)
|
1. Диплом жобасы жөнінде ғылыми жетекшімен талқылау
2. Жазбаша мазмұндаманың мәні мен зерттеу тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс қорытындылары. Тұжырымдамаларды белгілеу
3. Ғылыми жетекшіге ұсыну, тексеру, жұмысты рецензиялау
4. Қорғау үшін баяндаманы құру (баяндама 15 минутқа есептелген, кіріспені, бөлімді, қорытындыны қосуға болады)
5. Таблицалар, графиктер, диаграммалар, илиюстрация
|
Жоғары оқу орындарында, соңғы оқу жылының ішінде
|
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындауда әдістеме бойынша мысалға келтірілген курстық және дипломдық жұмыстың процедура және орындау әдістемесінен әдістемелік ұсыныстары жалпы талаптың мақсатын қамтамасыз етеді, мұғалімдердің, студенттердің жұмыстарын, оларға көмектесу кезеңдерін.
Кезеңдер, жұмысты орындау әдісі мен пішінінің құрамын жалпы жарнама сапаларымен қарастыру керек, есеп бойынша әрбір тақырыпқа бөлек-бөлек басшылықпен ғылыми жетекшіге студент нақты жоспар құрады. Курстық және дипломдық жұмысқа деген негізгі нормативті талаптарға негіз болып табылатын құжат Қазақстан Республикасының білім берудің ұлттық моделдерін құру және қалыптастырудан шығады.
«Білім беру туралы заң (1990)», «Мемлекеттік бағдарламасы», «Білім беру» (2000) «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми технологиялық саяси концепция» (2000).
Болашақ мұғалімдердің курстық және дипломдық жұмысынынң негізгі күштеушілерін біз жүргізу жағдайларымен де басқардық «Педагогикалық білім беру концепциясы», АГУ Абай атындағы педагогика кафедрасының оқутушыларымен өңделген. Сондай-ақ, курстық және дипломдық жұмыстар басқа ғылыми-зерттеу әрекеттерінің формаларымен қабілеттендіріледі, болашақ мұғалімдердің зерттеу мәдениеттерінің негізін қалыптсатырады.
Дәріс 30. Дипломдық жұмыстарды орындау әдістемесі.
1. Курстық және дипломдық жұмыстың негізі ретінде мұғалімнің мәдени шығармашылық зерттеулерінің қалыптасуы және ұйымдастыру әдістері.
2. Дипломдық жұмыстың мақсаты
1.Курстық және дипломдық жұмыстың негізі ретінде мұғалімнің мәдени шығармашылық зерттеулерінің қалыптасуы және ұйымдастыру әдістері.
Мұғалімнің негізгі зерттеу мәдениеті болашақ мамандарды жоғары деңгейде дайындау процесінде қалыптасады. Жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қалыптастыруға ұйымдастырушылық-педагогикалық тәжірибелербіршама жинақталды. Университеттің білім беру мазмұны, бастапқы білімдерімен ұштасып, болашақ мұғалімдердің теориялық-әдістемелік дайындығына көмек береді. Өзіндік жұмыстарға бөлінген сағаттардың көбеюі, студенттің танымдық өзбетілігін және олардың әдебиет көздерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Жоғары оқу орнында білім беру процесіндегі интенсификация тәрбиедегі мотивациялық бағытталуға негізделіп, танымдық және жоғары іс-әрекет әдістерінің қалыптасуы. Жооғары оқу орнындағы білім беру процесі өзіндік білімін жетілдіру және ғылыми зерттеу жұмыстарымен байланысты. Болашақ мұғалім кадрлары дайындауда мынадай зерттеу жұмыстары өткізіледі: баяндама, реферат, педагогикалық тапсырмаларды шешу, педагогикалық практикадағы шағын зерттеулер және т.б. Болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу түрлерінің ең жоғары формасы курстық және дипломдық жұмыс. Бір жыл ішіндегі нақты тақырыппен жұмыс жасау, ал дипломдық жұмыспен 2-3 жыл аралығындағы оқу бітіруші студенттерге өздері зерттейтін мәселенің тек теориялық жағымен танысып қоймай, сондай-ақ практикалық жағынұштастырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеруі өте маңызды. Осы уақытқа шейін курстық және дипломдық жұмыстарға байланысты талаптар педагогикалық дисциплинаға, яғни ғылыми-зерттеу әрекетінің осы түрлеріндегі дайындығы және жетекшілігі әдістердің педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде емес екендігін көрсетеді. Курстық жұмысты жазу үлгісі студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетінің ке»бір қателіктерін атап көрсетеді. Студенттер оқу жоспары бойынша жоғары оқу орнындағы оқыған жылдары 3-4 курстық жұмыс дайындайды.
Педагогикалық жоғары оқу орнындағы дипломдық жұмыстағы жетекшіліктің кейбір кемшіліктері бар. Дипломдық жұмыстар бүгінгі күнге дейін оқу процесіндегі негізгі орынды алмайды. Бірақ студент дипломдық жұмыстың жоспарымен көп жұмыстанады, теориясын меңгеруге байланысты, өте мазмұнды қорытынды күтуге болады, практикалық өзара байланыс ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістерін және процестерін игереді. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген куртық жұмысқа байланысты кемшіліктер дипломдық жұмыстың жоспарына сай келеді.
2. Жоғарғы оқу орны білім беру кезеңінің соңғы дипломдық жұмысының мынадай мақсаттары бар:
актематизация, мамандық бойынша теориялық және практикалық білімдерінің кеңеюі және толықтырылуы, нақты ғылыми тапсырмаларды шешуде техникалық экономикалық және өнеркәсіптік тапсырмаларды, сондай-ақ мәдени ұйымдастырушылық тапсырмаларды шешуде қолданылады;
өзіндік жұмысты жүргізудегі дағдылардың дамуы, зерттеу әдістерін меңгеруде және дипломдық жұмыстағы мәселелер мен сұрақтардың жауаптарын өңдеудегі эксперименталды жұмыстар.
Курстық жұмыстан аса қиынырақ, дипломдық жұмыстарды зерттеу негізі: дипломант тапсырмаларды негіздеу керек; проблеманы көру керек, зерттеу пәнін гипотеза арқылы шығару, мақсат пен мазмұнын ашып және олардың ғылыми-педагогикалық зерттеудің адекватты емес әдістерін алып тастау. Дипломдық жұмыстардағы тәжірибелік-педагогикалық әлде экспериментальды жұмыстар дипломанттың педагогикалық практикасында көрінеді. Дпломдық жұмыстың тақырыбы, қазіргі уақыттағы актуальды мәселе болып республикадағы білім беру перспективасының жағдайына байланысты. Дипломдық жұмыстың тақырыбы тек қана актуальды болып қана қоймай, ғылыми және практикалық жоспарда және студенттердің қызығушылығымен сейкес келіп, өзін зерттеуші ретінде көрсетуге, әртүрлі жинақтау әдістемелерін қолданып, практикалық материалдарды жинақтау және систематизациялау шағын тақырыпта зерттеуді сауатты жүргізу, практикада оның қорытындысын таңдау және жинақтау.
ГЛОССАРИЙ
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі пәні бойынша глоссарий
(пән атауы)
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
1
|
2
|
3
|
Анкета
|
Анкета
|
|
Әдіснама
|
Методология
|
|
Бақылау
|
Наблюдение
|
|
Болжам
|
Гипотеза
|
|
Ғылыми педагогикалық зерттеу
|
Научно-педагогическое исследование
|
|
Дедуктивті әдіс
|
Метод дедукции
|
|
Зерттеу объектісі
|
Объект исследования
|
|
Зерттеу пәні
|
Предмет исследования
|
|
Зерттеудегі мақсат қою
|
Целеполагание
|
|
Индуктивті әдіс
|
Метод индукции
|
|
Инновация
|
Инновация
|
|
Мақала
|
Статья
|
|
Міндет
|
Задача
|
|
Ой
|
Замысел
|
|
Педагогикалық мақсат
|
Педагогическая цель
|
|
Педагогикалық факт
|
Педагогический факт
|
|
Проблема
|
Проблема
|
|
Реферат
|
Реферат
|
|
Теориялық зерттеу
|
Теоретические исследования
|
|
Тест
|
Тест
|
|
Шарттар
|
Условия
|
|
Эксперимент
|
Эксперимент
|
|
Анкета әдісі – вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі.
Әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы.
Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.
Болжам – қажетті нәтижені қалай, қандай жолмен, ненің көмегімен алуға болатындығы жайында негізделген ой.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
Дедуктивті әдіс - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы
Зерттеу объектісі - шешуді қажет ететін маңызды проблемалар жинақталған ақиқат шындықтың саласы.
Зерттеу объектісі – зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс.
Зерттеу пәні – бұл ракурс, бір нәрсеге қараудың нақты жағы.
Зерттеудегі мақсат қою – бұл шынайы педагогикалық ақиқат тұрғысынан мүмкіншілктерін есепке ала отырып, оның қазіргі күйін жаңа, қажетті, болашақта тілейтін күйіне өзгерту тәсілдерін таңдау
Индуктивті әдіс - ой қозғалысының жекеден жалпы қорытындыға қарай жүруі
Инновация - педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, формаларын, әдістерін, құралдарын енгізу.
Мақала – бұл нақты сұрақтар немесе зерттеу нәтижелері бойынша автордың көзқарасы көрсетілген шағын көлемдегі арнайы публикациялар.
Міндет – мақсатқа жетудің бөлігі, қадамы, кезеңі.
Ой – құралмен жабдықталған идея, бұл өзін жүзеге асырушы құралдармен қамтамасыз етілген идея.
Педагогикалық зерттеулердің мақсаты - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті зааңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.
Педагогикалық мақсат – педагогикалық идеал және педагогикалық ақиқаттың шынайы үрдістері мен құбылыстарын өзгертуде олардың әлеуетін салыстыру негізінде жасалған болжаудың нәтижесі.
Педагогикалық факт – орта жағдайлары және тұлғаны дамыту факторлары арасындағы кейбір, бірнеше мәрте және шынайы бекітілген байланыстар.
Проблема – ғылымда белгісіз, анықталмаған нәрсе
Психодиагностика – тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы.
Реферат (лат. тіл.- refero – хабарлаймын) – ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде немесе жазбаша түрде беру.
Теориялық зерттеу – бұл педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктерін, белгілерін, қасиеттерін, бөлек жақтарын бөліп қарастыру.
Тест – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі.
Шарттар – бұл ізденіс жүретін ішкі және сыртқы жағдайлар.
Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.
Студенттерге қойылатын талаптар
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу керек, сабақ уақытында ұялы телефонын сөндіру керек, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізілуі мүмкін.
СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасы
Әдіснама білімді жинақтау және практикада қолдану тәсілдері жайындағы ғылым ретінде.
Педагог мәдениетінің әдіснамалық компоненті.
Дескрептивті және прескрептивті әдіснама.Әдіснаманың деңгейлері.
Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері
Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері және проблематикасы.
Білім беру инновацияларының мәні, олардың сипаттамасы.
Педагогикалық шындық және оны зерттеу. Педагогикалық зерттеулерге сипаттама.
Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің сәйкестігі.
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары.
Дәстүрлі-педагогикалық әдістер.
Зерттеу ізденісінің көздері мен жағдайлары
Педагогикалық ғылым мен практиканың өзара байланысы
Білім беру ұйымдарында тәжірибелік-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері
Ізденіс жұмыстарын өткізу шарттары
Зерттеудің қисындық (логикалық) құрылымы.
Зерттеудің проблемасы және тақырыбы
Достарыңызбен бөлісу: |