Балық консервілері деп-құрамында ет немесе ет өнімдері кіретін шыны немесе темір (қаңылтыр) қалбырға саңылаусыз жабылған, жоғарға температурада өңделген және ұзақ мерзімге сақтауға болатын өнімдерді айтады. Консервілерді бірінші немесе екінші тағам дайындауға немесе аспаздық дайындаусыз-ақ пайдалануға болады. Олар әсіресе экспедицияда, саяхатта, жол жүргенде пайдалануға өте ынғайлы. Консервінің қуаттылығы оның құрамында сүйек, сіңір, шандыр болмауына байланысты еттенде жоғары. Бірақ дәмі және витаминдерінің құрамына байланысты жас етпен салыстыруға болмайды. Консервілерді қандай температурада дайындалғанына байланысты стерилденген және пастерленген деп ажыратылады. Стерилденген консервілер еттегі микробтарды және олардың споралы түрлерін жою үшін автоклавта 112-1200 ˚С-та 75-130 мин пісіреді.