Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет60/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :оқуқұралы . - Алматы :Эверо, 2016. - 248 бет. с.
3.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектертуралыілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014
4.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорытужүйесі. Тынысалужүйесі. Несеп-жынысжүйесі. Эндокриндікбездер. Тамырлартуралыілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Қосымша әдебиеттер.
1.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйкежүйесі. Сезіммүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
2.Рақышев, А. Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. жәнетолықт. ; ҚР Жоғарыоқуорындарыныңқауымдастығы. - Алматы :Дәуiр, 2009. - 420 бет.

15Тақырып.Ащы ішек, орналасуы, құрылысы. Тоқ ішек, орналасуы, құрылысы.




Мақсаты. Ішектердің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, зат және энергия алмасу туралы білімдерін тереңдету.
Дәріс жоспары
  1. Аш ішек бөлімдері, құрылысы

  2. Тоқ ішек топографиясы, құрылысы

  3. Ішектердің жастық ерекшеліктері


Дәріс тезистері.
12 елі ішектегі астың қорытылуы.Лайықты мөлшерде қорытылған ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады. Он екі елі ішек ас қорыту жолының аса маңызды бөлігі. Оның ұзын дығы 25-30 см. Мұнда екі үлкен бездерден сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен ұйқы безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек сөлін өндіреді. Ішек сөлінде белоктарға, майға және көмірсуға әсер ететін барлық ферменттер бар. Бауырдың өті ішектің ішінде майды эмульсияға, яғни өте ұсақ май тамшыларына айналдырады. Бұл май бөлшектерінің ферменттермен жанасу ауданын көбейтеді де қорытылуын тездетеді. Өттің, ұйқы безі мен ішек бездерінің сөлдерінің әсерінен белок, май, углеводтар организмге сіңетіндей түрге ыдырайды.
Ұйқы безі сөлінің құрамындағы трипсиноген ферменті, ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналады. Ұйқы безінің сөліндегі л и п а з а ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтердімоносахаридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид лактозаға ыдыратады.
Он екі елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді реакциясын рН 4-6-ға дейін төмедетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет