Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы


Бақылау сұрақтары (кері байланыс)



бет92/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Аорта, оның бӛлімдері, тармақтарын атаңыз.
2. Иық-бас сабауы.
3. Қан тамырларының құрылысы, тармақталуы.
4. Жүректің құрылысы, қызметі.
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.
Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.
31 Тақырып. Жүректің қақпақшалық аппараты. Қанның систолалық және минуттық көлемі
Мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесінің құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін зерттеу. Жүрекке анатомиялық сипаттама беру. Білім алушыларды жүрек-қантамыр жүйесінің анатомиялық құрылымын кӛрсетуге және табуға үйрету
Дәріс жоспары:
1. Жүрек қызметі.
2. Перикард.
3. Жүрек ырғағы.
Дәріс тезистері.
Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет