Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы


Артериялар Веналар Қылтамырлар



бет91/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Артериялар Веналар Қылтамырлар 1.Қандыжүректеналыпшығып,мүшелергетаратады Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады 2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашардамыған Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты 3. Қан қысымы жоғары Қан қысымы өте төмен Қан қысымы шамалы 4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады Теріге жақын да, тереңде де жатады Дененің барлық мүшелеріне таралады 5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары Қылтамырларарқылыгазжәнезаттаралмасады,қанбаяуағады,ұсақартерияларменұсақ веналардыбайланыстырады.
Вена қантамырлары (латынша «vena» – қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қандыжүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпінділігі аз болады. Вена тамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан қозғалысы баяу. Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлар жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі. Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.
Үлестірмелі материалдар слайдтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет