Астың ауыз қуысында қорытылуы. Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, фи-зикалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды. Ұсатылған ас кесегі сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқын-шаққа жетіп
Сілекейдің бөлінуі.Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шыға-ру болып екіге бөлінеді.
Шайнау.Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсакталатыны, сілекейге шыланып жұмсаратыны, осыған орай адам астың дәмі, сапасы туралы түсінік алатыны жоғарыда айтылды. Ас кесегін асықпай шайнау, оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі қорытылуын жеңілдетеді, мұның арқасында, қарынның шырышты қабығы (ішкі беті) жарақаттанбайды, мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің (сөл шығару, жиырылу) қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді.
Ауызға түскен тамақты шайнауға, жақ еттерімен қатар, тіл және бет еттері де қатысады. Жақ сүйек жоғары көтеріліп, алға-артқа, солға-оңға немесе оңнан-солға қарай жылжып, төменгі жоғарғы тістер ай-қасып, ас кесегін ысқылап, ұсатады. Сілекейге шыланған асты тіл әрлі-берлі аударып, араластырып жинап жүтуға даярлайды.
Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі үрдіс. Жұтқыншақтың шырышты қабығына кокаин жағып, оның қабылдағыштарын жансыздандырса, яғни олардың тітіркену қабілетін жойса, адам аузын-дағы асын жұта алмай, қақалып-шашалады. Шайналған ас жұтуға даяр болысымен сопақша мида орналасқан үшкіл, тіл-жұткыншақ, жоғарғы кезеген жүйкелер арқылы келіп жеткен серпіністержүту орталы-ғын тітіркендіреді де, тікелей жұту үрдісіне қатысатын еттерді белгілі бір тәртіппен жиырылтады. Жүту үрдісі бірінен соң бірі басталатын бірнеше рефлекстерден тұрады, осыған орай ол ауыз, жұтқыншақ және өңеш деп 3 кезеңге бөлінеді.
Ауыздашайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. Көлемі 5-15 см3-дей ас кесегі шайналып бапталған соң, тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңцайға тақап қысады да таңдай доғасына, содан соң жүтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды.
Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ тандай мен тілшік, жұткыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды.Одан әрі ас кесегі өңешкеқарай жылжиды. Дәл осы кезде жүтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре-берісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да өңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен (перистальтика) 6-8 секунд ішінде ас қарынға жетеді. Қарын кіре берісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |