Дыбыс пен сөйлеудің пайда болу қызметі тыныс алу қызметімен тығыз байланысты, сөйлеу қызметінің перифериялық бөлімі тыныс алу мүшелері болып табылады



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі27,38 Kb.
#88973
1   2   3   4   5
Байланысты:
сөйлеудің анатомиясы

Көмей
Көмей шеміршек және жұмсақ ұлпалардан тұратын қысқа, кең түтікті мүше болып табылады. Ол мойынның алдыңғы бөлімінде орналасып, алдыңғы және бүйір жақтарынан терінің сырт жағына шығуы да мүмкін, әсіресе ол арық адамдарда байқалады. Көмей жоғары жақтан және артқы жақтан жұтқыншақтың көмей бөлімімен байланысады. Төменгі жақтан ол тыныс алу жолына (трахея) жалғасады. Бүйір жақтарында ірі мойын тамырлары мен жүйкелері орналасқан, көмейдің төменгі бөлімінің артқы жағы өңешпен жалғасады. Көмейдің ішкі жағы қалқанша безбен, мойын бұлшық еттерімен және терімен қапталған. Көмей үш жұпты емес (қалқанша тәріздес, сақиналы және көмей үсті) және үш жұпты (қалпақты, мүйізді және клинтәрісдес) шеміршектерден тұрады. Қалқанша тәріздіс шеміршек көмейдің ең ірі шеміршегі болып табылады. Ол бұрыс төрт бұрышты екі пластинкада тұрады. Ер адамдарда ондай бұрыш алға қарай орналасқан, оны кейде адам алмасы деп атайды. Балаларда ондай байқалмайды, қалқанша тәріздес шеміршектің мөлшері қыз балаларға қарағанда ірілеу болады. Қалқанша тәріздес шеміршек пластинкаларының байланысқан жерінде кескін болады, оны қолмен ұстап сезе аламыз. Қалқанша тәріздес шеміршектің екі пластинкасының артқы жақтарынан жоғары және төмен қарай мүйіздер орналасқан. Сақина тәріздес шеміршек барлық көмейдің негізі болып табылады. Сақина тәріздес шеміршек қалқанша тәріздес шеміршектің астында орналасқан. Көмей үсті шеміршектің пішіні тілге немесе жапырақшаға ұқсас, оның кеңейген бөлімі жоғары қарай және артқа қарай бағытталынған, ал тарылған жағы қалқанша тәріздес шеміршекке бекітілген. Көмей үсті шеміршегі қақпақша ретінде қызмет етеді: жұту қозғалысы кезінде артқа қарай және төменгі жаққа түседі, ол көмей жолын жабады, яғни көмей қуысын тамақ пен сілекейдің түсуінен қорғайды. Қалпақ тәріздес шеміршектің пішіні пирамидаға ұқсас, оның жоғары жағы жоғарыға бағытталынған, ал негізі сақина тәріздес шеміршектің үстінде жатыр. Осы байланысқан жерді сақиналықалпақты буын деп атайды. Әрбір қалпақ тәріздес шеміршектің негізінде екі өсінді болады: алдыңғы-ішкі, немесе дыбысты, және артқы-сыртқы, немесе бұлшық етті. Дыбысты өсінді дыбыс қатпарларының бекітілуі үшін қажет, ал бұлшық етті өсінді көмейдің бекіну жері болып табылады. Қалпақ тәріздес шеміршектің үстіңгі жағында мүйіз тәріздес шеміршектер, ал қалпақты-көмей үсті қатпарларының астында төс тәріздес шеміршек болады. Көмейдің бұлшық етті аппараты ішкі және сыртқы бұлшық еттерден тұрады. Көмейдің барлық бұлшық еттері жұпты (көлденең бұлшық еттен басқасы). Сыртқы бұлшық еттер көмейді бекітіп, оның төмен қарай және жоғары қарай қозғалуына мүмкіндік береді. Көмейдің ішкі бұлшық еттері үш топқа бөлінеді: 1) дыбыс байланыстарын тартып тұратын бұлшық еттер; 2) дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер; 3) дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер. Бірінші топқа ең алдымен қалқанша-қалпақты, немесе дыбысты бұлшық еттер жатады, ол дыбыс қатпарларын түзеді (нағыз дыбыс байланыстары). Осы бұлшық еттің алдыңғы ұшы қалқанша тәріздес шеміршектің артқы беткейіне, ал артқы ұшы қалпақ тәріздес шеміршектің дыбыс өсінділеріне бекінеді.
Көлденең кескінде дыбыс қатпарының пішіні үш бұрышты болады: оның бір жағы жоғары жаққа, басқа бір жағы сыртқа, үшінші жағы көмей қуысының ішкі және төменгі жағына қараған. Екі дыбыс қатпарларының бос шеттері үшкірленіп, көмей қуысына жалғасады. Дыбыс қатпарларының арасында дыбыс саңылауы пайда болады. Қалқанша-қалпақты шеміршекті бұлшық еттер жиырылған кезде дыбыс қатпарлары созылып, кеңейгенде дыбыс саңылауы кішкене тарылады. Осы топқа сақиналы-қалқанша бұлшық еттер де жатады. Оның бір ұшы сақина тәріздес шеміршекке, ал басқа бір ұшы қалқанша тәріздес шеміршектің пластинкасына бекітіледі. Дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер тобына тек бір бұлшық ет қана кіреді, ол артқы сақиналы – қалпақты бұлшық ет, оны қысқаша артқы бұлшық ет деп атайды. Ол сақина тәріздес шеміршектің артқы беткейінен басталып, қалпақ тәріздес шеміршектің бұлшық етті өсіндісіне келіп бекінеді. Жиырылған кезде ол қалпақ тәріздес шеміршекті вертикаль осьі бойымен айналдыру салдарынан, осы шеміршектің дыбыс өсінділері ұштарымен бекітілген дыбыс қатпарларымен бірге ажыратылып, дыбыс саңылауын ашады. Дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшы еттер тобына екі бұлшық ет жатады. Біреуі – бүйір сақиналы–қалпақты бұлшық ет, ол артқы бұлшық еттің антогонисті болып табылады. Ол бір ұшынан сақина тәрізді бұлшық ет доғасының бүйір жақ беткейіне, ал басқа ұшымен – қалпақ тәріздес шеміршектің бұлшық етті өсіндісіне бекінеді ол жиырылған кезде –бұлшық етті өсіндіні алға қарай тартады, осы кезде дыбыс өсіндісі ортаңғы сызыққа орын ауыстырып, дыбыс саңылауын жабады. Осы топтың екінші бұлшық еті – көлденең қалпақ тәріздес, немесе көлденең бұлшық еті, ол жалғыз жұпты емес бұлшық ет болып табылады. Ол екі қалпақ тәріздес шеміршекті байланыстырып, жиырылған кезде осы екеуін жақындастырады, осының арқасында дыбыс қатпарларының толық түйісуіне мүмкіндік болады. Осы бұлшық еттің әсері қисық қалпақ тәріздес бұлшық етпен толықтырылады, ол бір қалпақ тәріздес шеміршектің бұлшық етті өсіндісін басқасымен байланыстырады. Оң және сол жақ қисық бұлшық еттер өзара айқасады. Көмей айнасын қолдану арқылы дауыс қатпарларының қозғалысын байқауға болады.
Көмейдің барлық қуысы кілегейлі қабатпен қапталған, үстіңгі беткейінде эпителии жатыр. Көмейдің бүйір қабырғаларында кілегейлі қабат дауыс қатпарларының үстіңгі жағында орналасқан қатпарларды түзеді, оны асқазан қатпарлары деп атайды. Дауыс және асқазан қатпарларының арасында қапшық тәрізді ойыс келген көмей қарны болады. Әйел адамдарға қарағанда, ер адамдардың көмейі ірілеу, дауыс қатпарлары ұзын және қалың келген. Дауыс қатпарларының ұзындығы әйелдерде шамамен 18-20 мм, ал еркектерде 20-24 мм шамасында. Жыныстық жетілуге дейін қыз және ұл балаларда көмейдің ұзындығы мен құрлысында ерекшеліктер байқалмайды. Оның қарқынды дамуы 5-7 жаста, содан жыныстық жетілу кезеңінде байқалады: қыздарда 13-14 жаста, ұлдарда 14-16 жаста. Балаларда көмейдің пішіні воронка тәріздес болады, өсе келе оның пішіні цилиндр тәрізге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет