Дыбыс пен сөйлеудің пайда болу қызметі тыныс алу қызметімен тығыз байланысты, сөйлеу қызметінің перифериялық бөлімі тыныс алу мүшелері болып табылады



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі27,38 Kb.
#88973
1   2   3   4   5
Байланысты:
сөйлеудің анатомиясы

Трахея, бронха және өкпе
Трахея – жұтқыншақтың жалғасы болып есептелетін, цилиндр тәріздес ұзын түтік .Ересек адамдарда оның ұзындығы шамамен 11-13 см. Ол саны 16-20 дейін жететін сақиналы шеміршектерден тұрады, олар өзара талшықты ұлпамен байланысқан. Сақиналы шеміршектің толық бітпеген артқы жағындағы трахея қабырғасы бұлшық етті жарғақтан түзіледі. Бұл қабырға өңешкепен жанасып жатыр. Бесінші арқа омыртқасының тұсында трахея екі түтікке бөлінеді: біріншілік, немесе негізгі бронхаларға. Бронхалардың құрлысы трахея құрлысына ұқсас, бірақ мөлшері мен пішіні кішілеу болады. Біріншілік бронхалар өкпеге жақындай бергенде екіншілікбронхаларға бөлінеді. Оң жақ бронха үш бұтақталып, сол жақ екі бұтақталады. Әрбір екіншілік бронхалар өкпеге кірген кезде ағаш сияқты бұтақталып, үшіншілік бронхаларды, содан ұсақ бронхаларды түзеді. Ұсақ бронхалардың қабырғасы да шеміршекті және бұлшық етті талшықтардан тұрады. Трхея мен бронхалар кілегей қабатпен қапталған. Ең ұсақ бронхалы бұтақтарды бронхиолдар дейді. Ұсақ бронхалардың бұтақталуы өкпе көпіршіктерімен, яғни альвеолдармен қоршалған альвеолды жолдармен аяқталады. Альвеолдардың қабырғасы серпімді ұлпадан тұрады; ол қан тамырларына (өкпе капиллярлары) бай. Мұнда дем алғандағы ауа өз оттегін қанға беріп, қаннан көмір қышқыл газын алады. Өкпе көпіршіктері бұтақталған бронхалармен бірігіп өкпе ұлпасын құрайды. Оң жақ өкпе үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады; әрбір бөлігі бірнеше бөлікке бөлінген. Өкпенің сыртын тегіс серозды қабық - плевра жауып жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет