Дидактика


«Бес жолды өлең» әдісін сипаттаңыз



бет31/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

3 «Бес жолды өлең» әдісін сипаттаңыз
Синквейн немесе бес жолды өлең құрастыр.1. Тақырыпқа қатысты бір зат есім (кім? не?):
2. бірінші зат есімге қатысты екі сын есім (қандай?).
3, бірінші зат есімге қатысты үш етістік (не істеді/iстейді?),
4. бірінші зат есіммен төрт сөзден тұратын сөйлем.
5. Ол - кім? синоним
Мысалы,
Жамбыл
Талантты,әділ
Айтысады,жеткізеді,дәлелдейді
Жамбыл-Жыр алыбы
ақын


21-билет
1 Я.А.Коменскийдің дидактиканың дамуына қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика " кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Ян Амос Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді.
Жүйе бөліктері
" Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
• оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
• оқушыларды сыныптарға бөлу;
• әр сыныпқа бір бөлме беру;
• күніне 4 сабақ өткізу;
• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
• қоңыраудық соғылуы;
• тәртіп;
• бір сабақтың ұзақңтығы бір сағаттан аспау керек;
• сабақты күзде бастау.
Коменский
«Экскурсия»
жаттығуларМұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Ян Амос Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Ян Амос Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Ян Амос Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
“Ұлы дидактика”
“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы – дидактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.
Enjoy Life
1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет