Дидактика


Оқушылардың үлгермеушілік себептері, оларды болдырмау жолдары



бет32/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

2 Оқушылардың үлгермеушілік себептері, оларды болдырмау жолдары.
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады.Оның алдын алуға әбден болады.Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында. Үлгермеушіліктің негізгі мыналар
-жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы,бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы,мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
-мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы;
-тәрбие жұмысындағы олқылықтар оқушылардың тәртібінің төмендігі,өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі,мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушларға уақытылы және тиісті шара қолданбауы;
-бағалаудағы біржақтылық ;
-оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;
-сабақ босату,оқушының ауырып қалуы;
Оқу- тәрбие ісі меңгерушісініңбұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді аз-кем соған тоқтала кетейін.Ең алдымен,меңгеруші мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысу керек(үлгермеу себептерін айқндау,біліміндегі олқылықтардың сипаты).Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатындағы мектепте педагогикалық дөңгелек үстелдер,семинар,тренингтер өткізілуі тиіс.Олардың тақырыптары;"нашар үлгеретін және үлгермеитін оқушыларға білім беру үрдісін белсендету", "Үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі ұстаздар қауымының іс-әрекеті", т.т. бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып,пікірлер тыңдалып,үлгермеушілік себептерінің айқындалуы және жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылу қажет.Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге,алдын алуға бағыт береді,көмектеседі.Сондықтан біздің мектеп тәжірибесінде қалыптасқан үлгермеушілікпен жұмыс үлгілерін ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз. Мұғалімнің үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмыс жүйесін зерттеу мақсаттары; нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім,білік, дағдыларының жағдайын және сыныптарындағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекетін талдау.
Тексеру жоспары төмендегілерді қамтиды;
-кадрларға мінездеме беру,аты-жөні,білімі,педстажы,кәсіби біліктілігін көтеру;
-нашар үлгеретін оқушылардың білім,білік дағдыларыныңжағдайы;
-нашар үлгеретін оқушылардың саны және олардың білім олқылықтарының есебін жүргізу. 
Үлгермеушілікті болдырмаудың әдістері мен түрлері;
-бірінші жарты жылдық барысындағы мұғалімнің қойған бағаларын және олардың нормаларға сәйкестігін талдау(бақылау жұмстарын,оқушылардың дәптерлерін,журналдағы,күнделіктердегі бағалард таңдау);
-мұғалімнің сабақ барсында үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмсның түрлері (cыныптағы және үй жұмыстарыныңсаралық сипаты, қателердің алдын алу);
-қателермен жұмыс жүйесі және оқушлардың жадынамаларымен саналы түрде жұмыс істей білу;
-оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет