3 «Бес саусақ» әдісін сипаттаңыз Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
20-билет 1 Дидактиканыңдамуыжəнеқалыптасуы «Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәләлдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592—1670). Оның «Великая дидактика» кітабының (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
XVII ғ. швейцар педагогы Иоган Генрих Песталюци (І746-1827) дамытып оқыту приициптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінін, негізін жасады.
XIX ғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790 -1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есксру, жағынан қашыққа, оңайдан күрделіліке кошу т.б.
К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов Л.В.Заикин, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөнінде еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді
Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бір сыпыра үлестерін косты.
Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазак балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.
Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оку пәндер бағдарламаларың авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерге тиімды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.
Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет
1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Ташкент қаласында («Түркістан баспасоз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп карастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919-жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сокаттың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л. Рубинштейннің (1889-1960), А.А. Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.
Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой-пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.