Дильдабекова айнур смадияровна



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#182966
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
диссертация Дильдабекова А.С.

КІРІСПЕ 
 
Тақырыптың өзектілігі 
Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) эпидемиологиялық, қоғамдық және 
экономикалық жоғары маңыздылығына ие бола тұрып, әлі күнге дейін әлемдегі 
жоғары балалар аурушаңдығының ішінде бастапқы орындарда тұр. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мағлұматтары бойынша ЖІИ 
1,9 млн балалардың ӛлім себебі болып табылады, соның ішінде 19% жағдайда 5 
жасқа дейінгі науқастар болып табылады [1]. ЖІИ соңғы жылдардағы 
жағдайлар мен ӛлім кӛрсеткіштері госпитализациялаудың маңызды себептері 
болып қалуда [2
-
7].
ЖІИ кезінде, ауыр жағдайларда преренальды жедел бүйрек 
зақымдалуына (ЖБЗ) алып келетін дегидратация симптомдары анықталатыны 
баршаға мәлім. Қарапайым тәжірибеде преренальді ЖБЖ клиникалық 
кӛріністер 
арқылы 
диагностикаланады: 
олигоанурия, 
креатининнің, 
мочевинаның жоғары деңгейі, шумақтық фильтрация жылдамдығының 
тӛмендеуі.
Қан сарысуындағы креатинин мӛлшерінің жоғарылауы ЖБЗ негізгі 
критериіне жатқанымен, тек креатинин деңгейіне ғана сүйеніп диагноз қою 
ЖБЗ жиілігін дұрыс бағаламауға алып келуі мүмкін [8, 9]. Қан сарысуындағы 
креатинин концентрациясы аз сезімтал және бүйрек қызметіне тікелей қатысы 
жоқ түрлі факторлар әсеріне ұшырайды. Креатининнің қан сарысуындағы 
деңгейінің нақты жоғарылауы бүйректің ауқымды функционалды қабілеті екі 
есе тӛмендеген жағдайда ғана жүреді [10, 11]. ЖБЗ ерте диагностикасы барлық 
уақытта дерлік мүмкін бола бермейді, себебі педиатрлар мен нефрологтар қан 
сарысуындағы креатинин деңгейіне қарайды. Перспективті жаңа маркерлер 
ЖБЗ-ын креатининге қарағанда ерте анықтауға кӛмектеседі [12]. Осының 
барлығы ЖБЗ бастапқы кезеңдерде анықтауды, сондай ақ бүйрек тінінің 
зақымдалу қаупінің факторлары мен жедел бүйрек зақымдалуының 
маркерлерінің негізінде ЖБЗ бойынша даму қауіпіндегі топтарды құрауды
қажет етеді. Қазіргі уақытта пререналды ЖБЗ бар балаларда бүйрек 
зақымдалуын ерте диагностикалаудың тапсырмасы ӛте ӛзекті мәселе болып 
табылуда.
Жедел бүйрек зақымдалуының сұрақтары осы күнге дейін жетілу мен 
даму үстінде. Ол ӛз алдына жеке патология ретінде дамуы, сонымен бірге ауыр 
аурумен қосарлануы да мүмкін [13
-
15]. ЖБЗ-ның диагностикасы бойынша 
кӛптеген мәселелер шешімді талап етеді. Клиникалық тәжірибеде ЖБЗ-ын ерте 
диагностикалауға мүмкіндік беретін, кейіннен оларды зерттеу кешеніне 
енгізетін түрлі маркерлерді белсенді іздестіру жүргізілуде [16
-
20].
Осы айтылғандарды ескере келе заманауи жедел бүйрек зақымдалуының 
маркерлерін қолдану арқылы ЖБЗ ерте диагностикасының мәселесі ӛте ӛзекті 
болып табылады, олардың ішіндегі кӛрнектісі цистатин С және нейтрофильді 
желатиназо-ассоциирленген липокалин
(NGAL)



6
Цистатин С мен NGAL – бүйрек қызметінің сақталып тұруының сенімді 
индикаторлары, креатининмен салыстырғанда сезімтал болып табылады, ӛз 
кезегінде оларды жедел бүйрек зақымдалуының тиімді диагностикалық 
критериі ретінде санауға мүмкіндік береді [21
-
26].
Бұл маркерлерді болашақта қолдануды бағалау және педиатриялық 
тәжірибеде берілген диагностикалық тестті қолданысқа кең ауқымда енгізу 
үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет [27]. Қолжетімді әдебиеттерде 
балалардағы ЖІИ кезінде, ЖІИ преренальді ЖБЗ-ның дамуының себептерінің 
бірі болып табылатын жағдайларда бүйрек зақымдалуының ерте белгілерін 
диагностикалауда цистатин С мен NGAL анықтау туралы жұмыстар 
табылмады.
Жоғарыда айтылғандар бұл жұмыстың маңыздылығын кӛрсетеді, ол ерте 
жастағы 
балаларда 
бүйректің 
зақымдалуының 
жаңа 
маркерлерінің 
диагностикалық құндылығын зерттеуге, ЖІИ бар балаларда преренальді ЖБЗ 
ерте кезеңдерін анықтауға, олардың болашақта клиникада қолданысқа енуін 
бағалауға және оларды зерттеу кешеніне қосуға арналған, ол ӛз кезегінде ерте 
диагностикаға, терапияны оптимизациялауға және алдын алу шараларының 
тиімділігін арттыруға, аурудың ағымының ерекшелігіне байланысты және 
пайдаланылатын 
дәрілік 
заттардың 
қолайсыз 
әсерлерінен 
дамитын 
асқыныстардың алдын алуға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет