Диплом жұмысы «жеке адамның этнопсихологиялық ЖӘне әлеуметтік діни қалыптасуы»


Жеке тұлғаның этнопсихологиялық және әлеуметтiк қалыптасуындағы құлшылықтың орны



бет5/7
Дата11.09.2017
өлшемі1,21 Mb.
#32034
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Жеке тұлғаның этнопсихологиялық және әлеуметтiк қалыптасуындағы құлшылықтың орны


Адам баласы иман мен жақсы әрекеттерiнiң арқасында перiштелерден де жоғары дәрежеге шыға алғаны сияқты, адамдық қасиетiн жоғалтқан жағдайда ең төменгi дәрежеге түседi. Құран Кәрiмде бұл жайлы былай дейдi: “Расында адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрлықта да теңiзде де көлiктендiрдiк. Әрi оларды жақсы нәселермен көретендiрдiк. Әм оларды жаратқандарымыздың көбiнен не құрлым артық жараттық”.108

“Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердiң төменiне қайтардық”.109

(Мұхаммед с.а.) сол уақытта Раббың перiштелерге: “Бейнеленген қара балшықтың кеуiп, сыңғырлағанынан адам жаратамын”, дедi. Оның жаратылысын тамамдап, оған рұхымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде етiңдер! (бас иiңдер!).110

Құлшылық ету адам бойындағы жақсы қасиеттердi оятады.

Тұлғаның қалыптасу процесiнде, адам бойындағы қасиеттердi тәрбиелеу қашан да баста тұруы қажет.

Соның iшiнде өмiрде ең алдымен адамның ерекше қасиеттерiнiң бiрi сүйiспеншiлiк сезiмiн дұрыс бағыттау. Адам баласы сүйген нәрсесiнiң құлы болып кете баратын ерекше жаратылыс. Сондықтан да “не нәрседен айырылып қалудан қорықсаң соны жақсы көретiнiңдi бiлдiредi” деген сөз бекер айтылмаса керек. Исламда адам бойындағы осы қасиеттi дұрыс пайдалануға баса назар аударған. Сүйiспеншiлiктiң ең алдымен Жаратушы Аллаһқа арналуы адам баласының өмiрдегi өз орнын бiлуге, әрбiр жеке тұлғаның қалыптасуына септiгiн тигiзедi.

Сүйiспеншiлiктiң негiзi Аллаһтан басталатындығын әрi құлдың Аллаһты сүюi оның құлына деген сүйiспеншiлiгiнiң нәтижесi деп айтады.111 Аллаһтың құлын сүюi Оның әмiрiне деген құрметiнiң жемiсi. Құран Кәрiмде құлды, Аллаһтың сүйiспеншiлiгiне бөлейтiн амалдарды былай баяндайды: Аллаһ Тағала жақсылық iстеушiлердi,112 тәубе етушiлердi, тазаларды,113 тақуаларды,114 әдiлдердi,115 тәуекел еткендердi,116 сабыр етушiлердi,117 өзiнiң жолында сап-сап болып жиһад етушiлердi,118 жақсы көредi.

Сүйiспеншiлiк Аллаһ пен құл арасындағы байланысты жақсартуда маңызды ролi бар. Егер ол болмаған жағдайда өмiрден мән-маңыз жоғалады. Өйткенi адамның жаратылуындағы басты мақсат, Аллаһқа құлшылық қылу. Құлшылықтың негiзi сүйiспеншiлiктен тұрады. Бұлай дейтiн себебiмiз Аллаһ адам баласын жаратқанда ерекше сүйiспеншiлiкпен жаратқан. Оның дәлелi Аллаһтың бiзге берген сансыз нығметтерi болмақ. Абай атамыз мұны:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сенде сүй ол Аллаһты жаннан тәттi.

Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп,

Және сүй хақ жол деп әдiлеттi.

деп Аллаһты сүю керектiгiн айтса, нағыз махаббаттың Аллаһқа ғана арналатындығын басқа өлеңiнде былай жеткiзедi:

Махаббатсыз дүние бос

Хайуанға оны қосыңдар

Қызықтан қалсаң өзге бос

Қатының балаң досың бар.

Абай мұнда махаббатты тек қана жiгiт пен қыздың арасында деп қате түсiнiп жүргендерге жауап берiп тұрғандай. Өйткенi шумақтың соңғы қатарында қатының деп жеке атап көрсеткен.

Газали, құлшылық арқылы иләһи сүйiспеншiлiкке ұласудың жолын былай деп түсiндiредi: Құлшылықтың басты мақсаты, жалған дүниенiң жылтырағынан бет бұрып, мәңгi өмiрге бағыт алу үшiн Аллаһты зiкiр ету арқылы арадағы байланысты нығайту. Мәңгiлiк өмiрдiң бақытына бөлену, Аллаһқа деген сүйiспеншiлiк арқылы болмақ. Ал Аллаһты сүю дегенiмiз, оны танып бiлiп, үнемi еске алу. Сүйiспеншiлiк пен Аллаһты тану, оны зiкiр ету әрi оның жаратқандары жайлы көп ойлағанда ғана мүмкiн болады. Осылайша құлшылықтың нағыз үлгiсiне жетедi.119

Аллаһты сүю мен оған құлшылық ету ет пен тырнақтай ажырамас бүтiн нәрсе. Құран Кәрiмде иләһи сүйiспеншiлiкке жету жолдарын былайша баяндайды: “Шексiз Аллаһ тәубе етушiлердi жақсы көредi әрi таза болушыларды да жақсы көредi”.120

Бұл топтағы адамдар өздерiн күнәдан тазартып қана қоймай өзгелердi де тазартады. Олардың тазалығы басқа адамдарға әсерiн тигiзбей қоймайды. Осы тұрғыдан қарағанда олар Аллаһтың нағыз құлдары болып саналады.

Иман мен сүйiспеншiлiктiң арасындағы байланысты Құранда былай түсiндiредi: “Араларыңда Аллаһтың Елшiсi барлығын бiлiңдер. Егер ол, iстiң көбiнде сендерге бағынса едi, әрине қиыншылыққа ұшырар едiңдер. Бiрақ Аллаһ, сендерге иманды жақсы көрсетiп, оны жүректерiңде зейнеттедi. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсеттi. Мiне солар тура жолдағылар”.121 Атақты тәпсiршi Елмалылы Хамди Язар, осы аяттағы сүйiспеншiлiктi былай деп түсiндiредi: Аллаһ сендерге иманды жақсы көрсеттi. Иман келтiрдiңiз делiк; Бұл жайт бiзге иман келтiру үшiн танып қана қоюдың жеткiлiксiз екенiн айқын көрсетедi; Оның дәмiн тату үшiн жақсы көру шартты жағдай. Сондықтан да дiннiң басында әрдайым махаббат тұрады.122

Исламда нағыз махаббат пен сүйiспеншiлiк жаратушы Аллаһқа арналады. Сондықтан да сүйгендi сүймектiк басты қағида болып саналады.

Бес парыздың жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен кемелденуіне тигізер әсері


Исламның шарттарының әрбiрi жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше рол ойнайды. Пайғамбарымыз (с.а.) Исламның шарттарын хадисiнде былай түсiндiредi: “Исламның шарттары бесеу. Кәлимә шәһадат айту, намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау, шамасы келсе өмiрiнде бiр рет қажыға бару”. Ендi солардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтелiк:

Намаз

Намаздың адам өмiрiнде алар орны ерекше. Намаздың бес уақыт оқылуының өзiнде сансыз кереметтер бар. Ең алдымен намаз оқу арқылы Аллаһқа құл екенiмiздi дәлелдеймiз. Намазды оқымастан бұрын не үшiн оқылатынын егжей-тегжейлi мән жайын бiлу қажет. Сонда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Оны түсiнген адамға артық сөз айтып жатудың қажетi шамалы. Намаз- иманан кейiн келетiн Ислам шарттарының басында келетiн басты құлшылықтардың бiрi. Құран Кәрiмде намаз жайында былай делiнген: “Намазды толық орындаңдар, зекет берiңдер, сондай-ақ (Аллаһтың құзырында) иiлушiлермен бiрге иiлiңдер. Елдi игiлiкке бұйырып, өздерiңдi ұмытасыңдар ма? Кiтапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?… сабыр және намазбен жәрдем тiлеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келедi”.123

Мұнымен ғана шектелмей, намаз жайында көптеген аяттар баршылық. Ал Пайғамбарымыз (с.а.) да намаз жайында көптеген хадистер айтқан: “Намаз дiннiң тiрегi”. “Намаз мүмiннiң миғражы”. Осы хадистерден намаздың маңызын түсiнуге болады. Намаз оқу ең алдымен рухани тазалыққа әрi тәндiк тазалыққа шақырып, адам бойындағы терiс пиғылдарды түбiрiмен жоғалтады.

Намаз оқырдың алдындағы тәннiң тазалығы, рухани тазалыққа дайындайды. Өйткенi, Пайғамбарымыз күнде бес уақыт жуынған адамның денесiнiң кiрi қалай кетсе, бес уақыт намаз намаз оқыған адамның рухани кiрi қалмайды деген хадисi бар. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.) көңiлi түсiп, мұңайған кездерiнде Хз. Бiләлға азан айтқызып, намаз оқып рахаттанайық деуiнiң өзiнде көптеген хикметтер жатыр. Намаз Аллаһтың әмiрi. Аллаһ Тағала адамға не нәрсе пайдалы екенiн жақсы бiледi.

Абай Алланың өзi де рас сөзi де рас деген өлеңiнде намаз жайында былай дейдi:

Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз iс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрiн тегiс.

Және осы өлеңiнiң басқа бiр жерiнде:

Мүмiн болсаң, әуелi иманды бол,

Бендеге иман өзi ашады жол.

Шын илан да, таза ойлан бiр иманды,

Мұнафық намаз қылмап па, мағлұм ғой ол-деп, имансыз намаз оқыған екi жүздi мұнафықтың намазының қабыл болмайтынын бiлдiрген.

Ақын отыз сегiзiншi қарасөзiнде намаздың шарттары мен мiндеттерiн егжей-тегжейлi түсiндiрiп бередi: “Ей, ишараттан хабарсыздар, қара. Бұл ғибадаттан бiр үлкенi намаз, ол намаздан әуелi таһарат алмақ, одан соң намазға шұруғ қылмақ, ол тақараттың алды истинжа едi. Мұны берiк ойлап тұр. Аяғы екi аяққа мәсiхпен бiтушi едi, бұлар һәммәсi, болмаса көбi ишарат едi… Ендi намаздың аты-салауат, салауат дұға мағынасында деген. Аяқта мойында болған мәсiхлар-ол жумақ емес, өздерi де жуулы,-деп көрсеткен ишараты.

Намаздың әуелi құлақ қақтыңыз-егер Аллаһ Тағала жоғарыда деп, мекен испат етсең де, берiгiрек созу әдепсiз болып: “Күнә дариясына ғарық болдым, яғни дүние әуесiне ғарық қылмай, қолымнан тарт-яғни құтыларлық жәрдемдерiнiң ишараты.

Онан соң қиямда тұрып қол бағыламақ-құл қожа алдында тұрмақ бұқара патша алдында тұрғаннан артық Аллаһтың қадiрлiлiгiне, өзiнiң ғажиздығына ықрарының берiктiгiн көрсеткен ишараты.

Қыблаға қарамақ-әрине, Құдай Тағала ешбiр орын мүмкiн емес болса да, зияратын парыз еткен орынға жүзiн қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты.

Онан соң-қираат, яғни сурати фатиха оқисың, мұнда бiрақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресiнiң мағыналарында көп сыр бар.

Рұқұғ-бас ұрмақ алдында құда хәзiрге ұқсас, ол да-ишарат.

Сәжделер-әуелi жерден жаралғанына ықрары, екiншi-және жерге қайтпағына ықрары, бас көтермек және тiрiлiп сұрау бермегiне ықрарының ишараты.

Қадағату-л-ахир дұғаның ақырында Аллаға тахаят, одан тәшәһһүд, одан салауат, пайғамбарымыз) саллалаһу ғалейһи уәсәламға айтпақ үшiн ең ақырғы сәлемменен тауысасыз, яғни Аллаһ Тағаладан не тiлеп дұға қылдыңыз? Ол дұға қазынасы күллi мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәлеметшiлiк тiлеп, һәм рахмет тiлеп бiтiресiз.

Жә, бұл сөзден не ғибрәтлендiк?”

Абай бұл сөзiнде намаздың шарттары болып табылатын қимыл-әрекеттердiң сыртқы бейнесiмен бiрге iшкi мағыналарын да түсiндiрген.

Әлдебiр адамның бейнамаз кезiндегi халмен намаз оқып жүргендегi жағдайын салыстырып көрсеңiз намазын оқыған кездегi мiнезiнiң жақсарғандығын байқайсыз. Бұл жайтты Құранда былай баяндайды: “ Шынында намаз арсыздықтан және жамандықтан тыяды”. (Анкебут, 45.) Егерде намазды үзбей оқитын болса адам баласының мiнезi кемелденiп, рухани азыққа қаныға түседi. Намаз оқитын адам өмiрде мына төмендегi төрт нәрсеге қол жеткiзедi. 1) тазалық, 2) жүректiң кемелдiгi, 3) уақыттын реттеу. 4) қоғамның түзелуi.

Намаздың маңызды пайдалары санаумен бiтпейдi. Намаз, адам бойындағы ең жаман сипаттардың бiрi менмендiктен арылтып кiшiпейiлдiкке баулиды. Аллаһтың алдында бас иiп, мiнәжат етiп пенделiгiн мойындау ерекше қасиеттердiң туындауына септiгiн тигiзедi.

Намаздың мешiтте жамағатпен оқылуы қоғамның тыныштығы мен береке-бiрлiктi де нығайта түседi. Мешiтке келген әлеуметтiң бiр-бiрiмен көрiсiп, араларындағы сүйiспеншiлiк сезiмiн оятады.

Зекет.

Зекет тазалану, арылу деген мағыналарға келедi. Өзiңнiң адал еңбегiңнiң нәтижесiнде тапқан табысыңның белгi-бiр мөлшерiн әлеуметтiк iс-шараларға қолдану мақсатында жұмсалып, бойдағы толып жатқан жағымсыз қасиеттерден арылтатындықтан зекет, деп аталған.124 Құранда: “Мұхаммед (с.а.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелелендiресiң”,125 деген. Демек, зекет, жан мен тән тазалығына дәнекер. Зекет қоғамның әлеуметтiк жағдайын жақсартуында маңызды рол ойнайды. Ислам шарттарының бiрi болып есептеледi. Құран Кәрiмде зекет жайлы былай делiнген: “Намазды толық орындаңдар, зекет берiңдер. Өздерiң үшiн iлгерi бiр жақсылық жолдасаңдар, оны Аллаһтың қасынан табасыңдар. Шынында Аллаһ не iстегендерiңдi толық көрушi”.126

Хз. Пайғамбар бiр хадисiнде былай дейдi: “Мен сендердiң кедей болуларыңыздан оншалықты қорықпаймын. Мен сендердiң бiзден алдыңғылар секiлдi дүниеге берiлiп, олар сияқты қор болып кетер ме екен, деп қорқамын”.127 “Дүние тартымды әрi көздiң жауын алады”.128 Негiзiнде адам баласының көңiлi дүние ауып қызығып тұрады. Соның кесiрiнен көптеген келеңсiз жайттарға душар болып жатады. Бұл жағдай адамның өз-өзiне құл болып кетуiне апарып соғады. Яғни өзiнiң ғана пайдасын ойлайтын егоист, ақиқат пен шындықтан жұрдай адам болып шыға келедi. Сондықтан адамзат баласының осындай жаман қасиеттерден арылуы үшiн шығар жол қажет. Әрбiр дерттiң дерманы бар болса дүние қоңыздықтан құлан таза арылудың да өзiндiк жолы бар. Мұндай дерттiң дауасы сол дүние-мүлiк арқылы болмақ. Қолдағы бар малды сараңдық жасамай беру таптырмас емдiк болып табылады. Ислам дiнiнде бұны зекет деп атайды. Зекет, сараңдық пен дүние қоңыздықтың қас жауы.

Зекет қоғамды құрайтын бақуат, дәулеттi адамдарға парыз құлшылық. Зекет, кедей мен бай арасындағы сүйiспеншiлiктi оятып, ынтымақ бiрлiктi нығайта түседi. Сондай-ақ олардың бiр-бiрiне деген аяушылық сезiмi артып, жердем беруге жаны жақын болады. Зекет беру арқылы адам баласы рухани азыққа қаныға түседi. Дүние-мүлкiн берiп, бойындағы жағымсыз қасеттерден арылады да кемелдiкке қарай жол бастайды. Зекет берген адам өз бойындағы адамгершiлiк қасиеттердi оятып, қоғамдағы әлеуметтiк жағдайы нашар, зағиптардың мұң-мұқтаждықтарына ортақтасып қасынан табылады.

Зекет, адам бойындағы сараңдық, сұғанақтық, көрсе қызарлық пен дүние қоңыздық секiлдi жаман қасиеттердiң орнына жомарттық, қолы ашық қайрымдылық секiлдi жақсы қасиеттердi орналастырады. Қарымбай сияқты тойымсыз адамдарды, жомарт адамға айналдырады. Зекет берген адам, дүниенiң құлы болмайды керiсiнше билеушiсi болады. Рухани жан дүниесi еркiндiкке қауышып, Аллаһқа ғана тәуелдi құл болады. Қарапайым дүние үшiн ар-намысын таптап, беделiн түсiрмейдi. Сондай-ақ зекет, адам бойындағы мейiрiмдiлiк сезiмiн оятып, рухани байлыққа кенелдiредi. Нәзiктiкке тәрбиелеп, ашушаңдық пен қатыгездiктен бiр жола тазалайды.

Зекеттi әлеуметтiк қазына десек те болады. Кедей-кепшiктер мен жарлы-жақыбайлар осы қазынадан өз қажеттiлiгiн өту үшiн алып отырады. Осылайша халықтың әл-ауқаты жақсарып, теңдiк қалыптасады. Зекет берген мен алған кiсiнiң арасында достық және сүйiспеншiлiк сезiмдерiнiң күшеюiне дәнекер болады.

Зекет берген адамның, жүрегiн, iшкi сезiмiн бiр қуаныш билеп, рахатқа бөленiп, дүние-мүлiктiң белшенден асқан ауыртпалығынан құтылып, қатыгездiктен де бiр жола арылады. Мұны батыс елдерiнде матриялдық өмiрмен етене байланысып кеткендiктен рухани құлдырауға айналғандарға психологтар жаңа емнiң түрi ретiнде мұқтаж адамдарға көмек көрсетудi ұсынуда. Аллаһ Тағала әрбiр жақсылықтың есебiн қолма-қол жүректе рухани рахат түрiнде сездiредi. Бұны ешқандай материялдық рахаттан алу мүмкiн емес. Осылайша ондай аурулардың көкжиектерi кеңейiп, көңiлдерi өседi.

Рухани және әлеуметтiк аурулар зекет бермеуден басталады. Қоғам өз бақыты мен сенiмi үшiн бұған аса мұқтаж.



Ораза.

Исламның бес шартының бiрi. Адамның жан тазалығы мен тән тазалығына ерекше әсерi бар. Құранда: “Әй мүмiндер! Тақуа адам болуларың үшiн сендерге бұрынғыларға парыз қылынғандай ораза парыз қылынды”, делiнген.129 Аяттаға тақуалықтың орнын басқа бiр аятта: “Шынында Аллаһтың алдында ең ардақтыларың тақуаларың”,- деп түсiндiргендiргендiгiне қарағанда оразаның мақсаты кемел адам қалыптастыру екенiн айқын көруiмiзге болады. Ораза жеке тұлғаның әдептi, арлы, мейiрiмдi жан болып өсуiне ерекше ықпалы бар. Аллаһтың әмiрi еткен оразаның өзiнде қаншама пайда мен сырлар бар. Ораза ұстаған адам, ешкiмнiң қадағалауынсыз-ақ өзiн-өзi тәрбиелеп, ұстамдылық пен шыдамдылыққа үйренедi. Сондай-ақ адамдарға рухани жағынан да тән жағынан да пайдасы орасан зор құлшылық болып табылады. Яғни ораза құлдың Аллаһты ұлық етiп, Оған кәмiл түрде шүкiршiлiк етуiн қамтамасыз ететiн иләһи дәнекер мәртебесiнде. Сондықтан ораза барлық iзгi амалдарға ықпалы өте күштi ғибадат деп айтуға болады. Ораза мiнез-құлқымызды кемелдендiредi. Сондай-ақ үнемi Аллаһты есiмiзге салып, жауапкершiлiк сезiмiн арттырады. Жүрегiмiзiдi жаман ойлардан тазартып, өзгелерге жамандық iстеуден сақтандырады. Ораза жеркенiштi iстердiң қатарындағы өсек-аяң айту, ренжiту, оразаның сауабын азайтады.130 Хз. Пайғамбар (с.а.): “Ораза ұстаған адамға жағымсыз, бей әдеп iстер iстемесе, ұстаған оразасы ол адамға қалқан болады”- деген.

“Ораза ұстаған кiсiге қалқан қайтiп зиян келтiредi?”-деп сұрағандарға, ол былай деп жауап берген:

“Өтiрiк айту мен өсек-аяң айтып қалқанды жаратпай тастайды”.131

Өйткенi, өтiрiк пен өсек-аяң айтушылар, аш қалғанмен сол әрекеттерi арқылы рухани жан дүниесiн кiрлетiп, адам етiн жеп ауыз ашқанмен тең болады.

Дүниеде ғайбат айтып, дiн бауырының етiн жеген адамға қиямет күнi өлiк еттi ұсынады да: “мынаны тiрiдей жегенiң сияқты өлi кезiнде де же”,- деп әмiр еткенде адам сол еттi жейдi. Ол еттi жегенде бет-аузы тыжырайып, жанын қоярға жер таппай қиналады екен. Хз. Пайғамбар былай дейдi: “Яғни ғайбат пен өтiрiк айтып ұстаған оразаларына зиян келтiрсеңдер оразаның пайдасы мен сауаптарынан жұрдай болады”.

Өмiрлiк маңызы бар кейбiр емтихан тапсыратын оқушы-студенттер арасында жасалған тәжiрибиелерге қарағанда, оразаның қорқыныш-уайымға, сасып қалуға, жүйке мен ойдың бұзылуларына қарсы көптеген игi әсерлерi бар. Бет-әлпетi мен көздерiнiң қызарып, дiрiлдеп, тiлдiң күрмелуiнiң себебi, медициналық зерттеулерге қарағанда сол сәттегi қант диабетiне ұшырауынан болып келедi.

Қорқыныш пен уайымның, үрейлену ұзақтығына қарай уақытша немесе ұзағырақ, жеңiл әлде ауыр түрде қант диабетi пайда болады.

Мұндай жағдайларға ұшырайтын адамдарға психологтардың кеңесi-аш жүру, яғни ораза тұту. Өйткенi ораза ауыр жағдайларға, қорқыныш уайымдарға қарсы жүйкенiн шыдамдылық қабiлеттерiн арттырады, қайрат пен жiгерлiлiктi күшейтедi, рухани құлдырауға жол бермейдi, адамның ақылы мен пiкiрiн дамытып, ойының көркем, көңiл-күйнiң сергек болуына септiгiн тигiзедi.

Оразаның қорқу мен жүйке бұзылуларынан пайда болған рухани аурулардың емiне бағалы дәрiдей әсерi бар.

Аузы берiк адам ең қорқынышты жағдайды да жеңiл қабылдайды. Ораза тұтып емтиханға кiрген студент, оразаның рухани әсерлерiн айқын сезiнедi.

Ораза әлуметтiк жағынан да пайдасы шаш етектен десек артық айтқандық болмаса керек. Яғни бай мен кедейдiң арасында сүйiспеншiлiк сезiмiн оятып қана қоймай араларындағы бiрлiк-ынтымақты да күшейте түседi. Өмiрiнде аштықтың не екенiн бiлмейтiн бақуат адам, кедейлердiң хал-жағдайын түсiне алмайды. Алайда сол адам ораза ұстайтын болса, аштықтың не екенiн түсiнiп, кедейлердiң басына келген аянышты халдерiн жақыннан сезiнiп, оларға деген мейiрiмi оянады.

Қолда бар алтынның қадiрi жоқ, демекшi адам қолындағы бар нығметтiң қадiр-қасиетiн тек айырылғаннан кейiн ғана түсiнедi. Мiне ораза қолдағы бар нығметке шүкiр етiп, өзгелердiң жағдайымен санасумен қатар қанағат тұтуды да үйретедi.

Ораза сабырлылық пен байсалдылыққа да баулиды. Ал сабыр, иманның жартысы әрi бақыттың кiлтi. Сабыр ету дүниеде қиын болғанымен, ақырет үшiн таптырмас азық. “Сабыр түбi сары алтын”, деген аталы сөз осыдан қалса керек.


Қажылық

Исламның бес парызының бiрi қажылық. Қажылық Аллаһ тағаланың мына әмiрiмен парыз болған: “Оның жолына (қажылықтың) шамасы келетiннiң, Аллаһ үшiн Кәғбаны зиярат етуi (қажылық қылу) Аллаһтың (адамдардан талап ететұғын) ақысы.” (Әли Ғымран:97). Ендi бiр аятта: “ Адамдар арасында қажылықты жария ет; Олар жаяу және көлiк үстiнде саған келсiн,” делiнген (Хаж:27) Белгiленген шарттарға сәйкес әр-бiр мұсылманның ең болмағанда өмiрiнде бiр рет қажылыққа баруы мойнына парыз. Аллаһтың басқа да әмiрлерiндегiдей қажылықтың да, материялды әрi рухани пайдалары молынан. Қажылық тек қана белгiлi бiр iс-қимыл немесе iс-амалдармен шектелмейдi. Қажылықтың бiзге берер пайдасы есепсiз. Оған тiлдiң ұшы, қаламның күшi, адамның миы жетпек емес. Ендi, адамның қолынан келерi ақылының жеткенiнше пайымдап, ой-сарасынан өткiзiп, ғибратты нәрселердi табу болмақ. Сол ғибратты, хикмәттi пайдалар қажылықта баршылық. Жоғарыда айтып кеткенiмiздей қажылық тек белгiлi ғибадат түрлерiмен шектелмейдi. Қажылықтың әлеуметтiк, саяси, қоғамдық, экономикалық пайдалары өте мол. Мысалы: Қажылық намаз сияқты денемен, зекет, құрбандық шалу сияқты мал-мүлiкпен атқарылатын ғибадат түрлерiн қамтып, қажылықтың өзi мал-мүлiк әрi денемен атқарылатын ғибадат түрiне жатады. Ал ендi зекеттiң мүлкi мен құрбандықтың етi Мекке сыртындағы аш-жалаңаш адамдарға, өзге де мұқтаж елдерге тарқатылатынын ескерсек, бұның әлеуметтiк және экономикалық жағынан халыққа тигiзер пайдасы едәуiр. Осымен қатар қажылық; мұсылмандардың ынтымақтастығы мен бауырмашылдығын нығайтады. Бiр-бiрiмен етене араласып жақыннан танысуларына септiгiн тигiзедi. Онымен де қоймай Ислам әлемiндегi дiни сенiмнiң тұтастығына, арадағы итиқади, (сенiм) ахлақи, фихқи саяси және әлеуметтiк проблемалардың шешiлуiне де аса назар аударады.

Дүиенiң түкпiр-түкпiрiнен келген адамдар нәсiлге, ұлтқа, руға бөлiнбей сенiм жөнiнен бiр бауырдай күй кешедi. Бұл нағыз бауырмашылықтың озық үлгiсi бола алады. Ғасырымыздағы негiрлердiң басын құрып, ұлтшылдықтың айықпас дертiне ұшыраған Мальком Икс-тi осы дертiнен құлан таза арылтқан қажылық ғибаты болып есептеледi. Қажылық ұлттар арасындағы теңдiктiң тәжiрибие жүзiндегi көрiнiсi. Дүнеилiк шендерiн ұмытып, өзге бауырларымен бiрдей дәрежеге келедi. Оларды бiр-бiрiнен бөлiп қарау мүмкiн емес. Қажылық, тiлiң, түрiң демей, мұсылманшылықты өзiне ту қылып ұстаған әр-бiр ұлттың ауыз-бiрлiгiн қамтамасыз етедi. Қажылық, осыншама нөпiр елдiң жиылуымен Махшар күнiн еске салғандай. Соншама мұқым елдiң, байы-кедейi, жарлысы-жақыбайлысы, ағы-қарасы, әйелi-еркегi деп бөлiнбей барлығының бiрдей жас сәбидей, кiршiксiз, аппақ ақ киiмге орануы Аллаһтың алдында, адам баласының бiрiнен-бiрiнен үстемдiгi жоқ, үстемдiк тек тақуалықта ғана екенiн ескертедi. Қажылық, адамды ежелгi тап-таза, пәк жаратылысына қайтарғандай. Сондықтан да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) “Қажылығы қабыл болған кiсi, анадан туғанындай күнәдан пәк болады”-деген. Қажылық Аллаһтың үйiне қонаққа бару десекте болады. Өйткенi Құранда жер-жүзiндегi Аллаһтың құлдарына берген ең алғашқы құлшылық үйi Кәғба екенi баяндалған. Қажылықта, адам баласы өзiн махшарға жиналғандай сезiнiп, махшар сұрауына алдын-ала дайындық жасайды. Қажылық, бiзге өз-өзiмiздi танып, негiзгi мiндетiмiзбен мақсатымызды айқындап алуымызға септiгiн тигiзедi. Сонымен қатар Харемi-Шарифте адамды бүткiл жер жүзiндегi тiрi жан иелерiне зәрредей де зиян тигiзбеуге тәрбиелейдi. Кәғбаны айналып тауаф қылу, бүткiл жаратылыстың барлығын қамтып тұр. Мәселен, мұсылмандар Кәғбаны, ай жердi, жер күндi, күн галактика орталығын, галактика орталығы да құс жолын, құс жолы да бiзге беймәлiм бiр нүктенi айналуда. Мiне осылайша барлық нәрсе тауаф, айналыс үстiнде. Ұзын сөздiң қысқасы адам баласы қажылықтан алған осыншама рухани мол әсерiмен, өмiрiне жетерлiк өмiрлiк қорек алмақ.
Ә. Хз. Пайғамбардың сүннетiндегi жеке тұлғаның қалыптастырудағы қолданған методтары

Хз. Пайғамбар, «Мен тек қана мұғалiм ретiнде жiберiлдiмң деу арқылы132 Пайғамбарлардың адамдарға бiлмейтiндерiн үйретiп, әдептiлiктiң озық үлгiсiн көрсететiн елшiлер екендiгiн бiлдiрген. Сондықтан мұның атын, тәрбие әрi үйрету iсi деп атаймыз.133

Барлық Пайғамбарлар, жiберiлген қауымының тамақ жеу, киiну, сәндену, үйленуiне, ерлi-зайыптылардың қарым-қатынасына, сауда-саттығына, әдет-ғұрыптарына да мән берулерi тиiс.134 Осы шындықты Құранда былай баяндайды: «Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрi Аллаһтан қорқыңдар.135 Аяттан Хз. Пайғамбарды үлгi-өнеге тұтып, оның артынан ерудiң маңыздылығынын түсiнуiмiзге болады.

Пайғамбар (с.а.у.), Аллаһ тағаланың тәрбиесiнен өткен, адамдар арасында теңi жоқ мұғалiм һәм тәрбиешi. Адамдарға тура жолды көрсететiн көкiрегi ояу кәмiл адам. Сондай-ақ бiрiншi дәрежелi дағуатшы десек те болады.

Хз. Пайғамбар, Құранның көрсеткен жолымен жүрiп, негiзгi қызметiнiң оқыту әрi тәрбиелеу екенiн түсiнiп, адамдардың қолдарынан ұстап оларды кемелдiкке жеткiзу үшiн бар күшiн салған. Өйткенi Ол, осы әдiстi қолданғанда ғана өз мiндетiн атқара алатындығын түсiнген-дi.136

Хз. Пайғамбардың сахабаларын һәм үмметiн тәрбиелегенде ұстанған жолын жеке-жеке қарастыралық:



  1. Ақырындап (бiртiндеп, сатылап) тәрбилеу методы.

Тәрбиеде ұстанатын тиiмдi жолдардың бiрi ретiнде сатылап тәрбилеу әдiсiн айтуға болады.137 Қыруар бiлiмдi бiрден адамның санасына сiңiрiп жiберу психология мен педагогиканың қағидаларына қайшы келедi. Оқушыға бiлiмнiң бiрден әрi артығымен берiлуi, қиынға соғады. Ал бiлiм аз-аздан берiлер болса, оны оқушы тез арада меңгере алады. һәм оқығанынан нәтиже шығарып, ықыласы одан сайын арта түседi.138

Адам баласын жаратқан Аллаһ Тағала, оның әлсiздiгiн, қабiлетiн бiлгендiктен қайткенде қателiкке бой алдырмайтын жолдарды оған үйреткен. Сөйтiп, оның ақыл-ойының дамуы мен тәрбиленуiнде, мағлұматтарды аз-аздан беру арқылы ғана мүмкiн болатындығын Құранда былайша баяндалған: «Бiз Құранды адамдарға тоқырап оқуы үшiн бөлiмдерге айырып, аз-аздап түсiрдiкң.139 Шындығында Құрандағы сенiм, құлшылық, аһлақ әрi қарым-қатынасқа байланысты аяттар, адамдарға ауыр келмейтiндей дәрежеде бөлiк-бөлiк болып түсiп отырған.140 Хз. Пайғамбарымыздың өмiрiнен Құрандағы дәл осы әдiстi қолданғанын айқын көре аламыз. Ол, бiлiмдi адам баласының зейiнiне, суға лақтырған тас секiлдi дөп басып қоятын болған. Тастың әсерiнен пайда болған толқынның тоқтауын күтетiн-дi. Хз. Пайғамбар, сахабаларына қандайда бiр нәрсенi үйреткенде үш негiзге баса назар аударған:

а. Оқушының қабiлетi,

ә. Аз-аздан беру, (ақырындап, сатылап,)

б. Оқушының психологиясы.141

Хадис кiтаптарында осы әдiстiң көптеп қолданылғандығын кездестiруге болады. Бұл әдiс әлi де кеңiнен қолданылып келедi. Пайғамбарымыздың өмiрiнен мысал берер болсақ:

Бiр күнi Нәжид тайпасынан шашы ұйпа-тұйпа бiр адам келiп, Хз. Пайғамбарымызбен былай деп әңгiмелестi:

-«Ислам дегенiмiз не? ң

-«Күн сайын бес уақыт намаз оқуң.

-«Осы намаздан басқа орындалатын әмiр бар ма? ң

-«Жоқ, бiрақ қосымша намаз оқимын десең өзiң бiлiсiң. Рамазан айында ораза барң.

Осы әңгiме сұрақ-жауап ретiнде ары қарай өрбiдi. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған зекет беру керектiгiн де айтты. Ол адам сұрақтарына жауап алғаннан кейiн, орнынан тұрып жөнiне кеттi.

-«Ол кетерiнде осы айтылғандарды кемшiлiксiз орындаймынң, деген-дi. Хз. Пайғамбарымыз ол адам жайлы былай дедi:

-«Егер айтқан сөзiн бұлжытпай орындаса, мiндеттi түрде құтыладың.142

Осы оқиғадан Хз. Пайғамбарымыздың, алдына асығыс бәрiн орындағысы келген адамның психологиясымен санаса отырып, Исламның негiзгi шарттарын рет-ретiмен түсiнiктi түрде айтып берген.143


  1. Сұрақ-жауап методы.

Хз. Пайғамбар, сахабаларды тәрбиелегенде сұрақ-жауап методын көптеп қолданған. Өйткенi сұрақ, зейiндi ояту үшiн қойылады. Сұрақ, тәжiрибиенiң нәтижесiн бiлу үшiн де сұралады.144 Бiр күнi Пайғамбарымыз сахабаларын жинап, бiр мәселенi түсiндiрмек болды:

-«Мүфлис (Жарлы) дегеннiң кiм екенiн бiлесiңдер ме? ң, деп сұрады. Сахабалар:

-«Жарлы дегендi, ақшасы, мал-дүниесi жоқ адам деп түсiнемiзң, деп жауап бергенде, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Үмметiмнiң арасындағы жарлының кiм екенiн айтайын. Ол қиямет қайым күнi намаз, ораза мен зекетi бола тұра, тiрi кезiнде әркiмдi бiр мазақтап, жала жауып, әркiмнiң малын дүниесiн тартып алып, көрiнгендi ұрып-соғып, құл ақысы жайлы сұралмай тұрып сауабы таусылған адам; сондай-ақ адамдардың күнәсiн мойнына алғаннан соң, тозаққа тасталған адамң деп жауап бердi.145

Бұл жерде де Пайғамбарымыз (с.а.у.), ақиқатты айтып қана қоймай, адамдардың ой-өрiсiмен де санасу қажеттiгiн әрi жалқаулыққа салынбау үшiн ақиқатты кез-келген жерде айтпау керектiгiн бiлдiрген. Осылайша қате пiкiр мен қате көзқарастардың алдын алуға болады.146 Пайғамбарымыз (ғ.с.), алдымен сұрақ сұрап қарсы алдындағы адамдардың назарын өзiне қаратқаннан соң дұрыс жауабын өзi берiп,147 айтқысы келген ойын түсiнiктi түрде әрi екiншi рет естен шықпайтын методты көптеп қолданған.


  1. Қыссалар арқылы тәрбиелеу методы.

Адам баласы, қысса немесе хикаядан әсерленетiндiктен, тәрбиеде олардың рөлi өте зор. Оқиғалардың басы-қасында болмаса да ғибрат алу үшiн айтылады. Мәселен, қариялардың жастық шағын еске түсiрiп айтуының өзiнде үлкен мән бар. Олардың мұндай әңгiмесi жастарға ой салып, бойына ерекше күш бередi.148 Құран мен сүннетте де осы методқа баса назар аударылғандығын айқын көруге болады. Сондықтан қысса арқылы тәрбиелеу әдiсiнiң адам баласына берерi мол деп ауыз толтырып айта аламыз. Өйткенi өткеннен ғибратланып, олардың жiберген қателiктерiн қайталамауға, адамды терең ойлауға түрткi болатын қыссалар емес пе?149

Хз. Пайғамбар, көбiнесе сахабаларға, бұрын өмiр сүрiп кеткен қауымдардың басынан өткергендерiн, дiни ақиқаттарды еске салып, үлгi-өнеге алуға шақырып отырған. Соның iшiнде Исрайыл ұлдарының басынан өткергенiн көбiрек айтатын болған.150 Өйткенi Құран Кәрiмде Аллаһ тағала, алдынғы үмметтердiң қыссаларын баяндап, олардан ғибрат алып, олардың жiберген қателiктерiн жiбермеуге үгiттейдi.151

Хз. Пайғамбардың Аллаһ Тағала мен дiн бауырлармен арадағы қарым-қатынасқа көңiл аударып, бiлместiктен туындаған кейбiр жағымсыз iстердi қыссалар арқылы тоқтатып отырған. Солардың бiрi ретiнде Әбу Хурейра (р.а.) дан риуаят етiлген хадистi айтуымызға болады:

«Исрайыл ұлдарының арасында бiреуi күнәһар, екiншiсi жақсылыққа жаны жақын, құлшылығына берiк екi адам бар едi. Салиха адам, күнәһар адамның күнә iстеп жатқанын көре қалса, дереу тоқтат, деп қолынан келгенше тосқауыл болуға тырысатын. Бiр күнi тағы да осылай қайталанады. Күнәһар адамның шыдамы таусылып:

-«Сен менiң iсiме араласушы болма. Менiң халiмдi Аллаһқа тапсыр. Сен менi тергейтiн кiмсiң өзi? ң дедi. Ол:

-«Уаллаһи, Аллаһ саған мейрiм етпейдi. Аллаһ сенi жәннатқа кiргiзбейдiң! дедi. Сөйтiп Аллаһ тағала, ол екеуiнiң де жанын алды. Ол екеуi Аллаһтың алдына алып барылды. Аллаһ, құлшылығын үзбей орындаушыға:

-«Сен менiң не iстейтiнiмдi қайдан бiлесiң? ң дедi. Ал күнәһарға қарап:

-«Сен менiң мейiрiм-шапағатыммен жәннәтқа кiрң, дедi. Ал ана адамды:

-«Мынаны отқа тастаңдар! ң деп әмiр бердi.

Әбу Хурейра (р.а.) былай дейдi: (Ол адам Аллаһтың азабына ұшырататын) жағымсыз сөз айтқандықтан, екi дүниеде де қор болды.152



  1. Кiнәлау жолымен тәрбиелеу методы.

Тәрбие iсiнде мардымды жауап беру, кiнәлау жолын ұстану Хз. Пайғамбардың ұстанған методтарының бiрi. Алдына мәселесiн айтып келген адамдарды ренжiтпейтiндей етiп тиiмдi шешiм айтудың153 пайдасы өте зор.154 Хз. Пайғамбар кiнәлағанда, адамның көңiлiне тиерлiктей сөз айтудан сақтанатын болған.155

Оған мына бiр оқиғаны айқын мысал ретiнде көрсетуге болады: Бiр күнi Құрайыш тайпасынан бiр жас жiгiт Пайғамбарымызға келiп: «Әй Аллаһтың Елшiсi, (мен өз-өзiмдi ұстай алмаймын) менiң зина жасағым келедi. Соған сенен рұқсат сұрап келiп отырмынң, дедi. Бұл сөздi естiгенде Пайғамбарымыздың қасындағы сахабалар, қатты ашуланып, әлгi жiгiттi ұрмақшы болып, «Әй Аллаһтың Елшiсi, мынаның тиiстi жазасын берейiкң, дедi. Оның сөзiне асқан сабырлылықпен қарап Хз. Пайғамбар: «Оны менiң жаныма жақындау алып келiңдерң деп әмiр бердi. Жас жiгiттi жақындау тартып, онымен былай деп әңiмелестi:

-«Анаңның зинақорлық жасағанын қалайсың ба? ң

-«Әлбетте қаламаймынң.

-«Онсыз да ешкiмнiң, анасымен зина қорлық жасауын қаламайтыны белгiлi. Жарайды, қызыңмен бөгде адамның зинақорлық жасауын қалайсың ба? ң

-«Әрине қаламаймынң.

-Олай болса барлық адам қызымен зинақорлық жасалуын қаламайды.. ң

Сосын ол жiгiттен әпкесi, қарындасы, нағашы әпкесiнiң зинақорлықпен айналысуын ұнатып-ұнатпайтындығы жайлы сұрады. Оның жауабы жоғарыдағыдай болды. Ол өзiнiң қателiгiн жақсы түсiндi. Хз. Пайғамбарымыз қолын жiгiттiң иығына қойып тұрып: «Аллаһым мына жiгiттiң күнәсiн кешiр, жүрегiн тазалап, ар-ұят нәсiп ете гөр, деп дұға еттi де оған барлық адамды өзiңдей көр, деп шығарып салды. Хадистi риуаят етушiнiң айтуына қарағанда сол кезден бастап, әлi жiгiт зинақорлықты мүлде ұмытыпты.156

Мiне жас жiгiттi ренжiтпей, екiншi әрi ондай iске бармайтындай етiп, ашуға салынбай жауап берудiң тиiмдi жағы.157 Хз. Пайғамбарымыздың жiгiттi шығарып салардағы айтқан дұғасы да назар аудартпай қоймайды.

5. Сөздiң маңыздылығын бiлдiру үшiн сөздi бiрнеше мәрте қайталау методы.

Тәлiм-тәрбие беру жолында ең маңызды жайттардың бiрi ретiнде, бiлуге тиiстi мәселелердi бiрнеше мәрте қайталау екендiгiн айтуымызға болады. Өйткенi, адам баласы көбiнесе бiр нәрсенi бiр немесе бiрнеше мәрте оқып, тыңдау арқылы ғана толық түсiне алады. Қайталау методының адам психологисына тиiмдi екендiгi Құран мен Сүннетте де көптеп айтылған.158 Бұл турасында Хз. Пайғамбарымыздан Әбу Хурейра (р.а.) мынадай бiр хадис риуаят еткен: Бiр күнi Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сiздерге ең қайырлы әрi ең жаман адамның кiм екендiгiн айтайым ба?ң деген сөзiн үш рет қайталады. Сол жерде отырғандар:

-«Иә, айтыңызң, дедi. Хз. Пайғамбарымыз: «Ең жақсыларың, халық оның алдына барғанда жақсылық жасайтынын әрi оның еш жамандық жасамайтынын бiлетiн болса мiне сол адам. Ең жамандарыңыз болса, халық одан ешқашан жақсылық күтпейтiн әрi жамандық жасайды-ау деп күдiктенетiн адамң, дедi.159

Жоғарыдағы хадисте Хз. Пайғамбарымыз, бiр-бiрiне мiнезi жағынан мүлде сәйкес келмейтiн екi адам жайлы айтпастан алдын, сөздiң маңыздылығына көңiл аудару үшiн сөзiн үш рет қайталады. Соңынан олардың саналарына сiңiрту үшiн ең тиiмдi жолмен баяндады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) көбiнесе айтатын сөзiн Аллаһтың атымен ант етiп бастайтын болған. Хз. Пайғамбарымыздың бұлай сөз бастауының басты себебi, сөздiң мәнi мен маңызына көңiл аударту.160 Бұл жайлы бiр хадисте былай айтылған: «Бар құдiрет күшке ие болған Аллаһтың атымен ант етемiн, сендер иман келтiрмейiнше жәннатқа кiре алмайсыңдар; Бiр-бiрлерiңдi жақсы көрмейiнше иман келтiрген болып саналмайсыңдар. Бiр-бiрлерiңнiң араларыңда сүйiспеншiлiк пен мейiрiм тудыратын iстi айтайым ба? Араларыңда сәлемдi жайыңдарң.161

Хз. Пайғамбар (с.а.) алдымен айтатын сөзiнiң маңызына көңiл аударту арқылы, мұсылмандарға өз араларындағы басты мiндет пен бiр-бiрiне деген махабатты арттырудың жолын үйреткен.



  1. Сүйiспеншiлiк пен мейiрiм методы.

Сүйiспеншiлiк жоқ жерде тәрбиенiң берiлуi мүмкiн емес. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақ -бiрлiк күшейтудiң жалғыз жолы осы сүйiспеншiлiктiң негiзiнде жатыр. Тәрбиешi мен оқушының арасындағы сыйластық пен түсiнiстiктiң артуына да сүйiспеншiлiк пен мейiрiм басты себепшi екендiгi айтпаса да түсiнiктi. Бұлай болмаған жағдайда көздеген мақсатқа жету де екi талай болары сөзсiз.162

Сүйiспеншiлiктi Исламның iрге тасы десек болады. Үмметiне сүйiспеншiлiктiң озық үлгiсiн көрсете бiлген Хз. Пайғамбарымыз, балалар үшiн де таптырмас үлгi. Тiптi айтарға тiл жетпейдi. Өйткенi Ол, Пайғамбар болмастан алдын, қызметшi болып iстеген Зәйд б. Хариске сүйiспеншiлiк пен мейiрiм көрсеткенi соншалық, әке-шешесi алып кетуге келгенде, Хз. Пайғамбарымыздың қасында қаламын, деп әке-шешесiн керi қайтарған.163 Ал Әнәс б. Малик, Хз. Пайғамбарымыздың қасында он жыл жүрiп, iстей алмаған iсi үшiн «не үшiн iстемедiң? ң деп айтпағанын, сонымен қатар кейде қателiк iстеп қойған болса айқайлап ұрыспай басынан сипалап, күлiмсiреп қана қоятындығын көп айтатын.164 Сондықтан да мұғалiмге ең алдымен сүйiспеншiлiк өте қажет.165

Сонымен тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiне ретiнде Хз. Пайғамбарымыздың тәрбие жөнiнен үлкен жетiстiктерге жетуiнiң басты себебiн ең алдымен Аллаһтың уахиына сүйенгендiгi дей аламыз. Сондай-ақ ол, өз сөзiне берiктiгi мен айтқанын бұлжытпай орындағандығынан қол жетпес жетiстiктерге жеткен. Осылай Хз. Пайғамбарымыз санаулы жылдардың iшiнде адамдарды надандықтық шырмауынан құтқарып, мәдениеттiлiк пен парасаттылықтың iргесiн қалаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет