Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет15/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
работа

1.6.2 Фразеологиялық бірлік

Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір байланыста болатыны аңғарылады. Бұлар да о бастағы еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан шығады. Мәселен, басын тауға да, тасқа да соғу дегеннен «әлекке түсу, дағдару» дегенді түсінеміз.


М ы с а л: Басымды тауға да, тасқа да соғып жүріп, ақыры бір күні бишаралық көретін адаммын (Р.Т.) Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған.
Еркін сөз тіркестерінің біртұтас ауыспалы мағынада айтылып, құрамы тұрақты болып келетін бейнелі тіркестер фразеологиялық бірліктер деп аталады.
Көзіне көк шыбын үймелету — «сорлату, басыну, әлімжеттік жасау» дегенді білдіреді. Мысалы, ертеректе адамдарды жазалаудың бір түрі – қол-аяғын керіп байлап тастау. Шыжыған ыстық күннің астында керулі адамның үсті-басына, әсіресе көзіне шыбындардың қонып, үймелеуін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Осы суретті әдетте еркін мағынада көзіне көк шыбын үймеледі деп айтады. Демек, осы еркін тіркестегі қимыл-әрекет мағынасы басқа ұқсас әрекетпен салыстырып ауыспалы мағынада тұрақты қолдану арқылы фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған. Келтірілген мысалдардан, фразеологиялық мағына жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, әрі бейнелі, әрі туынды мағына екендігін көреміз. Кейде фразеологиялық тұтастық пен бірліктің арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер кездеседі. Мұны тұрақты тіркес мағыналарының тым көнеленуіне байланысты түсіну керек.
М ы с а л ы: ит басына іркіт төгілу - «ағыл-тегіл молшылық». Сырт тұлғасы жағынан фразеологиялық бірлікке ұқсайды, мағынасының тым көмескіленуінен фразеологиялық тұтастыққа (идиомаға) да ұқсайды. Әрине, дұрысы – идиомалық тіркеске жатады. Алайда фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа біріге береді. Мәселен, орыс тіл білімінде мұндай құбылысты Н.Шанский идиомалар немесе идиомалық орамдар деп атайды [10, 84]. Қазақ тілінде де фразеологияның бұл екі тобы бір-біріне өте жуық тұрақты тіркестер деп қарастырады.
Фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден өздерінің семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгешеленеді. Бұл екі топқа жататын фразеологиялық тіркестерді семантикалық жағынан қарастырғанымызда осылай екі түрлі термин мен атаудың дұрыс екеніне көз жеткізуге болады [1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет