Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Фразеологиялық тұтастық (идиомалар)



бет14/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
работа
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу
1.6.1 Фразеологиялық тұтастық (идиомалар)

Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымы мен беретін мағынасына ой жіберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән-мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағынаны білдіреді. Олардың құрамындағы сөздердің мағыналық жігін ажыратуға болмайды.


М ы с а л ы: қас пен көздің арасында - лезде тез, мұрнынан шаншылу - қолы тимеу дегенді білдіреді. Бұл мағыналар осы тіркестер құрамындағы сөздердің тұтас жиынтығынан келіп шығады.
Сол сияқты қырық пышақ болу (араздасу), мұрнын көкке көтеру (менменсу) деген тұрақты тіркестерде жеке сөздер мен фразеологиялық мағына арасында тікелей байланыс жоқ. Идиоманың беретін ұғымы мен білдіретін мағынасы түсінікті: құрамындағы сыңарлар бөлініп ажыратылмайды және мағынасымен байланыспайтын әбден бітісіп, тұтасып кеткен томаға тұйық тіркестер.
Мысалы: құлаққа ұрған танадай, сіркесі су көтермеу, құлағының етін жеу, жүрегі тас төбесіне шығу, жанын шүберекке түю, ит арқасы қиянда, танауынан есек құрты түсу т.б.
Мұндағы тіркес сыңарларының бір бүтін мағынасы құрамындағы сөздерден мүлдем алшақтап кеткен.
Сөз сырына үңілсек, халық тілінде бұрыннан қалыптасқан, даяр күйінде қолданылатын тұрақты тіркестер – фразеологизмдер құрамындағы жеке сөздердің мағына жағынан көмескіленіп, мүлде алыстап кететіні соншалық тіркес ішіндегі бірнеше сөздердің бәрі жиылып, тек бір мағынаны білдіреді. Солардың бірі – идиомалар. (Идиома - грекше «ерекше сөз» деген).
М ы с а л ы: «Мұртын балта шаппау» - шаруасы орнықты, дүниесі түгел; «Аза бойы қаза болу» - жаны түршігу; немесе «Ит арқасы қиянда», «Ит өлген жерде» - өте алыс деген ұғымдарды білдіретін тіркестер - шынында, «ерекше» тіркестер. Бұлар бір тілдің ішінде бөліп-жаруға, басқа тілге сөзбе сөз аударуға келмейді және құрамындағы компоненттер бірігіп, фразеологиялық мағынаға ие. Ал өте алыс деген мағынаны «итарқасы қиянда», «ит өлген жерде» деген бейнелі сөздермен жеткізудің қандай қажеттілігі болды немесе бұл тіркестер ауыспалы мағынаға қалай ие болды деген сұрақтардың болуы заңды.
Бұл жөнінде ғалым К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде: «Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына түрлі аңыздар, әр түрлі ұғымдар түсініктер негіз болғандығы аңғарылады. Мысалы, халықтың түсінігінде жақсы ит аулаққа барып өлсе «жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» деген осындай түсініктен туған. Осыдан келіп, халық алыс жерді «ит өлген жерде» немесе «итарқасы қиянда» дейді [44, 257] деп, бір ұғымды білдіретін екі түрлі тіркестердің тегін бір түсінікпен тұжырымдайды. Біздіңше, «итарқасы қиянда» идиомасының шығу төркіні басқа.
«Итарқа» - күрке, жаппа, шатыр т.б. сияқты жасалатын уақытша баспананың аты. Тым алысқа шалғайға көшіп қонған адам, әрине, мекендейтін жерінен алдымен уақытша болса да тұратын жер сайлайды. Біздіңше, оның итарқасы (тұратын жері, баспанасы) өте алыс деген ұғымға «итарқа» атауы негіз болған. Жалпы ұлттық, тұрмыс-тіршілікті білдіретін алуан сөздер, сөз тіркестері ғасырлар бойы қалыптасқан, әбден орныққандықтан ауыспалы мағынаға айналуы заңды да. Қазіргі қазақ тілінде бұл архаизм емес, күні бүгінге дейін қолданыстан шықпай, тұрмыс салттан хабардар етіп отырады. Мысалы, ата жұртына көшіп жатқан қандас бауырларымыз туралы Монғолиядан хабар жолдаушы автор мына сөйлемде былай деп келтіреді:
Көлік пен кезек күткендер ұшақ алаңына жақын маңға күркелер мен қостарын, шатырлары мен итарқаларын тігіп тастаған («Е.Қ». 12.09.92). Осындағы «қос, шатыр, итарқа уақытша күн көріс қамынан туған баспана аттары. «Оның жүрген жері өте алыста» деп айта салсақ та болады. Бірақ сөйлемдегі ойға түрлі реңк беріп, эмоционалды мағына үстеу үшін «оның жүрген жері итарқасы қиянда» деген бейнелі тіркесті қоса сөйлесек, сөйлеміміз мәнді де мағыналы болары даусыз.
Осы сияқты басқа да келтірілген тіркестердегі мағына ғасырлар бойы қалыптасып, әбден орныққандықтан кейде этимологиялық талдаудың да қажеті болмай қалады.
Айтайын деген ойды нақты әрі мәнерлі жеткізуге дайын тіркестер ретінде аса қажетті бейнелі сөз – құрал есебінде қолданылады. Біреуді «кім көрінген», «кез келген» деудің орнына, қазақта «иттің итақайы» деп атайды.
Тұрақты тіркес құрамындағы сөз сыңарлары лексикалық мағыналарын жоғалтқан, семантикалық біртұтас, бөліп-жаруға болмайтын, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтін тұрақты сөздер түйдегін фразеологиялық тұтастық немесе идиомалар дейміз.
Бұлар тілде лексикалық бір бүтін бірлік ретінде қолданылады. Идиома термині қазіргі қазақ тілінде фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев [11]), фразеологиялық тұтастықтар (К.Аханов [43], Ә.Болғанбаев [41], Г.Смағұлова [1] т.б.) деп те аталынып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет