Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


) жан-жануарлар аттарымен байланысты фразеологизмдер



бет22/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
работа

6) жан-жануарлар аттарымен байланысты фразеологизмдер: Қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде зор маңызға ие, бүгінде ұлттық болмыс пен танымын танытатын төрт түлікке қатысты тілдік бірліктер сөздік қордан қомақты орын алған. Бүгінгі кезеңде төрт түлік лексикасы этномәдени лексика; заттық мәдениет, рухани мәдениет лексикасы құрамында ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары ретінде зерттеліп, лингвомәдениеттанымдық, символдық мәні бар этнографизмдер ретінде танылады. Қазақ халқының көшпелі заманда негізгі тіршілік көзі – төрт түлік мал болғандықтан, төрт түлік атауларының қатысымен фразеологизмдер аз тумаған. Төрт түлік деп түйе, жылқы, сиыр, қой малдарын айтады. Мысалы: ат құлағында ойнайды, қойдан қоңыр, жылқыдан торы, ақ түйенің қарны жарылды, өгізге туған күн бұзауға да туады, нар жолында жүк қалмас, атан жілік жігіт, бота көз ару, Сиырдың сүті тілінде, қойдан қоңыр, жылқыдан, торы; қой аузынан шөп алмайды.
Төрт түлік мал тек қазақ халқының төл тұрмыс-тіршілігіндегі мәдениетін айқындаса, ағылшын халқы жан-жануарларға қатысты келесі фразеологиялық бірліктерді қолданған: cat's pajamas, barking up the wrong tree, raining cats and dogs, three-dog night, dog days of summer, а dog's breakfast, dog's dinner, dog in the manger', 'Flogging a dead horse', 'For donkey's years', 'Like giving a donkey strawberries, Bull in a china shop.


2.1 Ағылшын халқының ұлттық ерекшеліктерін білдіретін фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты


Әр ұлтты тіл арқылы танысақ сол ұлт тіліндегі фразеологизмдер алғашқы баспалдақ ретінде қызмет етеді. Себебі, кез келген фразеологизмнің мағыналық астарында сол ұлттың тұрмыс-тіршілігі мен мәдени ақпараттары жатады. Осыған орай ағылшын халқының ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын келесі тақырыптарға топтастырылған фразеологизмдерді қарастырамыз:

  1. әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты фразеологизмдер:

Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің көпшілігі жергілікті болып табылады. Олардың көпшілігі салт-дәстүрін, ағылшын халқының сенім нанымдарын, тарихын көрсетеді. Мысалы: sit above the salt қоғамда жоғары дәрежесі болу, sit below the salt қоғамда орташа дәрежеде болу, put smb. in the cart біреуді қиын жағдайда қалдыру және тағы басқалар. Бірінші келтірілген мысал ағылшын халқының ескі салтына сәйкес атақты, әйгілі қонақтарды дастарқанның жоғарғы жағына отырғызып, ал кедей туыстарын және қызметшілерді дастарқанның төменгі жағына отырғызатын болған. Сart сөзі қылмыскерді өлім жазасына апаратын немесе қалада масқаралықпен алып жүретін арбаны айтады және осы сөз арқылы put smb. in the cart фразеологизмі пайда болған [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет