Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерді этнолингвистикалық аспектіде салыстырмалы зерттеу



бет2/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
работа
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерді этнолингвистикалық аспектіде салыстырмалы зерттеу………

48


2.1

Ағылшын халқының ұлттық ерекшеліктерін білдіретін фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты ...............................

45


2.2

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін білдіретін фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты ................................

52


2.3

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын айқындайтын фразеологизмдер топтамасына талдау...................................................................................

62




ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................

67




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................

70



КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі. Тіл – мәдениеттіліктің бірінші белгісі. Мәдениетті қалыптастыратын, сақтайтын, келер ұрпаққа жеткізетін – тіл. Тіл арқылы сол тілдің иесі – ұлтты тануға болады. Тіл арқылы оның мәдениетін айқындауға болады. Өйткені ұлт мәдениеті оның тілі арқылы танылады. Тіл этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының өзегі. Ол тек дыбыс пен таңбаның бірлігі емес, ең маңыздысы - мәдени сабақтастықтың құралы. Ұлттың барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасы, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырылады.
Тіл мәдениеттің өмір сүру формасы, мәдениет оның ішкі мәні болғандықтан, тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Тілде адамның осы әлемді түсінуге тырысқан таным жолдарының ізі сақталады, ұлт өмірі туралы жан-жақты мәлімет жинақталады. Сол мәліметтер арқылы әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері көз алдымызға келеді.
Тіл арқылы барлық құбылыс, заттар, яғни, әлемнің тілдегі көрінісі тілдік бірліктерге тән болғанымен, кумулятивтік кызмет, әсіресе, фразеологизмдерден ерекше байқалады. Оның себебі сол ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере алады [1].
Жалпы, ұлттық деректерге сүйенетін лингвомәдениеттік талдау үшін мәдениет ұғымы ең негізгі болып табылатындықтан, ұлттық мәдени ерекшеліктерді қамтитын тұрақты тіркестерді талдап түсіндіруде осы мәдени негіздерге сүйену қажет. Өйткені тіліміздің көркем құралы болып табылатын тұрақты тіркестердің қай-қайсысының да пайда болуында терең тамырлы тарихы бар халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған ежелгі мұралардың келбеті бары анық. Сондықтан В.Н.Телия лингвомәдени талдаудың барысында «возможно выявить, как воплощена культура в содержание фразеологизмов – идиом и фразеологических сочетаний, определить смысл их культурно-национальных коннотаций, благодаря которым фразеологизмы в процессах их употребления воспроизводят характерологические черты народного менталитета» [2] дейтіндей фразеологизмдер ұлт менталитетіне тән қасиеттерді анықтауда рухани мәдениеттің түп дерегі болмақ.
Бұл саланың объектісі лингвистика мен мәдениеттану сияқты екі ірі ғылымның тоғысуынан туындайды. Мұнда халықтың салт-дәстүр, тарих, аңыз-әңгіме, көркем әдебиет, күнделікті тұрмыс тіршілігі орын алатын тілдік бірліктер қарастырылады.
Сонымен, тіл – мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі. Ұлт өміріндегі күллі жағдайларды тіл қойма ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Лингвомәдениеттанудың зерттеу нысаны – ұлт тілінде сақталған халықтың басынан өткен тарихының көрінісі. Ол уақыт пен кеңістікке бағынбайды. Бұрынғы мәдени құндылықтармен таныса отырып, біз әр түрлі күй кешеміз. Сол кезеңге тап болғандай боламыз. Оған біз тек тіл арқылы талдаулардың нәтижесінде жетеміз. Осы орайда ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің мағына-мәні осы тілдерде сөйлейтін ұлттың ерте уақыттан бергі өмірін жан-жақты айқындайтынын ескерсек, қос тілдің де фразеологиялық қорындағы даяр қалпында қолданылатын тұрақты тіркестердің қолдану жолдарын зерттеу – тіл білімі ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі.
Халықтың күнделікті өмір тіршілігі негізінде пайда болып қалыптасқан фразеологизмдерді қос тілден жиналған деректерімізден кездестіруге болады. Бұл фразеологизмдер тілдік қолданыста әр уақыттың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған байлығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің беретін ұғымы әр ұлттың өзіне ғана тән мәдени, рухани өмірін бейнелейді. Яғни, қос тілдегі фразеологизмдер ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін айқындайды. Осыған орай ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қалыптасуын айқындауда әр ұлттың дүниетанымын, ой-парасатын және рухани парасатымен байланысты пайда болып қалыптасқан фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын саралап, олардың тілдік қатынаста қалыптасуын зерттеудің мәні зор.
Ғалымдардың айтуынша, тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасы, олардың ұлтпен байланысы деген мәселелерді неміс ғалымы В.Гумбольдт алғаш рет сөз еткен болатын. Ол тіл, тіл мен халық, тіл мен ойлау, тіл мен мәдениет деген мәселелерді жан-жақты зерттей келіп, «өмірде дүние (әлем, ғалам), адам (ойлау) және тіл дегендер болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста», «тілге таңбалық сипат тән», «тілдік таңбалардың сыртқы (дыбысталуы, жазылуы) және ішкі формасы (мағынасы) болады», «тіл – халық рухы, халық рухы тілінен көрініс табады»,– деген идеялар мен концепцияларды ұсынған [3].
Академик Әбдуәлі Қайдардың «Мәдениет жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитеті ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым» деуі мәдениетті тілмен байланыстыра зерттеудің маңыздылығын аша түседі. Өйткені тіл қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ұлттық мәдениеттің басты формасы, сондықтан мәдени негіздерге деген қызығушылық тіл тамырына тереңірек үңілуді қажет етеді [4].
Жалпы фразеологияның теориялық негіздерін салған Ш. Балли [5], А.А.Потебня [6], И.И.Срезневский [7], Ф.Ф.Фортунатов [8], В.В.Виноградов [9], Н.М.Шанский [10] болса, қазақ тілінің фразеологиясы саласында еңбек еткен ғалымдар, олар І.Кеңесбаев [11], М.Балақаев [12], С.Аманжолов [13], Н.Сауранбаев [14], ал ағылшын тілінің фразеологиясын зерттеген В.Кунин [15], Логан П. Смит [16], Т. Сейвори, [17] С. Поттер, [18] Л. Апперсон [19] және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет