Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет3/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
работа

Зерттеудің нысаны: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі ұлт иелерінің лингвомәдениетін айқындайтын келесі шағын топтағы фразеологизмдер: әдет ғұрып, салт-дәстүр; ұлы ақын шығармалары; тарихи ұғымдар; күнделікті тұрмыс тіршілік; мезгіл, ай, апта, күн аттары; жан-жануарлар аттары.
Зерттеу пәні: Ағылшын және қазақ тілдерінің этнолингвистикалық сипатын айқындайтын қос тілдің ұлттық ерекшеліктерін білдіретін фразеологизмдердің мән мағынасын ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ағылшын және қазақ халқының тілдегі этнолингвистикалық сипатын айқындайтын тек фразеологизмдер деп қарастырсақ, бұл сала әлі терең зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі екі ұлттың ерекшеліктерін білдіретін фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын ашу.
Зерттеудің міндеттері:

  • Тіл мен ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсету;

  • Ұлттық мәдениеттің қалыптасуын және оның тілдегі көрінісін фразеологизмдер арқылы ашу;

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің шығу тегін анықтау;

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қолдану ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табу;

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі әдет ғұрып, салт-дәстүр, ұлы ақын шығармалары, тарихи ұғымдар, күнделікті тұрмыс-тіршілік, мезгіл, ай, апта, күн аттары, жан-жануарлар аттарына шағын түрде топтастырылған фразеологизмдерге талдау жасау;

Зерттеу көздері: Фразеология саласындағы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылым ақпараттары, ғаламтор жүйесі т.б.
Зерттеу әдістері: Ғылыми жұмыстың мақсатына жету үшін қолданылған әдістер:
- фразеология бойынша ғалымдардың еңбектерін жинау және талдау;
- тақырыптарқа сай материалдарды жүйеге келтіру;
- қос тілдегі фразеологизмдерге салыстырмалы талдау жасап, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айқындау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
Ұлт өміріндегі күллі жағдайларды тіл қойма ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Лингвомәдениеттанудың зерттеу нысаны – ұлт тілінде сақталған халықтың басынан өткен тарихының көрінісі. Ол уақыт пен кеңістікке бағынбайды. Бұрынғы мәдени құндылықтармен таныса отырып, біз әр түрлі күй кешеміз. Сол кезеңге тап болғандай боламыз. Оған біз тек тіл арқылы талдаулардың нәтижесінде жетеміз [1]. Олай болса, ғылыми жұмыстың жаңалығы ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын анықтайтын фразеологизмдер топтамасы құрылып және қос тілдің фразеологизмдеріне талдау жүргізілгенінде болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет