Рut smb. in the cart — біреуді қиын жағдайға қалдыру (cart сөзі қылмыскерді өлім жазасына апаратын немесе қалада масқаралықпен алып жүретін арбаны айтады); a strange bedfellow – оғаш таныс (мақалдың қалған бөлігі adversity makes strange bedfellows – мұқтаждықта кіммен болсын араласасың) Англияда орта ғасырларда және де XVII ғ.мен XVIғ.-да жеке бөлек кереуеттер өте сирек болатын, сол себепті бір жынысқа жататын тұлғалар көп жағдайда бірге ұйықтай беретін болған [90].
2) Ұлы ақын шығармаларынан:
Жергілікті ағылшын тілі фразеологизмдерінің көпшілігі көркем әдебиет шығармаларынан, әсіресе, Шекспирдің шығармаларынан алынған фразеологизмдер бірінші орында тұрады. Олар: A fool’s paradise (“Romeo and Juliet”) [W.Shakespeare] «қиялмен өмір сүру» бақытты адамдар секілді өзін-өзі алдап өмір сүру, ащы шындықты қабылдамау. Мыс.: James is living in a fool's paradise if he thinks things are always going to be this good. The green-eyed monster (“Othello”) – мағынасы ‘қызғану’ [W.Shakespeare]. Бұл фразаны Шекспир 1596 жылы Венециялық сатушының қызғаншақтығын сипаттаған. Жасыл түсті таңдауының себебі ол адам қатты ауырған кезде терісі сарғыш жасыл түске айналады және іш ауруына себеп болатын әлі толығымен піспеген жемістердің түсі де жасыл болады.
Portia:
How all the other passions fleet to air,
As doubtful thoughts, and rash-embraced despair,
And shuddering fear, and green-eyed jealousy! O love,
Be moderate; allay thy ecstasy,
In measure rein thy joy; scant this excess.
I feel too much thy blessing: make it less,
For fear I surfeit.
Сондай-ақ, Шекспир 1604 жылы Отелло шығармасында мысықтарды тышқандарды өлтірмес бұрын олармен әбден ойнап содан соң ғана өлтіргендіктен, мысықтарды жасыл көзді құбыжықтар деп сипаттаған:
Iago:
O, beware, my lord, of jealousy;
It is the green-eyed monster which doth mock
The meat it feeds on; that cuckold lives in bliss
Who, certain of his fate, loves not his wronger;
But, O, what damned minutes tells he o'er
Who dotes, yet doubts, suspects, yet strongly loves!
Достарыңызбен бөлісу: |