Truth will out - ақырында шындықтың белгілі болуы. Шекспирдің «The Merchant of Venice», 1596 шығармасынан алынған:
LAUNCELOT: Nay, indeed, if you had your eyes, you might fail of
the knowing me: it is a wise father that knows his
own child. Well, old man, I will tell you news of
your son: give me your blessing: truth will come
to light; murder cannot be hid long; a man's son
may, but at the length truth will out
What a piece of work is man - адам баласы жоғары дәрежедегі жаратылыс. Шекспирдің «Гамлет» (1602) шығармасынан алынған: What a piece of work is a man! how noble in reason! how infinite in faculty! in form and moving how express and admirable! in action how like an angel! in apprehension how like a god! the beauty of the world! the paragon of animals! And yet, to me, what is this quintessence of dust? man delights not me: no, nor woman neither, though by your smiling you seem to say so [91].
3) тарихи ұғымдарға байланысты фразеологизмдер:
The curse of Scotland - «Шотландияның қарғысы». Карта ойындарында, тоғыз қиық кейде Шотландияның қарғысы деп аталады, себебі, ол Dalrymple жанұясының елтаңбасындағы тоғыз ромбқа ұқсайды.
The three tailors of Tooley Street Тікелей аудармасы «Тули көшесінің үш тігіншісі». Мағынасы: өздерін халықтың өкілдері ретінде санайтын шағын топтағы адамдар. Ағылшын саясаткері Д.Каннингтің айтуына қарағанда Тули көшесінің үш тігіншісі парламентке өз өтініштерін келесі сөздермен бастаған екен: “We, the people of England…”
Meet one’s Waterloo: ақыры соңында жеңілу, әсіресе, жайбырақат берекелі жылдардан соң. (Ватерлоода Наполеон 1815 жылы ақыры соңында Веллингтон мен Блюхерден жеңілген) [15].
4) Күнделікті тұрмыс-тіршілікке байланысты фразеологизмдер:
Born with a silver spoon in your mouth – өз еңбегінің арқасында емес, жанұя тұрмыс-тіршілігінің арқасында мүмкіндіктері болу. Мысалы: Bill was not born with a silver spoon in his mouth – he came from a poor family and earned his success through hard work. Бұл фразаның шығу тегі: бұрын ауқатты жанұяда сәби дүниеге келген кезде оған күміс қасық беретін болған. to be born with a silver spoon in one's mouth – Аузында күміс қасықпен туылу, яғни, ауқатты жанұяда дүниеге келу. Бұл фраза ағылшындықтардың фразасы болып есептелінгенімен ол британдық аристократтарға қатысты айтылған. Бұл әбден солай болуы мүмкін, бірақ алғашқы рет бұл фраза 1801 жылы АҚШ-тың конгресінде жарияланған: «It was a common proverb that few lawyers were born with silver spoons in their mouths».
Бірақ көптеген елдерде әсіресе ауқатты жанұяларда сәбиді шоқындыру салтанаты кезінде кіндік әке сәбиге күміс қасық беретін болған. Бұл осы фразаның шығу тегі бола алады,алайда, ауқатты адамдар күміс қасықпен тамақтанатынын ескеректін болсақ, бұл фраза осыған байланысты айтылған деуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |