Аs mad as a March hare – ақымақ немесе оғаш, таңқаларлық әрекет жасайтын адам. Мысалы: This woman was dancing in the road and singing very loudly – I thought she was mad as a March hare. April fool – Күлкі күні алданып, күлкіге қалған адам; April Fools' Day көп елдерде 1 сәуір күні тойлайды, бірақ ұлттық мерекеге жатпайды. Ол күні адамдар бірін-бірі алдап, алданғандарға күледі. Ал сол алданып қалған адам аpril fool деп аталады. Сондай ақ, апта күндеріне байланыстыblue Monday – жексенбілік демалыс күннен кейін дүйсенбі ауыр/көңілсіз күн;black Friday – қаржыдан қысылу немесе кез-келген сәтсіздікке ұшыраған жұма күн; man Friday – адал қызметші (жұма секілді, Даниэль Дэфоның Робинзон Круз романындағы кейіпкер (1719)); a month of Sundays – өте ұзақ уақыт; Sunday best / Sunday clothes – ерекше жағдайға байланысты алынған жаңа киімSunday driver – тәжірибесіз жүргізуші (тек жексенбі күндері машина айдайды); Sunday School – балаларға діни тәрбие беруге арналған жексенбілік мектеп; when two Sundays come together – ешқашан (екі жексенбі тоғысқанда).
6) Жан-жануарлар аттарына байланысты фразеологизмдер: Ағылшындар бір нәрсеге бар ықыласпен назар аудара қалса, бұл "The cat's pajamas"; ал сұраққа дәл жауап ала алмаған кезде "barking up the wrong tree"; жаңбыр құйып жауып тұрған кезде "raining cats and dogs," сондай-ақ суық түнді "three-dog night."; "dog days of summer" күндерінде көңілге жағымды аңгімелер айтып жақсы әсер алуға болады [94].
"The cat's pajamas" 1920 жылдары кеңінен тараған, жақсы нәрселерді сипаттау үшін қолданылатын «қисыны жоқ фразалардың» қатарында болды. "A dog's breakfast"– британдық идиома болып табылады және жалпы асхананы сипаттау үшін немесе қайғылы жағдайды сипаттау кезінде қолданылады. Сенуге қиын, бірақ шығу тегі жақсы тамақ дайындай алмаудан пайда болған. Егер тағам дәмсіз даярланған болса, ол тағам итке беріледі. Сондай-ақ, белгісіз жағдайларға байланысты, талғамсыз киініп алған кісіге "dog's dinner" сипаттамасы берілген. Мысалы: And on a bus top at a 57th St.Traffic halt a youth from the sidewalk called to a young caigaet-smoking lady at the rail: "What you doing sitting there all dressed up like a dog's dinner?" [94]