Мал-жан аман болсын – Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Ас-ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат-жұрағатымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «Мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.
Ауылдың алты ауызы — дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, “қонақкәде” айтқызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін өлең-жыры. Қонақ тамақ ішіп, тынығып болған соң ауыл адамдары ауылдың алты ауызын айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысқан да, кезекті қонаққа беретін болған. Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы немесе ертек айтып, “қонақкәдесін” жасауы шарт болған. Кәде орындалған соң ән айту үлесі өнерпаздарға тиіп, отырыс ойын-сауыққа ұласып отырған. Қазіргі кезде негізінен ауылдық жерлерде сақталған [95].
Тойда, ойын-сауықта, қонақкәде сұрағанда, көбінесе, алыстан келгендер «ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді» әуелі өздеріңіз бастаңыздар» деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл «жол өздеріңізден, өнер, өлең ауылдан басталсын» деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарыңыздан басталады. «Ауылдың алты ауызы» дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылуы немесе бұрыннан таныс өлең, жыр түрінде орындалуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады. Ауылдың алты ауызы өнерлі жастарды топ алдына шығаруға, олардың халыққа танымал болуына игі әсер еткен.
Шаңырақ түйе – Қазақта түйе киелі жануар болып саналады. Сондықтан қазақы танымда түйеге қатысты наным-сенімдер, ырымдар мен салттар өте көп. Сондай дәстүрдің бірі – шаңырақ түйе. Қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, оны құтты орнына қондыруға тырысқан ата-бабаларымыз кезінде ұзатылып бара жатқан қызды және оның жанындағы шешесін, жеңгесін, сіңлісін тағы басқа жақын әйел адамдарды күйеу жігіттің ауылына аттандырғанда, «шаңырақ түйе» қосып беретін болған. Түйе жат босағаны аттайтын жас келін үшін ыстық, қасиетті мал болып саналады. Бұл түйеге жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді екен. Егер міне қалса, оны көрген жұрт «пәленше деген келіннің шаңырақ түйесіне мініп келіпті» деп келемеждеп, күлетін. Ертедегі салт бойынша көш басында жүретін түйеге үлкен шаңырақ артылатын болған. Оған адам мінбейді, атпен жетектейтін. «Шаңырақ түйе» деген ұғым осыдан шыққан екен. «Шаңырақ түйе» (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі т.б.) мініп келе жатқан көлігі «шаңырақ түйе» деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса оны көрген жұрт «пәленше келіннің шаңырақ түйесіне» мініп келді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, «шаңырақ түйе» деген сөз осыдан шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: |