Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет34/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
работа

Абылай аспас сары бел (асу) – Абылай аспайтын асу, баспайтын бел, алмайтын қамал, жеңбейтін жау жоқ дегеннің «кері» мағынадағы метафоралық баламасы. Яғни оның қазақтың даңқты ханы болғандығын білдіретін аллегориялық формула іспеттес ұғым. Фольклорлық дәстүрде хан Абылайдың жорықтарда талай тайғақ асудан төте жол тапқан асау өзеннен көпір салғызып ауыр қол өткізіп, жауды ту сыртынан тұтқиылдан соғып жеңіске жеткені айтылады. Сонда, «Абылай аспас сары бел» (немесе «Абылай аспас асу») адам баласының құдіреті де, әлеуеті де, мүмкіншілігі де жетпейтін тіршіліктегі небір қиыншылықтың ең жоғарғы шегі бар екендігін айғақтайтын метафора болып шығады.
Прецеденттік формула-фразеологизмге айналған ұғымды Абылай ханның қырғыздармен соғысқан жері – Қарабалта, Соқылыққа қарсы Сарыбел деп аталатын асумен байланыстырылады. Хан Абылай қырғыздарға жорық барысында Сарыбелді аса алмауының себептерін ауызша деректерде салқын күз түсіп, асудың мұзды болуымен түсіндірген екен. Ал, Мәшһүр Жүсіп Абылай ханның Сарыбелді ала алмауының себебін қазақ-қырғыз өзара бітім жасасып, қазақ ханы қырғыздан аманат алып, Қарабалта, Соқылықтан аспаймын деп уәде беруімен байланыстырады. Хан Абылай қырғыздан аманат алып, Тілеуберді Жамансартұлы бастаған екінші қырғыз елшілігімен қырғыз-қазақ шекарасы бойынша келісімге келуі «Абылай аспас сарыбел» тарихын аша түседі.
Кейін екі халық арасындағы болған тарихи оқиғалар қазақ ханының бітімге келуін «аса алмадым» деген ұғымға балағандығын айғақтайды. Бітімге келу дегеннің бір мәні даудың шешілуі дегенді білдіретіні түсінікті, - деп топшылайды зерттеуші А.Ш.Махаева. Яғни «Абылай аспас сарыбел» ұғымы келістім деген мағынада қолданылып, осынау айтулы оқиға халық жадында парема-прецеденттік нұсқада сақталып қалды. Орайы келген соң айта кету керек, Абылайдың «Бекболаттан аса алмадым» деген атышулы сөзі де өзара келісім арқылы еларалық дауды шештім деген мағынаны білдірсе керек. Батырлар қоғамның iшкi өмiрiне де белсене қатысқан. Мәселен, "Абылай аспас сары бел” оқиғасында Ботахан құнын жоқтаған Олжабай, Алтай Жиенәлi, Қозған Биікше Мерген ханға қарсы шықса, Балта керей Тұрсынбай батыр Абылайды жақтайды, келiссөзге бiрге ерiп келедi. Ақыр соңында екi жақты да келiстiру бағын ұстанған үшiншi топ өкiлдерiнiң: Жәңке, Жанақтардың қөздеген мақсаты орындалып, Абылай хан Арғын руы адамдарымен өзара бiтiмге келедi. Ал бұл оқиғаның 1779 ж. болғанын қытай құжаттары көрсетедi [98].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет