Қабырғамен кеңесу – Жақын адаммен кеңесу. Мысалы: «Жә, Нұржан да көз жұмып, күліп беретін әумесер емес, қабырғасымен кеңесіп байқайды». Бір күн бие, бір күн түйе– (көбінесе әйел баласы жайында айтылады) көңіл күйі, көзқарасы, пікірі тез өзгеріп тұратын адам жайлы. Мысалы «Жеңешем бір күн бие, бір күн түйе».
Адам қатарына қоспау– менсінбеу, адам ғұрлы көрмеу. Мысалы: «Ержанның амандаспай өтіп кеткені қалай, сонда мені адам қатарына қоспағаны ма?». Көзге ілмеу – назар аудармау.Мысалы: «Ылғи бір абыр-сабырдың астында қалған Игілік мұны көзге іле қоймағанына ренжи де алған жоқ» (Ғ.М. Оянған олке).
Жымқырып кету –тонау. Мысалы: «Қалай дегенмен, менеджерлер акционерлердің қаражатын ұрлап, жымқырып кетуі де әбден мүмкін.»
Шөп/басын/сындырыңдар – бұл фразеологизм біреу күнделікті одан күтпеген нәрсені жасаған кезде айтылады, көбінесе қуанған кезде. Мысалы: «Шөп сындырыңдар. Әншейінде көмейіндегі сөзді тістеуікпен суырғандай әрең алушы едік. Бұл қашаннан бері сөйлейтін болған» (Қ.Ж. Шарайна).
Бәрін айт та, бірін айт– бір тоқтамға келу, сөздің соңғы шешімін айту. Мысалы: «Бәрін айт, бірін айт та лайықсың, Қазақтың қызы деген ғажап атқа». 5) Мезгіл, ай, апта, күн аттарына байланысты фразеологизмдер; Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны белгілі. Осыған байланысты қазақ халқы әр мезгілге байланысты өз ойларын жеткізу кезінде фразеологизмдерді қолданған. Мысалы: қара күз – күз мезгілінде ауа райының суытып, жаңбыр жауып өзгерген кезін айтады. Мыс: Мамандардың айтуынша, күздің қара суығында далада беймезгіл жүрген адам суықтап қана қоймай, үсікке шалдығуы да мүмкін; алтын күз – күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары алтындай сарғайып, табиғат әдемі бір кейіпке бөленеді. Осы кезеңді «Алтын күз» деп атайды және «Алтын күз аруы» сияқты мерекелік іс-шаралар арқылы атап өтеді. Мысалы: «Сары алтындай сары күз, Қамбадағы дәніміз. Шелек-шелек баламыз, Ағыл-тегіл ағамыз. Жаздай күткен бәріміз»; Қыстың көзі қырауда– қыс мезгілінің суықтығын, аязын айтады; Сондай –ақ, «Қыстың бір күні қалса қорық» - бұл дегеніміз әлі бір күн болса да ауа райы суық болатындығы туралы айтылады.