Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет37/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
работа

Жаман сиыр өрешіл деп, құдай сүзеген сиырға мүйіз бермейді деген, сиыр сипағанды білмейді деп, сиыр мінез – мінезі теріс, шадыр кісілер туралы айтады. Сиыр бүйректеніп – ынтымақсыз, бөлек болу туралы, мүйіздескен сиырдай – жанжал шығару, өзара қастасу туралы айтылады.
Төрт түліктің бірі – қой малы. Қой жуастықтың, момындықтың, бейбіт жағдайдың баламасы ретінде алынып, тілде осы мағыналарды білдіретін көп-көп сөз тіркестер жасалған: Қой баласын сүйеді қоңырым деп, еш нәрсені білмеген момыным деп. Осыдан келіп, адам момынын: қойдан қоңыр, жылқыдан, торы; қой аузынан шөп алмайды деп айтады. Ал қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған, қой өрісте түнеген; жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жұрт деп бейбіт өмірді, берекелі елді, құт мекенді айтқан. Адамдардың сағынып табысуын – қойдай маңырап шуылдап, қозыдай маңырап дуылдап, қойдай маңырап, қозыдай жамырап деп, қалың момын жұрттың тұйыққа тіреліп, сасқан шағын – ұйлыққан қойдай қамалды деп суреттеген [15].


2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын айқындайтын фразеологизмдер топтамасына талдау

Адамзат өмірінің кез келген сәті, оның тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, салт дәстүрі, өмір сүру мәдениеті – барлығы тілінде көрініс табады. Себебі әрбір ұлттың өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүр секілді ұстанымдары болады. Ағылшын және қазақ тілдерінде фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын айқындау үшін қос тілдің мәдениетін айқындайтын ұлт иелерінің біріншіден әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін көрсететін фразеологизмдердің орны ерекше. Осыған байланысты қазақ халқына тән қалыптасқан фразеологиялық бірліктер: Қонақжайлық, Шашбауын көтеру, жыртысын жырту, қонақасы, қонақкәде, шаңырақ құру, қара шаңырақ; мал-жан аман болсын, ат шаптыру; ауылдың алты ауызы, шаңырақ түйе, бастаңғы. Ал ағылшын халқына тән фразеологиялық бірліктер: вy (немесе with) bell, book and candle, baker's dozen, good wine needs no bush, Rob Peter to pay Paul, sit above the salt, sit below the salt, an aunt Sally, put smb. in the cart, a strange bedfellow.


Жер бетіндегі ұлттар мәдениетінің бір-біріне ұқсамайтыны заңдылық болса қазақ және ағылшын халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін көрсететін жоғарыда аталып өткен фразеологизмдер осының дәлелі болмақ. Себебі, қазақ халқы жайында әңгіме бола қалса, бірінші болып «қонақжайлылық» жайында сөз айтылады. Бұл жөнінде Словакияның Қазақстандағы Арнаулы және Өкілетті Елшісі Душан Подгорски былай дейді - «Қонаққа бара қалсаң, қазақтардан артық сыпайы қонақжайлы адам жоқ. Олар сені мол дастарханмен күтеді, Еуропада мұндайды байқамайсың» [100].
Ал, ағылшын халқында қонаққа бару үшін алдын ала, барғалы тұрғалы үй иесін ескертпей бара қалса, ол әдепсіздікке жатады.
Сондай-ақ, ағылшындарда «baker's dozen», яғни, «наубайшылардың дюжинасы», 13 - саны, ағылшындар 13 санын сәтсіздіктің белгісі деп білген. Себебі, ескі ағылшындардың салт-дәстүрі бойынша сатушылар наубайшылардан 12 нанның орнына 13 нан алатын болған, 13-ші нан сатушылардың табысынан есептелген. Бұл орта ғасырдан бастап кеңінен тараған фраза болып табылады. Сондай-ақ, 13 саны бүкіл Еуропа мәдениетінде де сәтсіздік деп есептейді. Сол себепті Еуропаның көптеген үйлерінде 13-ші қабат жазылмаған, нөмірі 13-ші көше аты қойылмаған, 13 нөмірлі автобустар да жоқ. Бұл түсінік қазақ халқы үшін жат болып есептеледі.
Осылайша, қарапайым қос тілдің фразеологизмдері арқылы екі елдің салт-дәстүрге байланысты мәдениеттерінің айырмашылығын байқауға болады.
Қос тілдің мәдениетін анықтайтын көркем әдебиет саласын қарастырсақ ұлы ақындардың шығармаларында қолданған фразеологизмдер болып табылады. Олай болса ағылшын халқы ұлы ақын деп бірінші Уильям Шекспирді айтса, қазақ халқы Абай Құнанбайұлын айтары сөзсіз. Себебі, жергілікті ағылшын тілі фразеологизмдерінің көпшілігі көркем әдебиет шығармаларынан, әсіресе, Шекспирдің шығармаларынан алынған фразеологизмдер бірінші орында тұрады. Мысалы: A fool’s paradise, The green-eyed monster, A rose by any other name would smell as sweet, A foregone conclusion, A ministering angel shall my sister be, Come what come may, Milk of human kindness, Truth will out, What a piece of work is man. Бұл фразеологизмдер Шекспирдің атақты «Отелло», «Гамлет», «Ромео және Джулиетта» секілді шығармаларынан алынған. Бұл шығармалар бүкіл әлемге әйгілі және қайталанбас дүниелердің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлы өз заманыңда бірқатар фразеологизмдерді әлеуметтік жаңа қарым-қатынас, жаңа құбылыстарға байланысты қолданған. Мысалы шенді шекпен кию, басына іс тусу, ат мініп, ақша ұстау, жер аудару, жалға жүру, закон сұрау деген тіркестер қазақ даласына келген жаңа әлеуметтік немесе экономикалық карым-катынастарға қатысты пайда болған, 19 ғасырдың екінші жартысының туындылары. Фразеологизмдерді қолдануда ақын қазақ көркем сөзі тіліне үлкен үлес қосты, ол үлес перифрастикалық тіркестерді мол қолданудан, жаңа тіркестер жасаудан және кәнігі фразеологизмдерді тұлғалық құрылымдық түрін өзгертіп жұмсаудан көрінеді.
Қалай болған күнде де, қос елдің көркем әдебиет саласында, тіл мәдениетіне айтарлықтай үлес қосқан ұлы ақындар есімі тарихта із қалдырғанын білеміз.
Әрбір елдің тарихы, сол елдің ата-бабалардан келе жатқан асыл мұрасы, қазынасы болып табылады. Тіл білімінде фразеологизмдер, қай елдің болсын тарихындағы өзекті мәселелерді еске түсіретін құралдардың бірі. Мәселен, ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама; тар жол-тайғақ кешу; Абылай аспас асу жоқ; Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы; хан сыртынан жұдырық; хан талау; сын сағат; көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен – секілді фразеологизмдер қазақ елінің тарихынан сыр шертеді. Сол себепті, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елге арнаған өз сөзінде былай дейді: «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді» [101].
Ал, ағылшын халқының тарихын келесі тізімдегі фразеологизмдер айқындайды: As well be hanged (немесе hung) for a sheep as a lamb, the curse of Scotland, the three tailors of Tooley Street, meet one’s Waterloo.
Сондай-ақ, қазақ және ағылшын халқының лингвомәдениетін күнделікті тұрмыс тіршілікке байланысты пайда болған фразеологизмдер арқылы анықтауға болады.
Әдетте ағылшындар өз ойын немесе мүмкіндігін ешкімге айтпайтын, бірақ ешкім күтпеген жерде, бәрін таң қалдыратын іс-әрекет жасайтын адамды а dark horse деп атаса (I didn't know Linda had written a novel. She's a bit of a dark horse, isn't she?), қазақтар осындай таңқаларлық іс әрекет жасаған адам туралы ести қалса шөп сындыру керек қой деп (Линданың роман жазғанын білмеппін ғой. Шөп сындырыңдар.) өз ойларын білдіреді екен.
Сонымен қатар, ағылшындар шешім қабылдамас бұрын басқа адамдардың алдағы іс-әрекеттерін анықтаған соң, өз ойын айтатын болса «see how the cat jumps» фразеологиялық бірлікті қолданады, ал қазақ халқы шешім қабылдамас бұрын «қабырғаммен кеңесіп алайын» –деп, яғни ең жақын адамымен ақылдасып болған соң, өз шешімдерін білдірген. Демек, ағылшын және қазақ халықтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде әр бір жағдайға, әр түрлі қырымен қарайтынын, соған байланысты өз ойларын білдіретіндігін аңғарамыз.
Мезгіл, ай, апта, күн аттарына байланысты фразеологизмдер ағылшын және қазақ халықтарының сенімдеріне байланысты, жыл мезгілдерін сипаттауға, әр бір айдағы мерекелік іс-шараларға, апта күндеріне ерекше мән беріп қарайтындығын білдіреді. Айтарлық, April Fools' Day көп елдерде, ағылшын және қазақ халықтарын қосып айтқанда, 1 сәуір күні тойлайды, бірақ ұлттық мерекеге жатпайды. Ол күні адамдар бірін-бірі алдап, алданғандарға күледі. Ал сол алданып, күлкіге қалған адамдарды ағылшындарда аpril fool деп атайды.
Ал қазақтарда, өте қызғаншақ адамдар туралы «Қыстың күні қар бермейді» деп атайды. Сонымен қатар, ағылшындар адамның адал қасиетіне байланысты man Friday идиомасын қолданады, (ол Даниель Дефоның әйгілі Робинзон Круз романындағы кейіпкердің есімі Жұма, себебі Круз оны жұма күні жолықтырған.) қаржыдан қысылу немесе кез-келген сәтсіздікке ұшыраған жұма күнді вlack Friday деп айтса, қазақ халқы үшін жұма күн қастерлі күн, сондықтан қасиетті жұма деп атайды. Қасиетті жұма күні­нің мынадай бес түрлі ерекшелігі бар: Хазіреті Адам алей­һиссалам жұма күні жаратылды. Жұма күні Адам ата жер бетіне түсірілді. Жұма күні Адам алейһиссалам дүниеден озды. Жұма күнінде сондай бір мезет бар, егер пенде күнәдан аулақ жүрсе және ағайын-туысымен араздаспай тату болу шартын мықты ұстанатын болса Алла тағала ондай пендесінің жұма күнгі осындай ерекше мезетте тілеген дұға-тілегін қабыл етеді.
Қазақ халқы үшін сәтсіз күн сейсенбі күні, ол күні қазақтар үлкен іске кіріспейді, түнгі қонаққа мал сойылмайды, жаңа мекенге көшпейді, тіпті малды да санамайды. Бұл қазақ халқының сеніміне байланысты.
Ал жексенбі күнді ағылшындар – ерекше жағдайға байланысты алынған жаңа киімді атаған, себебі әдетте туған күн, той, мерекелік іс-шаралар жексенбі күні өтетін болса, сол күнге ағылшындардың арнайы алатын киімдері Sunday best / Sunday clothes деп атаған. Ал қазақ халқы үшін жексенбі күн кейде базар күні деп атайды, себебі бұл күні мал шаруашылығымен айналысатындар базарға барып мал сатады.
Қазақ халқының көшпелі заманда негізгі тіршілік көзі – төрт түлік мал болғандықтан, төрт түлік атауларының қатысымен фразеологизмдер аз тумаған. Төрт түлік деп түйе, жылқы, сиыр, қой малдарын айтады, яғни үй жануарлары. Түйе малының ауыр мінезін тыныштықтың, бейбіт тірлік қалпына балап, оның мінезінде көрініп қалар «жеңілдікті» жамандыққа жорып түйе ойнақтаса жұт болады деп бағалаған, күштілікті – нар жолында жүк қалмас, атан жілік жігіт деп, сұлулықты –бота көзді боз жігіт, бота көз ару деп суреттеген. Жаман сиыр өрешіл деп, құдай сүзеген сиырға мүйіз бермейді деген, сиыр сипағанды білмейді деп, сиыр мінез – мінезі теріс, шадыр кісілер туралы айтады. Сиыр бүйректеніп – ынтымақсыз, бөлек болу туралы, мүйіздескен сиырдай –жанжал шығару, өзара қастасу туралы айтылады.
Қой жуастықтың, момындықтың, бейбіт жағдайдың баламасы ретінде алынып, тілде осы мағыналарды білдіретін көп-көп сөз тіркестер жасалған: Осыдан келіп, адам момынын: қойдан қоңыр, жылқыдан, торы; қой аузынан шөп алмайды деп айтады. Ал қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған, қой өрісте түнеген; жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жұрт деп бейбіт өмірді, берекелі елді, құт мекенді айтқан.
Қазақ халқының мінезі жылқы десе ішкен асын жерге қоятын халық. Адам баласы өз жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеуі тек, қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі. Мысалы: ат құлағындай ойнайды – пысық, өте икемді, жеңіл (атқа мінуге құмар кісі, шабандоз кісі туралы айтылады). Ат жақты бет әлпеті сопақша келген адам туралы айтылады.
Ал ағылшындар бір нәрсеге бар ықыласпен назар аудара қалса, бұл "The cat's pajamas"; ал сұраққа дәл жауап ала алмаған кезде "barking up the wrong tree"; жаңбыр құйып жауып тұрған кезде "raining cats and dogs," сондай-ақ суық түнді "three-dog night" деген сияқты идиомаларды қолданады.
Сондай-ақ, екі тілде фразеологизмдердің мағыналық жағынан дәл келуі жиі ұшырасатын құбылыс. Мәселен қазақ тілінде екі оттың ортасында қалу тіркесі мағыналық және құрылымдық жағынан еш өзгермей ағылшын тілінде to be between fires, орыс тілінде оказаться между двух огней; сол сияқты тал қармау ағылшын тілінде «the drowing man will catch at a straw», орыс тілінде хвататься за соломинку. Келтірілген мысалдардың мағыналық сәйкестігі жайдан жай тумайды. Мұнда адамдардың өмір сүру, тіршілік ету, күн көрістеріндегі жалпы адамзаттық ойлау ерекшеліктерінің ұқсастығынан деп қарау керек. Адамдарға қатер төну кейде ұқсас ситуациялардың әсерінен көрінеді. Мәселен, суға батып бара жатқан адамның бірдемені қармап қалуға тырысуы, сондай-ақ, үй жануарларының тәртібіндегі ұқсас, ортақ қасиеттері олардың иелеріне де біркелкі уәжділік пен ішкі форманың образдылығына сай түсінік әкеледі. Мысалы, қазақта «ит пен мысықтай» тіркесі араз адамдар туралы айтылады. Бұл да аталған тілдерде еш өзгеріссіз «как кошка с собакой»- «to fight like cat and dog» түрі кездеседі.
Діни сенімдегі ортақ мәдениет те осыны аңғартады. Құдайға құлшылық етудегі адамдар үшін дәстүрлі жалпылық біркелкі мағынадай айтылатын тіларалық фразеологизмдерді қалыптастырған. Мысалы: Құдай біледі – Бог знает – God knows [85].
Cонымен, қарастырылған ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразоелогизмдер топтамасы қос тілдің халықтарына тән мәдениетін айқындайтынын көрсетеді. Ал, әрбір халық өзінің мәдениеті арқылы ерекшеленетіні белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет