Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет36/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
работа

Қыстың күні қар бермеубұл өте қызғаншақ, артық зат бермейтін адам туралы айтылады. Сәуір болмай тәуір болмас деп қазақ ата-бабаларымыз сәуір айынан бастап тәуір істер орын алатынын айтып кеткен.
Қасиетті жұма - Жұма күнінің қасиеті жайында бірнеше хадис пен аяттар айтылғаны белгілі. Солардың бірінде: “Аллаһ үшін күндердің қадірлісі – жұма. Жұма – Құрбан айт пен Ораза айт күндерінен де пазыл әрі қадірлі”, - делінген.
Қасиетті жұма күні­нің мынадай бес түрлі ерекшелігі бар:
Хазіреті Адам алей­һиссалам жұма күні жаратылды.
Жұма күні Адам ата жер бетіне түсірілді.
Жұма күні Адам алейһиссалам дүниеден озды.
Жұма күнінде сондай бір мезет бар, егер пенде күнәдан аулақ жүрсе және ағайын-туысымен араздаспай тату болу шартын мықты ұстанатын болса Алла тағала ондай пендесінің жұма күнгі осындай ерекше мезетте тілеген дұға-тілегін қабыл етеді.
Қиямет қайым осы жұма күні, ақшам намазы кезінде қопарылады. Имам Бухари мен Ахмедтен жеткен мына бір хадисте: “Аллаға жақын ешбір періште жоқ, ешбір дауыл, ешбір тау мен тас жоқ Қияметтің қопарылатынына орай олар жұма күнінің құдіретінен қорықпай тұра алмайды”, - делінген екен [99].
Сондай-ақ, қазақ халқының ырымдарына байланысты сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді, түнгі қонаққа мал сойылмайды, жаңа мекенге көшпейді, тіпті малды да санамайды. Қазақ халқында сәрсенбі сәтті күн болып есептеледі. Сондықтан барлық істі сәрсенбі күні бастайды. Ал жексенбі күн – базар күні, себебі бұл күні мал шаруашылығымен айналысатындар базарға барып мал сатады. Сондай-ақ, жексенбіден жел өтпес деген сенім бар.
6) Жан-жануарлар аттарына байланысты фразеологизмдер:
Қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде зор маңызға ие, бүгінде ұлттық болмыс пен танымын танытатын төрт түлікке қатысты тілдік бірліктер сөздік қордан қомақты орын алған. Бүгінгі кезеңде төрт түлік лексикасы этномәдени лексика; заттық мәдениет, рухани мәдениет лексикасы құрамында ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары ретінде зерттеліп, лингвомәдениеттанымдық, символдық мәні бар этнографизмдер ретінде танылады.
Қазақ халқының көшпелі заманда негізгі тіршілік көзі – төрт түлік мал болғандықтан, төрт түлік атауларының қатысымен фразеологизмдер аз тумаған. Төрт түлік деп түйе, жылқы, сиыр, қой малдарын айтады. Мысалы: ат құлағында ойнайды, қойдан қоңыр, жылқыдан торы, ақ түйенің қарны жарылды, өгізге туған күн бұзауға да туады және т.б. Төрт түлікті жеке-жеке атағанда түйе малы, жылқы малы, қой малы (ешкі малы), сиыр малы дейді. Әрі бұлардың сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды Ойсыл қара, Қамбар ата, Жылқышы ата, Шопан ата, Шекшек ата, Зеңгі баба деп атаған. Ал бұлардың бәрін қосып аяқты мал деп атайды. Аяқты малға есеп жоқ, айдалып барып жайылар. Төрт түлік малды оның «иесі», «киесі» бар деп нанып, оларға жалбарынатын, киелі ақ нар, киелі ақ боз айғыр, киелі көк кошқар, киелі көк бұқа деп ат қою салты болған.
Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Ұзақ сапар, қиын асу бел, барар бағыты дағдарсыз жолды төс табаны төрт елі, атан жүрер жер екен деп суреттесе, түйенің ауыр мінезін тыныштықтың, бейбіт тірлік қалпына балап, оның мінезінде көрініп қалар «жеңілдікті» жамандыққа жорып түйе ойнақтаса жұт болады деп бағалаған, күштілікті – нар жолында жүк қалмас, атан жілік жігіт деп, сұлулықты – бота көзді боз жігіт, бота көз ару деп суреттеген.
Қазақ халқының мінезі жылқы десе ішкен асын жерге қоятын халық. Жылқының дүбіріне, көліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпейтін қазақ баласы жоқ шығар. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден-бір нышаны болып саналған. Адам баласы өз жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеуі тек, қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі. Мысалы: ат құлағындай ойнайды – пысық, өте икемді, жеңіл. (атқа мінуге құмар кісі, шабандоз кісі туралы айтылады). Мысалы: Менің қызым бар, өздеріңдей оқыған бала. Бірақ … сен сияқты ер үстінде отыра алмайды емес, тіпті аттың құлағында ойнайды, асауды үйретеді. (Кеңесбаев); ат жақты бет әлпеті сопақша келген адам туралы айтылады. Мысалы: Столдың ана шетінде Мұратқа қарсы қарап, кішкене көзі моншақтай жылтыраған, денесі енді толыса бастаған, ат жақты, қара сұр аға лейтенент отыр; ат басын (тұмсығын) тіреді – қонақ болып түсті, белгілі бір межелі жерге келіп жетті, тоқтады. Мысалы: Абай аулынан кеткен бетінен қалаға бүгін жетіп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тіреген жері осы; ат басындай алтын көлемді, үлкен алтын. Мыс: Сен ертең де кел. Мен әкемнің қазынасынан ат басындай алтын, қой басындай ділдә алайын, сонан соң екеуіміз қашайық; ат басына күн туды - қиыншылық шақ келді, сыналар мезгіл болды. Мыс.: Ат басына күн туса, көксімдегі күй болар, көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар.
Төрт түліктің бірі – сиыр малы жайлы да тілімізде жеке атаулар мен сөз тіркестері, мақал-мәтелдерде едәуір: Сиырдың сүті тілінде, сиыр алсаң танып ал, танымасаң тарғыл ал, сиыр бақтым дегенше, сидан қақтым десеңші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет