Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


әдет-ғұрып, салт дәстүрге байланысты фразеологизмдер



бет20/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
работа

әдет-ғұрып, салт дәстүрге байланысты фразеологизмдер:

Адамзат өмірінің кез келген сәті, оның тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, салт дәстүрі, өмір сүру мәдениеті – барлығы тілінде көрініс табады. Жер бетіндегі ұлттар мәдениетінің бір-біріне ұқсамайтыны заңдылық. Себебі әрбір ұлттың өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүр секілді ұстанымдары болады. Осыған байланысты қазақ халқына тән қалыптасқан фразеологиялық бірліктер: Шашбауын көтеру, жыртысын жырту, қонақасы, қонақкәде, шаңырақ құру , қара шаңырақ; мал-жан аман болсын, ат шаптыру; ауылдың алты ауызы, шаңырақ түйе, бастаңғы. Ал ағылшын халқына тән фразеологиялық бірліктер: вy (немесе with) bell, book and candle, baker's dozen, good wine needs no bush, Rob Peter to pay Paul, sit above the salt, sit below the salt, an aunt Sally, put smb. in the cart, a strange bedfellow.
2) ұлы ақын шығармаларынан: Жергілікті ағылшын тілі фразеологизмдерінің көпшілігі көркем әдебиет шығармаларынан, әсіресе, Шекспирдің шығармаларынан алынған фразеологизмдер бірінші орында тұрады. Олар: A fool’s paradise, The green-eyed monster, A rose by any other name would smell as sweet, A foregone conclusion, A ministering angel shall my sister be, Come what come may, Milk of human kindness, Truth will out, What a piece of work is man; Ал қазақтың ұлы ақындарын еске алатын болсақ, ойымызға бірінші болып Абай түсетіні рас. Абай тіліндегі фразеологизмді жалпы халықтық тілден, сонымен бірге өзіне дейінгі ауызша әдеби тілден алып қолданған және ақынның өзі жасаған тіркестері деп бөліп қараған абзал. Ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған тіркестерді пайдалану жалғыз Абайдың емес, әрбір қаламгердің әдісі, бірақ, мұнда әр ақын-жазушының фразеологизмдерді таңдауы, құбылтуы, қолдану орны, жиілігі т.б. жағынан өзіне тән қолтаңбасы көрінеді. Мыс: көңілдің жайлауы, көңілге ажым салу, бойды ұрлау, иман жүзін тоздыру, жүрегін ұстап сату, ант шайқау ардан кету, тілге сөз түспеу, өтірікті судай ағызу, көңілі тірі, жан жалдау, көздің майы, сөздің майын аямау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет