1.6 Фразеологизмдердің түрлері
Фразеологизмдерге тән үш ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер, әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқалады. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады. Зерттеушілер В.В.Виноградовтың топтастыруын (классификациясын) негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен олардың құрамындағы сыңарлардың арақатысына қарай жіктеп бөлсе, басқалары құрылым-кұрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын кызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады [9]. Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді топтастыруда екі пікір бар: бірі - І. Кеңесбаевтың [11] топтастыруы, екіншісі – В. Виноградов [9] пен Н.М.Шанскийдің [10] үлгісі бойынша жасалған топтастыру. Бірақ, түптеп келгенде, фразеологизмдердегі компоненттердің мағына тұтастығына қарап, зерттеушілер В.В.Виноградовтың жүйелі топтауын басшылыққа алады [1].
Сөйтіп, қазақ тіліндегі фразеологизмдер де, өзге тілдердегідей:
фразеологиялық тұтастық (идиома);
фразеологиялық бірлік;
фразеологиялық тізбек болып негізінен үш топқа бөлінеді.
I. Кеңесбаев фразалық тұлғалардың басты үш белгісіне сүйене отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологизмдерді үлкен екі топқа:
• фразеологиялық түйдектер;
• фразеологиялық тіркестер деп бөледі.
Және дәстүрлі термин атауларына сай фразеологиялық түйдекке идиома сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады. Демек, бұл ішкі мағына тұтастығы толық сақталған фразеологиялық тұлғалар (идиомалар).
Ал фразеологиялық тіркестердің өзін екіге бөліп:
а) түйдек тіркеске – алғашқыда еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан туған, әрі о бастағы мағынасы жоғалмаса да көмескіленген деп, мынадай мысалдарды енгізеді: ернінен ене сүті кеппеген, пышақ кескендей тыйылу, табанын жалтырату т. б.
ә) түйін тіркеске – еркін тіркестің ауыспалы мағынада қолданылатын, бірақ фразеологизм сыңарларының бастапқы мағынасы көмескіленбей әнтек солғын айтылады деп, мынадай мысалдарды келтіреді: құмырсқадай құжынаған, көзді ашып жұмғанша, асқар тау, қыпша бел, т. б. (Кеңесбаев, 591).
Біздіңше, бұлай бөлу фразеологиялық тұлғалар классификациясындағы фразеологиялық бірлікті мағына, тұлға жағынан саралап жіктеу. Дей тұрғанмен, бұл мысалдар фразеологиялық бірлікте танылатындықтан, сол ыңғайда (бірлікте) қаралғаны жөн сияқты. Сол сияқты, фразеологиялық бірліктер қатарында қарастырылған «асқар тау», «қыпша бел» т.б. фразеологиялық тізбектер деп қарастырған орынды.
Фразеологиялық тізбек – бүкіл тұтас тіркестің беретін мағынасы тұрғысынан қарағанда, фразеологиялық бірліктердей емес, өзінің құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысты болады, солардың мағынасынан туындайды.
Бұл пікірлер К.Аханов [40], Ә.Болғанбаев [41] еңбектерінде кездеседі.
А.В. Куниннің ойынша фразеология лексикологияның бір бөлігі ретінде емес жеке лингвистикалық ғылым болуы керек деп есептейді. Ол фразеологиялық бірліктерді сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топтастырған [15].
П.Смиттің топтастыруына көніл аударатын болсақ, ол идиомаларды құстар, ауыл шаруашылығы және аспаздық деген сияқты шағын топтарға бөлген. Сондай-ақ спорт, өнер және т.б. тақырыптарына қатысты идиомаларды топтастырған. Бұл топтастыру кейде «этимологиялық» деп аталған. Бірақ бұл терминнің орынды қолданылғанын тура деп айтуға болмады, себебі біз сөз және сөз тіркестердің этимологиясы туралы сөз қылған кезде басқа да ақпараттарды көздейміз: сөз немесе сөйлем жергілікті әлде кірме болып табылады ма, егер соңғысы болса, онда, қайдан алынған, шығу тегі қандай деген мәселелер пайда болады. Смиттің басқа тілдерден келген кірме идиомаларына зерттеу жүргізгені белгілі, алайда бұл оның топтастыруының бір бөлігі ғана [16].
Профессор А.И.Смирнитский фразеологиялық бірліктердің структуралық топтастыруын сөздермен салыстыру арқылы жете зерттеген.
Ол бір топтық бірліктерді туынды сөздермен салыстыруды көздеген, себебі туынды сөздер бір түбірлі морфелардан тұрады. Сондай-ақ екі топтық бірліктерді қосымша сөздермен салыстырған, себебі қосымша сөздер, әдетте, екі түбірлі морфемалардан тұрады.
Бір топтық бірліктерге үш құрылымдық тип көрсеткен:
Units of the type “to give up” (verb + post position type ), e.g. to art up, to back up, to drop out, to nose out, to buy into, to sandwich in etc;
“To give up” (verb + post position type ) типінің бірлігі. Мысалы: e.g. to art up, to back up, to drop out, to nose out, to buy into, to sandwich in т.б;
«To be tired» типінің бірлігі. Құрылымы жағынан бұл бірліктер ырықсыз етіске ұқсайды, бірақ әр түрлі қосымшалармен қолданады, ырықсыз етісте тек “by” немесе “with” қосымшалары қолданылады. Мысалы: to be interested in, to be surprised at etc. Сондай-ақ, бұл типте сөз тіркестерінде кездесетін “to be young” сияқты типтерді еске түсіреді. e.g. to be aware of.
Бұлардың айырмашылығы сын есім “young” анықтауыш қызметін атқарады және сөйлемде қосалқы баяндауыш ретінде де қолданады,
Бұлардың айырмашылығы сын есім “young” атрибут ретінде қолданыла береді, бұл жағдайда зат есім ғана қосымша баяндауыш болатынына қарамастан, “young” сын есімі сөйлемде қосымша баяндауыштың қызметін де атқарады. Бұл бірліктерде етістік грамматикалық орталық болса, екінші компонент семантикалық орталық болады.
Бұл бірліктер өзгермейтін сөздердің баламасы болып табылады: көмекші сөздер, жалғаулықтар, үстеу; сондықтан да бұларда грамматикалық орталық болмайды, олардың семантикалық орталықтарына зат есімдер жатады. Мысалы: on the doorstep (quite near ), on the nose (exactly ), in the course of, in time, on the point of және т.б. Қолдануына байлансты бұл бірліктер сөздерге айналады: tomorrow, instead.
Бұл екі-топтық бірліктер ретінде А.И.Смирнитский келесі структуралық типтерді көрсетеді: анықтауыш - зат есім: a month of Sundays, grey matter, a millstone round one’s neck және т.б. Бұл типтің бірліктерде зат есімнің баламасы және толығымен немесе жартылай идиоматикалық болып есептелінеді.
Жартылай идиоматикалық бірліктерде (phrasisms) кейде бірінші компонент идиоматикалық болып табылады, e.g. high road, басқа жағдайларда екінші компонент идиоматикалық, e.g. first night. Көп жағдайда екі компонент те идиоматикалық, e.g. red tape, bed of nail, shot in the arm және тағы басқа.
Етістік – субстантивтік фразеологиялық бірлік. Мысалы: to read between the lines, to speak BBC, to sweep under the carpet etc. Бұл бірліктердің грамматикалық орталығы етістік, семантикалық орталығы көп жағдайларда субстантивтік компонент. Мысалы: to fall in love.
Кейбір бірліктерде етістік грамматикалық та, семантикалық та орталық бола алады: not to know the ropes. Бұл бірліктер толығымен идиомалық бола алады: to burn one’s boats, to vote with one’s feet, to take to the cleaners’.
Бұл типке ең жақын бірлік ол сөз тіркестері: to have a glance, to have a smoke. Бұл тіркестер идиоматикалық емес, грамматикада арнайы синтаксистік байланыстырушы аспектісі ретінде қолданылады [42].
Достарыңызбен бөлісу: |