Дипломдық ЖҰмыс «5В020500- «Филология»


Түс көру тәсілінің теориясы және әдебиеттану ғылымында зерттелуі



бет6/12
Дата16.12.2022
өлшемі125,75 Kb.
#163032
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
stud.kz-92858

1.2 Түс көру тәсілінің теориясы және әдебиеттану ғылымында зерттелуі
Адамзат жаратылғалы бері өзін-өзі тануға деген талпыныс толастаған емес. Адам баласының табиғи, биологиялық, физикалық, психологиялық сезімдік құбылыстарын әрбір ғылым өз саласы бойынша зерттеді. Әдебиет адамтану ғылымы деп есептелініп, адамзаттың «сүю, күю үшін, азап шегу үшін жаралған» (Ж.Аймауытов) жұмбақ әлемі жан-жақты зерттеле бастағалы қашан. Адам психикасы, оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарында жан талдау тәсілін тудырып, адам мәселесін тереңдей зерттеуге зейін қоя бастады.
Көркем шығарма дәлдігі – адамның ішікі әлемін, құпия-қалтарыстарын нақты бейнелеуінде. Жазушы кейіпкерінің ішкі әлемін, рухани өмірін, кейіпкерінің әрбір іс-әрекетінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда зерделей-зерттеп, жан-жақты талдап жазғанда ғана психологиялық шығарма талабына сәйкеседі. Ұлы суреткер М.Әуезов айтқандай нағыз көркем прозаға «...психология араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы» екендгі күмәнсіз [18, 129]. Олай болса ең алдымен әдебиеттегі психолгизм не дегенге жауап іздер болсақ, әдебиеттегі ұғым-түсініктер сөздігіне сүйенеріміз хақ. «Литературная энциклопедия терминов и понятий» атты сөздікте: «Әдебиеттегі психологизм – шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, тоғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальді түрде бейнелеу», - делінген [19, 835]. Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы ішкі ой-толғаныстары әрдайым өзгеріп, іс-әрекет, сезім қайшылықтарын тудыратын психологиялық құбылыстарды тереңдетіп, күрделендіре бейнелеу психологизмнің табиғатын айқындап берері хақ. Белгілі әдебиеттанушы ф.ғ.д Б.Майтанов: «...психологизм сөз өнерінің тектік белгісі...қаһарманның рухани әлемін, жын сырын жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы...», - дейді [20, 4]. Психологизм көркем әдебиеттегі психологиялық талдау өнері өрісінде жинақталған ранаулы бейнелеу құралдарының көмегімен кейіпкердің сезімін, ойын, толғанысын тереңдетіп, жан-жақты суреттеп, оны эстетикалық биік деңгейге көтеріп, көркемдік құндылыққа қол жеткізу болып табылады.
Психологизм тек көркемдік жетістігі жоғары, шығарманың эстетикалық әлемін кейіпкердің ішкі жан дүниесін тереңдей талдап, тану арқылы рухани құндылық деңгейіне қол жеткізетін психологиялық прозаға ғана тән көркемдік талап. Психологизм екі түрге бөлінеді. Бірінші, кең мағынадағы психологизм, бұл барлық әдеби шығармаға тән. Екінші, тар мағынадағы психолгизм, жеке адам тағдырына тереңірек үңіліп, рухани әлемді егжей-тегжейлі бейнелеуге ерекше көңіл бөледі. Шынында да шығарманы психологиялық тұрғыдан талдап зерттемей, адам психикасына тереңдей енбей, оның табиғатын, сезім құбылыстарын сезініп, жазу мүмкін емес және оны тану да неғайбыл. Адамның сезімдік құбылыстарын сырттай қызықтап, баяндап беру қара сөзге ғана тән құбылыс. Осы ретте А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты теориялық зерттеу еңбегінің «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деген тарауында толғауға анықтама бере келіп, олардың жанрлық ерекшелік сипатына берілген теориялық тұжырымы қара сөз бен дарынды сөздің айырмашылықтарын ажыратып береді. «Қара сөзден адам тек ұғым алса», «дарынды сөз» адамның ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді». Міне, психологиялық прозаның басқа көркем прозадан басты айырмашылығы – адам баласына тән жан құбылыстарын, ішкі және тысқы сезім түзілістерін тереңдей зерттеп "ойға өң, көңілге күй" түсіріп, толғай және толғана білуде болса керек. Олай болса психологизм дегеніміз – кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналы мен бейсаналы, өмір мен өлім, т.б. арасындағы ымыраға келмейтін мәңгілік құндылықтар айында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл – психологиялық туындыға қойылар басты шарттың бірі.
Көркем шығармадағы психологизмнің табиғатын танытар психологиялық талдаудың тәсілдері сан алуан, - деп атап көрсетеді Л.Гинзбург, атап айтсақ, автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері – бейвербалды ишараттар, сыртқы қимыл көріністері т.б. бәрі автордың аналитикалық талдауы арқылы беріледі. Олардың ішінде кейіпкердің ішкі монологы, ішкі сөзі ерекше орын алады .
Демек, автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы ішкі монолог, ішкі сөз, сана тасқыны, түс көру секілді аналитикалық принцип арқылы берілсе, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері – бейвербалды ишараттар, сыртқы қимыл көріністері, көркемдік деталь, заттық әлем, психологиялық орта т.б. секілді динамикалық принцип ретінде көрінеді. Алайда осынау күрмеуі қиын күрделі мәселенің шешуі – қай жазушының өз кейіпкерінің ішкі өміріне, рухани әлеміне қалай енуі арқылы көрінеді. Міне, осы жерде олардың өзіндік, стильдік ерекшеліктері айқындалады.
Адамның мінез-құлқын, кісілік келбетін, табиғи болмыс-бітімін, жан-жүйені сана түкпіріндегі ессіздік психикасымен тікелей байланыста қарайтын психологиялық талдау – психологиялық романның ең басты қолданатын көркемдік тәсілі.
Эпикалық жанрдың бір түрі – психологиялық романның ерекшелігі де міне, осында, адамның жан дүниесін, ішкі сезім құбылыстарын, қоғамның қайшылықтарын «жақсы» мен «жаман» категорияларының қақтығыстары, ой ағымдары мен қиял жұмыстары арқылы талдап, зерттеуінде жатыр.
Адам табиғатына тән жұмбақ жаратылысты, ой мен сезім арасындағы қайшылықтарды, көп қабатты қалтарыстар мен іс-әрекеттердегі күтпеген құбылыстарды қадағалай зерттеу – психолог жазушының төл міндеті. Адам жанын жете әрі тереңдей зерттейтін адамтану ғылымы, сөз өнеі А.Байтұрсынов анықтап берген үш негізге сүйенеді: "1.Ақылға. 2.Қиялға. 3.Көңілге.
Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын қғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, толғау" [21, 27]. Осы аталған үш негіз – адамның жан жүйесін, (Ж.Аймауытов) санасын зерттейтін жазушылардың объектісі. Ақыл, қиял, көңіл терең зерттелмей, адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне тереңдей ену мүмкін емес.
Адамның көзбен көріп, құлақпен естігені санада сүзгіден өтіп, мидағы сигнал, еріксіз іс-әрекет арқылы сыртұа сезіледі. Бұл әрине Абай Құнанбаев айтқан: "бірі – тән, бірі - жан" арқылы жүзеге асатын табиғи құбылыстар.
Бұл жөнінде Ш.Құдайбердиев былай дейді:
«Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуімен мидағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман әр істі сол тексермек» [22, 55].
Осы орайда «...психологизмді әрі-беріден соң ойлану, түйсіну, пайымдау – типтерінің бірі деуге келеді» /Б.Майтанов/.
Бұл жерде көз жеткізер бір мәселе – өзге жанрлардан гөрі көркем прозада адамның ішкі жан дүниесіне тереңдеп баруға, оларды жан-жақты бейнелеп, тануға, сөйтіп шығарманың эстетикалық әлемін айқындауға мүмкіндіктің молдығы. Сонымен қатар психолгизмнің өзіндік көркемдік әлемі, яғни поэтикасы бар. Ең біріншіден, психологизмнің бейнелеу тәсіліне психологиялық талдау мен өз-өзін талдау жатады. Психологиялық талдауда бейтарап баяндаушы әңгімелесе, өзін-өзі талдауда көбіне бірінші жақтан баяндалады. Десек те, психологизмнің ең алдыңғы қатарда тұратын тәсілі – ішкі монолог. Жалпы шынайы көркем туындыға тән өмірлік шындықты көркемдік тұрғыдан нанымдылықпен бейнелеп тануда, шығарманың эстетикалық әлемін айқындауда әдеби психологизмнің атқарар ролі зор. Жоғарыда аталған психологиялық прозада қолданылатын әдеби тәсілдер көркем туындының композициялық, стилистикалық, дыбыстық, ырғақтық баяндау элементтерін ерекшелендіріп, кейіпкердің психологиялық жағдайы мен автор сөзін анықтап, нақтылайды.
Әдебиеттің өзі адамтану ғылымы екендігін ескерсек, көркем шығармадағы адамның есті-ессіз іс-әрекеттерін, жан құбылыстарын, сезімдік түзілістерін психологиялық талдау тәсілі ғана жете бейнелері хақ.
Ұлттық көркем сөз өнерінде XX ғасырдың басынан бастап бүгінгі кезеңге дейін өсіп-өркендеу сатыларынан өтіп кемелденген психологиялық шығармаларды бір жүйеге түсіріп, әдеби теориялық тұрғыдан талдап, ғылыми айналымға ендіру ұлттық әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті мәселенің бірі. Жалпы көркем әдебиетке тән кең мағынадағы психологизм жүйесінен өзгеше бағыттағы адамның ішкі өмірін терең кестелейтін психолгиялық шығарма табиғаты мен оның арнаулы психологиялық бейнелеу тәсілдері арнайы зерттеу объектісіне айналатын кез келді. Қазіргі көркем прозадағы психологизмді нақты үш мәселе – түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем тұрғысынан талдап қарастыру қажеттілігі туындайды.
Әдебиеттегі психологизм – динамикалық, аналитикалық және синкреттік болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың бәрі көркем шығармаға тән тәсілдер. Сол себепті де психологиялық прозаның басқа жанрлардан қандай айырмашылықтары бар деген қарапайым сауал туары сөзсіз. Және жанрдың өзі – өнердің көп қырлы, жан-жақты категориясы. Онда әдебиеттің әр түрлі әдістері мен көркемдік тәсілдері көрініс табады. Ал, жанрға тән нақтылық – шығарманың белгілі бір жанр аясында жазылатындығы.
Психологиялық шығарманың өзіне ғана тән жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктері:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнде ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды.
Психологиялық бейнелеу құралдары:
Бірінші – психологиялық бейнелеудің «тура» түрі, бұл кейіпкердің жан дүниесін көркемдік таным тұрғысынан танып-білу, яғни ішкі сөз, қағытпа түрі, өзін-өзі бақылау, ойша елестету, ішкі монолог, еске алу және елестету т.б. арқылы психологиялық талдау жасау.
Екінші – психиканы берудегі сыртқы психологиялық қимыл-көріністерге – бейвербалды ишараттарға мән беру, оның басқа да түрлерін қолдану болып табылады.
Үшінші – осы екі тәсілді тұтастандыра беретін авторлық психологиялық баяндау.
Дәл осындай теориялық тұжырымды А.Байтұрсынов дарынды сөзде былай деп береді: «Ақындар ғалымдар сияқты уақиғасын яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттауға тырыспайды... Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғарымында суреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды. Сөйтіп шығарған сөзі, көркем сөзі шығарма болады дей келе, оларды 1.Әуезеленіп айтылуына қарай. 2.Толғанып айтылуына қарай. 3.Ғаламдап айтылуына қарай» үшке бөледі.
«Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқарғы ғаламда болған істі әңгіме қылады.
Ақын әуезе түрінде сөйлегенде уақиғаның ішінде өзі болып, басынан кешірегн адамша сөйлемей, тек сыртта тұрып баяндап, уақиғаға көз салған адамша, хатта біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып көрсету тысқарғы түрде айту болады» [23, 122].
А.Байтұрсынов әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан психологиялық бейнелеу тәсілін ұлттық сөз өнерінде дәйекті түрде қолдана білген.
Сөйлеу, ойлау жүйесі арқылы ішкі сезімді суреттеу – тура тәсіл болса, екіншісі – жанама, яғни кейіпкердің психикасы мен санасындағы процестер тікелей бейнеленбей, тек сыртқы іс-әрекет, дене кескіндегі мимикалық қозғалыстар, сыртқы көріністер арқылы айшықталады.
Жазушы кейіпкерінің ойы мен сезімін оқырманына жеткізудің тағы бір тәсілі – оның жан дүниесінде жүріп жатқан психологиялық процестің атын атап, түсін түстеу арқылы беру болып табылады. Бір сәттте болған психологиялық жағдайды әр жазушы әрқалай бейнелей алады. Олардың қолданатын көркемдік тәсілдері де алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығындағы» тәтті түс көріп жатқан Күнікейді оятқан шешесіне деген наразылығын былай бейнелейді: «Ұйқылы-ояу жатып қолымен екі-үш рет сипаса да ақыры оятты. Күнікей «құрып қалғырлап» кейіп оянды, өйткені бір тәтті түс көріп жатыр еді» [24, 47]. Бұл – атын атау арқылы қыздың ренішін беріп отыр. Мұнда кейіпкердің кейігені, соған қатысты жан дүниесіндегі сезімдік құбылыстар жан-жақты бейнеленбейді. Ал, тап осы сәтті – қыздың шешесіне деген наразылығын сыртқы реніштің белгілері: көз жасы, қас-қабағын түю, үнсіз қасарысып жатып алу т.б. секілді сыртқы детальдар(психологиялық, физиологиялық, мимикалық) арқылы да айшықтауға болар еді. Бұларды психологиялық бейнелеудің жанама түріне жатқызуға болады. Тап осындай психологиялық жағдайды психологиялық бейнелеудің тура түрі арқылы да беруге болады. Алайда, қаламгердің қалауы бойынша ол көрініс бейтарап бақылаушы тарапынан баяндалып отыр.
Негізі психологиялық шығарманың жанрлық, стильдік ерекшелігін ашатын көркемдік бейнелеу құралдары – ішкі монолог, монолог, ойлау, қиялдау, ой-түйсік, ес, еске алу, елес, елестету, түс-сандырақ, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі талдау т.б. психология ғылымына да тән категориялар. Алайда, көркем туындыдағы бұл категориялар әдеби тұрғыда көркемдік тәсілдер, адам жанын талдаудың таптырмас құралы ретінде қарастырылса, жантану ғылымында адамның жан жүйесінің заңдылықтарын зерттейтін категориялар болып табылады. Сондықтан да көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғарғы эстетикалық әлемі мен рухани құндылық деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.
Адамның үнемі қозғалыста болатын жан құбылыстарын зерттейтін жантану ғылымының де негізгі ұстанған нысанасы – психологиялық талдау жасау, яғни «жан талдау».
Психологизм жүйесін құрайтын арнаулы психологиялық бейнелеу тәсілдерінің бірі – аналитикалық принципке қарайтын түс көру тәсілі. Түс көру тәсілінің дәстүр мен жаңашылдық категориялары барысындағы фольклорлық жанрлардағы қолданылуы мен оның шығарма сюжетін, композициялық құрылымын, көркемдік ерекшелігін, кейіпкер характерін ашудағы атқарар ролі өте зор.
Түс көру – әдеби, өнер талпыныстарында әуел баста бейсаналы түрде пайда болып, кейінірек өзіндік мазмұнға ие болған көркемдік тәсіл. Түс көруге байланысты қазақтың ұлттық этнопсихологиясында қалыптасқан түс жору, аян беру, түс садақасы, түс құдайысы, түс сатып алу т.б. секілді ұғым-түсініктердің әдебиеттегі орны да ерекше. Әдеби шығармадағы Түсімел (Оғыз-қаған жырында), Мыстан кемпір, Пірлер, Әулие бабалар, Киелі батырлар, Аруақтар, Қызыр, Қыдыр т.б. секілді арнайы түс жорушы, аян беруші кейіпкерлерден өзге де әр батырдың өзінің жеке әулие-бабалары, аталары, туғандары, жеңгелері, жарлары да т.б. батырлар жырында түс жорушы кейіпкер қызметін атқара береді. Тарихи жырларда міндетті түрде көпті көрген көсемдер, ақылды қария, би-шешен, ақыын-жыру, кемеңгер кеңісшілер жоритын болған.
Түс көрудің әдеби тәсіл ретіндегі поэтикалық қуаты мен көркемдік ролін арттырған жазушылар түс көру тәсілінің сан алуан түрлерін дүниеге әкелді. Түс көрудің мындай бірнеше түрлерін анықтауға болады:
1) сәуегей түстер – бұлар аян берілетін түстер. Діни дастандағы Пайғамбарлар түстері.
2) коллективтік (ұжымдық) түс – батырлық эпос жанрындағы бір отбасы мүшелерінің бәрі бір күнде, бір мазмұнда көретін түстер.
3) сериялы түстер – бірнеше бөлімнен тұратын сериялы түс. Оған I түнде III бөлімнен тұратын ғалым, ойшыл Декарттың 1619 ж. көрген түсі жатады. Онда математика мен физика саласындағы методикалық жаңалықтарын ойлап тапқан. Н.Г.Чернышевскийдің «Что делать?» романындағы Вера Павловнаның сериялы түстері.
4) эротикалық түстер. «Қаралы сұлу» /М.Әуезов/, Кіші ханым түстері /Ә.Кекілбаев/.
5) ойсыз түс немесе түсініксіз түстер /Ә.Нұрпейісов/.
6) түс иллюзия(алдану) М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Абайдың түстері.
7) тоқырау түстер Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы Әміршінің түстері.
8) жайсыз түс Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі Жөнейттің түстері.
9) бұлдыр түс. Елес-түс. Ж.Аймауытовтың «Елес» әңгімесі.
10) кіреукелі түс, таңғажайып түс Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілектің Ұрқияға айтқан түсі.
11) символдық түстер, кілең ишара, нышанға құрылған Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарындағы Абылай ханның түстері [25, 25].
Міне, бұлардың бәрі түс көрудің әр жазушының кәсіби шеберлігіне сәйкес өсіп-өркендегенінің , көркемдік әлемінің жан-жақты байытылғандығының куәсі. Фольклорда стадиялық түрде танылып, символика, мотив деп қарастырылатын түс көруді жазушылар көркем прозадағы сана астарын тереңдей зерттейтін ең тиімді де күрделі көркемдік тәсіл деп танып, кеңінен қолданады. Психолог жазушылардың жиі жүгінетін түс көру тәсілінің көркемдік міндеті мен қызметі ерекше.
Көркем шығармада түс кейіпкердің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан нанымды әрі дәл беру үшін, әр кезеңнің өзіндік дүние танымына орай фантастикалық, мистикалық, лирикалық, комедиялық немесе гротестік эффекті, акцент береді. Жалпы түс көру тәсілі құпия қалтарысы мол ішкі жан дүниеге тереңдей еніп, кейіпкердің күрделі де жұмбақ табиғатын ашудағы, оқиға шешімін табудағы, жазушы шеберлігін танытудағы тиімді тәсіл.
Түс көрудің қосалқы компоненттері сандырақтау, елес, елестету, есеңгіреу, шатасу, галлюцинация, т.б. өң мен түс, өмір мен өлім аралығындағы жан азабын, шекаралық шақты бейнелейді.
Түс – көркем шығармада шартты нәрсе. Алайда ол шарттылық кейіпкердің характерлік және шығарманың жалпы мазмұн мәнінің логикасына, сюжеттік стерженіне қайшы келмейді. Түс – көркем шығармада информациялық, сәуегейлік, символдық, архетиптік, мифологиялық, психологиялық, психоаналитикалық, медициналық, эстетикалық, философиялық т.б. көркемдік қызметтер атқарады.
Түстің көркем шығарманың сюжеті мен композициясындағы алар орны ерекше. Көркем шындық пен өмір шындығын шебер сабақтастыратын түс көруді талдаудың көркемдік әлемі түсті танумен оның мағыналық мәнін анықтайды.
Түстің поэтикалық қуаты, көркемдік кеңістігі мен мүмкіндігі мол, кейіпкердің ішкі иірімдерін бейнелеуде спецификалық ауқымы кең, мағыналық, философиялық атқарар ролі зор.
Түс – көркемдік кілттің оқыс жағдайда табылуына дәнекер бола біледі.
Қаламгер қиялына ерік беретін түс көру сәтіндегі патопсихологиялық түзілістерді (жылау, үрку, қара терге малшыну, шошыну, бастырғылу т.б.) физиологиялық, физиономиялық өзгерістер мен сезімдерді суреттеу психологиялық шығарманың негізгі міндеті.
Әлем ойшылдары мен әдебиеттанушы ғалымдары түс көру тәсілінің табиғаты мен тылсым сырына, онирикалық поэтикасына, эзотериялық сезімдік-эмоционалдық құбылыстарына көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің түс көру сәтіндегі сана астарына ену арқылы психологиялық күрделі ахуалды зерттеуге мүмкіндік алған. Айталық, фольклортанушы ғалымдар батырлар мен ғашықтық эпостардағы міндетті түрде орындалуға тиісті сәуегей түстер туралы жазса, психолог-этнограф ғалымдар түстің табиғи құбылыс екендігін, оның адам өмірі мен таным-түсінігіндегі екі әлем, екі түрлі сана жөнінде ой қозғайды. Әдебиеттанушы ғалымдар болса, көркем прозадағы түс көру тәсілі арқылы фантастикалық сарынды баяндауға енгізу, галлюцинациялық сәттердің кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік қызметі, саналы, бейсаналы, жарым-жартылай саналы сезімдік құбылыстардың, күрделі психологиялық жағдайлардың жүзеге асырылуы, т.б. секілді психологиялық процестерге аналитикалық талдау жасап, теориялық тұжырымдар түйіндейді.
Біздің төл әдебиеттану ғылымында түс көру тәсілі жөнінде көркем прозадағы психологизм мәселелері сөз болған кездерде бірлі-жарым пікірлер айтылып жүр. Мәселен, Б.Майтанов: «М.Әуезов психологизмнің мән-мағынасын тану үшін шығармадағы түс көру, соған қатысты әсер бөлісу мезеттеріне тоқтала кету артық емес. Ұзақ эпопея бойында шалқар тарих қойнауын бейнелей отырып, далалық тұрғындар тіршілігінде жиі орын алатын діни-мифтік, этнографиялық салт-сананы қағажу етіп, сыртқа тебу шындыққа жанаспас еді» – деп [26, 97] "Абай жолы" роман-эпопеясындағы түс көру тәсілдеріне ғылыми талдау жасаса, ал А.Ісімақова монографиялық еңбегінің «Экзистенциальная проблематика возврашенной литературы» атты тарауында түс көру тәсіліне мынадай ғылыми сараптама береді: «Ж.Аймауытовтың шығармаларында алғаш рет психологиялық романға тән түс – көркемдік тәсіл ретінде қолданылды. «Елес» әңгімесінде түс тереңдетіле әрі басқаша тұрғыдан талданады. Романдағы түс – басқа шындықтың куәсі, онда автордың бақылауы бар да, кейіпкердің еркі мен қатысы шамалы...»[27, 114].
Ж.Аймауытовтың көркемдік жүйесінде алғаш рет эстетикалық құндылыққа жеткізілген түс көру тәсілін ғалым жоғары бағалайды.
Сондай-ақ сыншы Т.Тоқбергеновтың «Кемел шақ» атты сын мақаласында Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалаған тарғыл төбетіндегі» түс көру мен Э.Хемингуэйдің «Теңіз бен шалдағы» түстерді өзара салыстыра отырып, түс көру тәсілінің психологиялық талдау өнеріндегі алар орны жөнінде әдемі ой өрбітеді. Алайда, сыншының екі шығармадағы түс мазмұнын баяндаумен шектеліп қалуы өкінішті [28, 138]. Біздіңше мұндағы кемшілік көркемдік мүмкіндігі мол, әдебиетке қандай да бір фантастикалық сарынды да жасқанбай ендіре алатын түс көру тәсілінің табиғи әрі психологиялық, философиялық, символдық міндетін сыншының «менсінбеушілігінен» туындап жатқан секілді.
«Түс аяны» атты кітапшаға жазған алғысөзінде Ж.Дәдебаев былай дейді: «Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің басты салалары ғылымда толық зерттеліп болған жоқ. Елдің түс жору салтының байымдалу жайы туралы айтсақ, ол XX ғасырдың кейінгі 90 жылы бойына арнайы мақала көлемінде де әңгіме арқауы бола алмады [29,3], ғалым ақиқатын айтыпты.
Біз төл әдебиетіміздегі ғана емес, өзге де ел әдебиетіндегі түс көру тәсілінің зерттелу барысына көз салсақ көркемдік бейнелеу құралының бұл түріне мән бермеушілік аңғарылады. Мәселен, орыс әдебиеттану ғылымында түс көру тәсілі жөнінде 1990 жылы Самарқанда қозғалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет